8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет47/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

 
Қосымша тапсырма 
1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау. 
2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс 
дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер 
жазғызу.
2-сабақ. Көтерілістің жеңілу себептері, салдарлары және маңызы.
сабақтың мақсаты. 
7.3.1.6 - ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру
зерттеу сұрағы
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын қандай ортақ идея біріктірді?
Оқулық
1836—1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі. 
102—110 беттер. 
Тірек сөздер: Ақбұлақ, Баймағамбет Айшуақұлы, Қайыпқалы Есімұлы, 
Шерғазы сұлтан.
ресурстар


44
Халық тарих толқынында. Ғылыми серия:мақалалар жинағы.-Т.І-2. - 
Астана,2013.
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан 
отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. - Алма-
ты,2016.
Көрнекілік
Көтерілістің соңғы кезеңін Ақбұлақтағы шайқасты бейнелеген карта
көтерілісті көрсететін телефильмдерден үзінділер. Оқулықтың 105, 106, 107, 
109, 110 беттеріндегі суреттер.
Мақсатты айқындау
Мұғалім кіші жүзде кеңінен тарала бастаған Исатай мен Махамбет бастаған 
халық көтерілісінің қаһарынан қаймығып, басып тастауды көздеген шараларға 
барғанын, дайындығы жеткіліксіз болған көтерілісшілердің жазалаушылар 
отрядына қарсы күресте, Тастөбе түбінде жеңіліп қалуы көтерілістің кейінгі 
барысына кері әсерін тигізгенін, Ақбұлақта көтерілісшілердің соңғы шайқасы 
өрістегенін және ақырында көтерілістің жеңіліп қалғанын, бұл жеңілістің 
салдарлары мен тарихи маңызын нақты деректерге сүйене отырып, түсіндіреді.
Дамытушылық маңызы
. Исатай мен Махамбет бастаған Бөкей Ордасындағы 
көтерілісте орын алған қателіктер мен кемшіліктердің қазақтардың кейінгі 
жылдары болған басқа ұлт-азаттық қозғалыстарда да кездескенін, отар-
шыл империяға қарсы күрес ұйымшыл болғанда ғана жеңіске жететінін 
оқушыларға ұғындыру.
Тәрбиелік мақсаты
. Бөкей Ордасындағы Исатай мен Махамбет бастаған 
көтеріліс халықтың ғасырлардан бастау алатын еркіндік және әділеттілік 
үшін күресінің жалғасы болып саналады. Бұл дәстүр мұғалімнің қызықты 
баяндауының арқасында оқушыларға рухтандырушы әсер беріп, олар-
ды халықтың ерлік дәстүрлерінің тәжірибесі негізінде халықшылдыққа 
тәрбиелеуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет