А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка



бет64/92
Дата31.12.2019
өлшемі8,57 Mb.
#54151
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   92

КИНО ЖƏНЕ МУЗЫКА
Қазақ мультфильмдерінің музыкасы

Сабақта:



  1. Қазақстанның мультфильмдерінің музыкасымен та-нысамыз;

  2. Осы бағытта жұмыс істеген композиторлардың шығармашылығын танимыз;




  1. Қазақ мультфильмдерінің даму кезеңдеріне шолу жа-саймыз;

  2. Мультипликация терминдерімен танысамыз;




  1. Мультфильмдерге жазылған шығармалардан үзінді тыңдаймыз.

Мультфильмдерде орындалатын музыканы анима-циялық музыка деп атайды. Ол латынша anime, яғни жан



деген мағынаны білдіреді. Суретке жан бітіріп, əр түрлі кейіпкерлердің сөз көмегінсіз-ақ мінездемесін музыкалық құралдармен жеткізу – анимациялық музыканың міндеті. Демек, анимациялық фильмдердегі саз өнерінің маңызы зор.




Қазақ анимациясының тарихы 1967 жылы режиссер Əмен Хайдаровтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» фильмінен басталды. Бұл картина қазақ анимациясының осы кезеңдегі (1967–1991) көркем тəсілдерінің негізін қалады. Оған музыка жазған атақты күйші, дирижер Нұрғиса Тілендиев ұлттық нақыштағы музыканы басы-нан аяғына дейін қолданды. Егемендік алғанға дейінгі анимациялық фильмдердің қалыптасу жəне даму тари-хын аңыздар мен ертегілер, жырлар желісімен түсірілген фильмдер құрады. Олардың қатарында «Ақсақ құлан» (Режиссёр – Ə.Хайдаров, композитор – Н.Тілендиев. «Казахфильм», 1968) мультфильмін ерекше атаған жөн. Кейін пайда болған күнделікті өмір тұрмысы жайлы жəне сатиралық мазмұндағы мультфильмдер («Ұл бала мен жын» (композитор – Н.Тілендиев. «Қазақфильм», 1974 ж.), «Жынның ғарышта басынан кешкендері» (композитор – А.Луначарский. «Казахфильм», 1974 ж.) халық ертегілерінің əсемдік пен үйлесімділікті паш еткен ертегілік əлеміне қарама-қарсы қойылды. Осы ебедейсіз кеңестік фильмдердің шыңы – шығыстық анекдот пен əфсаналардың кейіпкері «Қожанасыр – құрылысшы» (композитор – Н.Маңғытаев. «Қазақфильм», 1967) фильмінде айқын көрініс табады. Қожанасыр азиялық, европалық жəне қытайлықтардың кеңесін тыңдап, тұруға мүлдем жарамсыз күрке салады. Ең соңында Қожанасырдың салған жаңа, Кеңес одағының типтік көп қабатты үйі ғана əр түрлі ұлт өкілдерінің бақытты өмір сүруіне мүмкіндік туғызады. Мұндай идеологиялық мағынадағы фильмдер ХХ ғасырдың 70–80-ші жылдары-на тəн болды. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Ақсақ





102 103



құлан», «Байлық пен даналық» (композитор – Н.Тілендиев. «Казахфильм», 1977 ж.) фильмдеріндегі үздіксіз орындала-тын музыканы, əдетте, Н.Тілендиевтің жетекшілігіндегі ұлт аспаптар оркестрі орындайтын еді.
«Ақсақ құлан» фильмінде домбыра толыққанды басты кейіпкердің қызметін атқарады. Керісінше, симфониялық
оркестрдің аспаптары қазақ мультфильмдерінде


жағымсыз кейіпкерлер атынан немесе қайғылы,


драматизмге толы
сəттерде қолданылды. Бұл мультфильмдердегі жеке дауысты домбыра – бейбітшілік, мейірімділік жəне басты кейіпкерлерді сипаттайтын қуатты құрал

еді.
Мысалы, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» фильмінен бастап домбыра басты жағымды кейіпкер – Қарлығашты сомдауға қатысса, ал оған қарсы қатігез – Маса – еуропалық скрипка дауысымен бейнеленеді. Осы кезеңнің анимациялық фильмдеріне музыка шығарған сазгерлердің қатарында Нұрғиса Тілендиевтен басқа, Кеңес Дүйсекеев, Əсет Бейсе-уов, Балнұр Қыдырбек, Ермек Өміровті атауға болады.




    • ғасырдың 90-шы жылдардың басында экономика-лық жəне саяси себептермен байланысты болған аздаған тоқырау кезеңінен соң, фольклорлық уақиға желісімен түсірілген фильмдер («Түйе бойына сеніп, қапы қалыпты»

– 1993 ж., «Ай мен тігінші» – 1993 ж.) халық ертегілерін толық баяндағандықтан, анимацияның бастапқы даму кезеңіне қайтып оралумен ерекшеленді. Бұл фильмдердегі музыка да кеңестік мультфильмдердің үрдісін ұстанды.



2000 жыл Қазақстан анимациялық өнерінің жаңа


даму деңгейін анықтады. Саны өскен картиналардың басым бөлігінің қиял ғажайып жəне жыр дəстүрімен байланыстылығы көңіл аудартады. Олардың қатарындағы «Алпамыс батыр» (2007 ж.), 2010 жылы «Бөгенбай ба-тыр», «Қамбар батыр», «Қанатты барыс», 2010 – 2014 жылдар аралығында түсірілген «Ер Төстік» мультсериал-дары, «Azia-animation» студиясы түсірген «Алпамыс ба-тыр», «Қыз Жібек» мультфильмдері болды. 2010 жылы 3D-анимация техникасымен түсірілген тұңғыш кассалық фильм «Ер Төстік» те ертегілік жыр үлгісімен түсірілді. Бұл жаңғырған ұлттық сананың көрсеткіші еді. Анимациялық фильмдердегі музыка кеңестік дəуірдің тəсілдерімен бірге, ұлттық дəстүрге де ерекше ден қойды. Мысалы, ба-сты кейіпкердің белгісі домбыра болса, симфониялық ор-кестр аспаптары жағымсыз кейіпкерлер мен драмалық жағдайларды, қазақтың ұлт аспаптары бейбітшілік пен байтақ дала картиналарын бейнеледі. Десек те, ұлт аспаптрының қолданылу аясы едəуір кеңейе түсті. Мəселен, қобыз таңғажайып, тылсым күштермен байланыс тұрғысынан тəржімаланды. Бұл əдіс 90-шы жылдардағы Кеңестік дəуірдің мультфильмдеріне тəн еді («Үш ше-бер» фильмінде ағаштан қызды тірілтіп жонып алған үш шебердің дауысы, ал «Түйе бойына сеніп қапы қалыпты» мультфильмінде қобыз дауысы Əлемдік тауда жиналған аңдарға Тəңірі үкімінің дыбыс бояуы). Жырдың дəстүрлі мақамы қолданылған «Мұңлық – Зарлық» (Режиссёр – Б.Дауренбеков, композиторы – А.Дүйсен, Р.Шыныкулов. «Сак-киностудия», 2010 ж.) мультфильмінің кіріспесіндегі






Каталог: arc -> attach
attach -> Конкурс: «Жас ғалымдар»
attach -> Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолымен, шығармашылығымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі
attach -> Ән – көңілдің ажары. Ән салатын киелі мекен – сахна. Әлемді тыныштықта мейірімділік пен махаббат тербейді. Қазақтың ән өнері, тіл байлығымыздың кеңдігі секілді өзінше бір әрі мен нәрі бойына тараған қазақы иісі бар, ән әлемінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет