Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Асқынулар: йод препараттарына аллергиялық әсер Жабдықталуы



бет187/216
Дата15.04.2022
өлшемі0,57 Mb.
#139423
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   216
Байланысты:
Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х

Асқынулар: йод препараттарына аллергиялық әсер
Жабдықталуы: дәрігердің тағайындауымен контраст парентеральдық зат, көк тамырға егу жасауға жабдықталған лоток, анафилактикалық шок кезінде көмек көрсетуге арналған жиынтық, натрий тиосульфатының ерітіндісі 30% (арнайы йод құрамды контраст заттарға арналған антидот), жолдама (тексеру әдісін, науқастың аты жөнін, жасын, мекен жайын немесе ауру тарихының нөмірін, диагнозын, тексеру күнің көрсетіңіз).Пиелографияны дәрігер жүргізеді.
Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа (немесе оның жанұя мүшесіне) алдағы тексеру туралы мәлімет беріңіз.

  2. Науқастан тексеруді өткізуге келісімін алыңыз.

  3. Тексеру алдында 3 күн бұрын науқастың тамақтану рационынан газ жинайтын тағамдарды (көкөністер, жемістер, сүт, қара нан, жеміс шырындарын) алып тастаңыз.

  4. Тексеру алдынан кешке (22 сағат ) және таңертең 1,5-2 сағат ( науқасқа тазарту клизмасын «таза су» қойыңыз.

  1. Науқасқа тексерудің ашқарынға өткізілетінін ескертіңіз (соңғы тамақ қабылдау тексеруден 18-20 сағат бұрын). Таңертең тексеру алдынан тамақ, сұйықтық, дәрі қабылдамау керек, шылым шегуге егу жасауға т.б болмайды.

  2. Тексеру алдынан 1-2 сағат бұрын контрастты затқа сезімталдыққа көк тамырға 1,0 мл жылытылған t°- 37°C контраст затты енгізіңіз.

  3. Науқастан тексеру алдынан қуықты босатуын сұраңыз.

  4. Науқасты белгіленген уақытта ауру тарихымен рентгенологиялық кабинетке апарыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет