117
экономикалық жаңғырту бойынша іс-шаралар кешенінің үлгісі құрастырылды.
Бұл үлгі қаланың әлеуметтік-экономикалық өмірінің әртараптануына, қаланың
тұрақты дамуына алғышарт бола алады.
Зерделеу барысында алынған
нәтижелердің әлеуметтік-экономикалық география пәнін оқытудағы маңызы
зор.
4.
Қалалар еліміздің және дүние жүзінің әлеуметтік-экономикалық
өмірінде маңызды рөл атқаруымен айшықталады. Бәсекеге қабілетті қоғам
құру, ақпараттық-технологиялық жетістіктер, инновациялық шешімдерге
негізгі сұраныс қалаларда қалыптасуда. Бұл - қалалар географиясына ерекше
мән берудің қажеттігін көрсетеді. Осы орайда,
ЖОО-ның география
мамандықтарында оқитын білім алушыларға арналған «Геоурбандалу»
элективті пәнінінің мазмұны қайта құрылымдалып, оқу-әдістемелік кешені
әзірленді. Әлемдегі және еліміздегі қалалар дамуының тенденцияларын, негізгі
фактілер мен трендтерді басшылыққа ала отырып, пән мазмұны жасақталды.
Урбандалу процесін әр қырынан түсіндіретін теориялық ұстанымдар,
ақпараттық картографиялық және графикалық материалдар, ГАЖ сыныбында
орындалатын практикалық жұмыстар, яғни құрастырылған көрнекіліктер мен
тапсырмалар білім алушылардың пән мазмұнын терең игеруіне мүмкіндік
береді.
5.
Моноқалалардың инновациялық даму үрдістерін мектеп географиясында
оқытудың әдістемелік негізі жасалды.
Қалалар географиясын немесе
урбандалған аумақтарды мектеп географиясында оқытудың мазмұны
құрастырылды. Кешенді мазмұндық блоктардан құрылған бұл жүйе - кез-
келген қаланың географиясын оқытуға негіз бола алады. Негізгі мақсаты -
оқушылардың сабақтан тыс уақытта ғылыми-теориялық білімін, танымдық
ынтасын, шығармашылық-зерттеушілік қабілеттерін дамытуды көздейді.
Аталған мазмұн мен алға қойған мақсатты орындау үшін «Қалалар
географиясы» факультативтік сабағының тақырыптық күнтізбелік жоспары
жасалды. Аймақтық компонент ретінде құрастырылған бұл жоспардың
мазмұны жаңартылған мазмұндағы білім берудің
мақсат-міндеттерімен толық
сәйкес келеді. Осы орайда, оқушылардың шығармашылық-зерттеушілік
қабілеттерін дамытуға қатысты зерттеу жобасының үлгісі жасалды. Үлгі біздің
зерттеу жұмысымызға негіз ретінде алған моноөндірістік қалалар мысалында
орындалды. ГАЖ-технологияларын пайдалану арқылы орындалған жобалық
жұмыста
«Текелі және Жезқазған
қаласы аумақтарын функционалдық
зоналарға бөлудің үлгілері
» және «Текелі және
Жезқазған қалаларының табиғи-
экологиялық каркасының жобалық үлгілері» жасалды. Біз ұсынған жобалық
үлгі – оқушылардың ғылыми
зерттеу жұмыстарын орындауға, қалалардың
болашақ жасыл даму үлгісіне, қалаларды экологияландырудың заманауи
принциптеріне алғышарт бола болады.
6.
Қазақстан
моноқалаларының
инновациялық
даму
үрдістерін
географияда оқытудың әдістемесі ГАЖ-технологияларын пайдалану негізінде
орындалды. ГАЖ-технологиялар – оқытушылар мен білім алушылардың
бірлесіп, шығармашылықпен нәтижелі жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін
заманауи ақпараттық-бағдарламалық кешен. Алдымен, бұл технологиялардың
118
ерекшелігі, қызметі, мүмкіндіктері секілді деректер талданды. Оқыту үдерісін
технологияландыру, қоғамды цифрландыру міндеті тұрған қазіргі уақытта,
білім беру ісінде де осындай әмбебап бағдарламалық технологияны пайдалану -
мемлекеттің стратегиялық жоспарларының жүзеге асуы деп білеміз. Осы ретте,
инновациялық ГАЖ-технологияларының көмегімен
моноқалалардың даму
үрдістеріне қатысты инфографикалар, карталар сериясы құрастырылды және
кешенді ақпарат беретін мәліметтер базасы құрылды. Атқарылған жұмыстар
тәжірибелік-эксперименттік топтарға арнайы тапсырмалар беру арқылы жүзеге
асырылды. ГАЖ-технологиялары көмегімен қол жеткізілген нәтижелер
экспериментік топ жұмысының жақсарғанын, бағдарламаның тиімділігін
көрсетті. Бұл біз ұсынған озық инновациялық технологиялардың географиялық
білім берудегі нәтижелілігін көрсетеді және білім алушыларды жүйелі жұмыс
жасауға тәрбиелейді.
Достарыңызбен бөлісу: