Науқасқа сорбит ерітіндісін (20 грамм қайнаған суға) беріңіз.
Белгілі уақыт аралығында науқасқа рентген кабинетінде суретке түсіру орындалады.
Рентгенологиялық зерттеу кезінде мейірбике рентген кабинетінен шығады.
12.Тексеруден кейін науқасты палатасына апарыңыз.
Пиелографияға көк тамыр (экскреторлық) науқасты дайындау Бүйрек және зәр шығару жолдарын рентгенологиялық тексеру – контраст затты (урографин, верографин,триобраст және т.б.) парентеральдық жолмен енгізуге негізделген.
Мақсаты : диагностикалық: зәр жүйесі мүшелерінің орналасуын анықтау, бүйректердің ұзындығын және көлемін бағалау, функционалдық қабілетін анықтау (контраст заттың жиналу және бөлінуі бойынша), зәрдің өтуін анықтау.
Көрсетім: бүйректің және зәр шығару жолдарының аурулары.
Қарсы көрсетім: жіті бүйрек ауруы, геморрагиялық диатездер, йод препараттарына жоғары сезімталдықтың болуы, тиреотоксикоз, бүйрек жұмысының жетіспеушілігі.