Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Рентгенологиялық кабинеттегі мейірбикенің іс әрекет алгоритмі



бет188/216
Дата15.04.2022
өлшемі0,57 Mb.
#139423
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   216
Байланысты:
Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х

Рентгенологиялық кабинеттегі мейірбикенің іс әрекет алгоритмі :
9.Науқасқа көрсетімді сурет орындалады, мейірбике бұл кезде рентген кабинетінен шығады.
10.Дәрігердің тағайындауымен көк тамырға 20-50 мл жылытылған t°- 37°C 8-10 минут жылытылған t°- 37°C контраст зат енгізіледі.
11. Белгілі уақыт аралығында науқасқа сурет сериялары орындалады.
12.Сурет өткізімі кезінде мейірбике рентген кабинетінен шығады.


XIII. ЗОНД АРҚЫЛЫ ЖАСАЛАТЫН ЕМШАРАЛАР
Асқазанды жуу
Мақсаты: асқазанды босату
Көрсетім: тамақтан, дәріден, алкогольден және т.б уланулар.
Қарсы көрсетім: ойықтар, ісіктер, асқазан-ішек трактісінен қан кету, бронхиалды астма, ауыр жүрек патологиясы.
Жабдықтар:

  1. Ұзындығы 100-200 см ұшының 2 жанында 45, 55, 65 см аралықта ойылған сопақша тесігі бар, жуан асқазан зонды;

  2. Ұзындығы 70 см залалсыздандырылған резеңке түтік, диамтері 8 мм залалсыздандырылған біріктіргіш шыны түтік;

  3. Сыйымдылығы 1 л залалсыздандырылған оймыш;

  4. Залалсыздандырылған вазелин майы;

  5. Жуынды суға арналған шелек;

  6. 10-12 литрлік шелектегі бөлме температурасындағы су, литрлік кружка;

  7. Резеңке қолғаптар мен алжапқыш.

ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеу;

  2. жууға жүйені жинаңыз: зонд, қосылғыш түтік, резеңке түтік, оймыш;

  3. өзіңіз және науқасқа алжапқыш кигізіңіз, науқасты отырғызыңыз;

  4. қолғап киіңіз;

  5. зондты залалсыздандырылған вазелин майымен немесе жылы сумен сулаңыз;

  6. науқас тілінің түбіне зондтың ұш жағын салыңыз, мұрын арқылы терең дем ала отырып жұтыну қимылын жасауын сұраңыз;

6)науқас жұтыну қимылын істегеннен кейін зондты өңешке итеріңіз;
7)зонд қажетті көрсеткішке жеткен соң (енгізілген зонд ұзындығы: бойы –100 см), оймышты науқастың тізесіне дейін түсіріңіз;
8)оймышты қиғаш ұстап тұрып, оған 1 литр су құйыңыз;
9) науқастың басынан 30 см жоғары оймышты ақырын көтеріңіз;

  1. оймыштағы су азайған кезде төмен түсіріңіз, оймыштың бетіне дейін жуынды су шыққан кезде ғана шелекке төгіңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет