Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Холецистографияға науқасты дайындау



бет185/216
Дата15.04.2022
өлшемі0,57 Mb.
#139423
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   216
Байланысты:
Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х

Холецистографияға науқасты дайындау
Өт қабын және өт жолдарын рентгенологиялық тексеру – бұл бауырдың йод құрамды заттарды бөлу қабілетін тексеру. Холеграфия контраст затты (билитраст, холевит,селектан, теленак және т.б.) ауыз арқылы енгізуге негізделген.
Мақсаты: өт қабының және өт жолының ұзындығын, көлемін, кұрамын және функциясын, орналасуын анықтау, өт қабы ағымының өтуін анықтау.
Көрсетім: өт қабының және өт жолдарының аурулары.
Қарсы көрсетім: жіті бауырдың қабыну аурулары, геморрагиялық диатездер, йод, тиреотоксикоз препараттарына жоғары сезімталдық.
Асқынулар: йод препараттарына аллергиялық әсер, құсу, жүрек айну, дәрі қабылдағаннан кейінгі сұйық дәрет
Жабдықталуы: ауыз арқылы контраст зат (1 г 20 кг дене салмағына), тәтті шай, 20 г сорбит, анафилактикалық шок кезінде көмек көрсетуге арналған жиынтық, жолдама (тексеру әдісін, науқастың аты жөнін, жасын, мекен жайын немесе ауру тарихының нөмірін, диагнозын, тексеру күнің көрсетіңіз), Холеграфияны дәрігер жүргізеді.
Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа (немесе оның жанұя мүшесіне) алдағы тексеру туралы мәлімет беріңіз.
2.Науқастан тексеруді өткізуге келісімін алыңыз.

  1. Науқасты контрастты зат қабылдағанда болатын жүрек айну және сұйық дәрет туралы ескертіңіз.

  2. Науқасқа тексерудің таңертең ашқарныға өткізілетінін айтыңыз.

  3. Науқас тексеру алдынан емдәмді сақтайды клетчатка аз құрамды (орамжапырақ, көкөністер, нан)

  4. Тексеру алдынан науқас 17-19 сағатта (Р,5 г) әрбір 10 минут сайын тәтті шаймен контраст затты қабылдайды.

  5. Науқасты рентгенологиялық кабинетке ауру тарихымен апарыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет