1. АҚТҚ қандай жолдармен жұғады? • АҚТҚ-мен зақымданған донордың қанын құйғанда немесе мүшелері мен ұлпаларын салғанда.
• Қан тамырларына есірткілерді енгізген кезде ине мен щприцтерді бірге қолданғанда.
• Медициналық манипуляциялар кезінде залалсыздандырылмаған құралдарды пайдаланғанда.
• Жыныстық қатынас арқылы.
• Анадан балаға (жүктілік кезінде және баланы емізгенде).
2. АҚТҚ қандай жағдайда жұқпайды? — Қол алысып, құшақтасқанда;
— Ыдыс-аяқтан, тамақтан, дәретхана заттарынан;
— Төсек жабдықтары мен киімнен;
— Темір және қағаз ақшадан;
— Су мен ауадан;
— Ойыншықтардан, қолданыстағы заттардан;
— Есік тұтқасы мен көліктегі ұстағыштан;
— Жәндіктердің шағуынан;
— Моншада, саунада, бассейінде;
— Бой жазу, т.б.