68
бір үзікке кем жабылған. Қыстық киіз үйлерді кейбірі екі киіз үзікпен
жапса, кейбірі киіз үй сыртын қамыспен қаптаған. Қыста киіз үйді қоңыр,
сұр киізбен, жазда ақ киізбен жапқан”, – деп киіз үйдің мерзімдік сипатын
берген. Ал О.Шкапский: “Байлар киіз үйдің сыртынан қыс уақытында тағы
бір қабат киіз жабады, кедейлер болса қамыс жабады...”, деп киіз үйдің
мерзімдік жабдықталуының әлеуметтік сипатын көрсеткен. Л.Мейер “қыс
кезінде де киіз үйде тұруды жалғастырып, жылы болу үшін екі қабат киіз жа-
уып, етегін қамыс, құммен бастырған”, – деп қыс кезінде үйлердің қамыспен
жабылғандығын тағы да растайды (Картаева Т. Қыстық атақоныс. Взаимо-
действие природы и общества в кочевой цивилизации народов Центральной
Азии. /Сборник научных трудов. Алматы, 2015. 133 бет).
Деректі оқи отырып, ертеде дәстүрлі қазақ ауылдарында киіз үйдің қыс
кезінде де тұрмыстық баспананы қамтамассыз еткенін айтыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: