Аса қауіпті ауру қоздырғыштарының таралуынан болатын тж
Аса қауіпті ауру қоздырғыштарының таралуынан болатын ТЖ.
Сулейман Демирел Университеті
SDU
Қаскелен 2014
Жоспары:
Аса қауіпті жұқпалы аурулардың түрлері.
Аса қауіпті ауру қоздырғыштарының таралуы
кезіндегі халықтың іс-әрекеті.
Аса қауіпті жұқпалы аурулар
Аса қауіпті жұқпалы аурулар адам организміне қоздырғыш микробтың
енуінен пайда болады.
Жұқпалы аурулар - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше «миазма» — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында әр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды.
Жұқпалы аурулар - вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды. «Іnfесіо» деген латын сөзі «ластану» дегенді білдіреді. Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды. Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз көре алмайсыз — ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.
Жұқпалы аурулар туралы деректер ертеден белгілі болған. Ежелгі грек ғалымы Гиппократ, орта ғасырлық ғалым Әбу Әли ибн Сина өз еңбектерінде кейбір аурулардың науқас адамнан, жануарлардан жұғып, тез таралатыны, оған көзге көрінбейтін “миазмалар” себепкер болатыны туралы айтқан. 19 ғасырда бактериология, микробиология және иммунология ғылымдарының дамуы Жұқпалы ауруларды толық зерттеуге мүмкіндік берді. Әсіресе, француз ғалымы Л.Пастер, неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910), орыс ғалымдары И.И. Мечников (1845 – 1916), Н.Ф. Гамалея (1859 – 1949), т.б. еңбектерінің маңызы зор болды.
Ауру қоздырғышына әр түрлі патогенді микроорганизмдер (мыс., бактерия, вирус, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, риккетсия, микоплазма, хламидия, т.б.) жатады. Бұлар адам организміне әр түрлі жағдайда енеді. Мысалы, іш сүзегі, паратиф, дизентерия, т.б. – су, тағам, шыбындар арқылы; тұмау, қызылша, дифтерия, т.б. – ауру адамнан; әр түрлі тері дерттері – ауру адам мен жануарлардан; бөртпе сүзек, кене энцефалиті, безгек – сау адамға ауру адамнан (жануарлардан) қан сорғыш буынаяқтылар (мысалы, бит, безгек масасы, кене, т.б.) арқылы; сондай-ақ құрсақтағы анасының қанымен жұғады. Жұқпалы аурулар жасырын (инкубациялық), күмәнді (продромалдық), ауру дамуы және айығу (реконвалесцениттік) кезеңдерінен тұрады. Әрбір кезеңнің өту мерзімі аурудың түріне, организмнің жағдайына байланысты болады. Жұқпалы аурулардың белгісінің анықталуымен-ақ санитарлық-эпидемиология стансаларға хабарлануы тиіс. Науқас адам ауруханаға алынып, аурудың түріне қарай емделеді. Жұқпалы аурулар клиникалық медицинаның арнайы бір зерттейтін саласы болғандықтан – бактериология, вирусология, иммунология, эпидемиология, паразитологиямен тығыз байланысты.
Жұқпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады.
Қоздырғыш микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады (індет).
Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохеталар, саңырауқұлақтар болуы мүмкін. Олардың өмір сүріп, көбейетін жері —адам немесе мал ағзасы, сондыктан адам жұқпалы көзі болып табылады.
Микроорганизмдер топырақта, суда, ауада, кездеседі. Ауыл шаруашылығында,тамақ өнеркәсібінде, медицинада олар азотпен, көміртегімен, сутегімен және табиғаттағы басқа да элементтермен шеңберлі айналымға қатысады.
Ауылшаруашылығында, тамақ өнеркәсібінде, медицинада қолданылатындармен қатар адамдарда, хайуанаттар мен жәндіктерде ауру туғызатын түрлері де кездеседі. Бұл микробтар патогендік, яғни ауру тудырғыш атауына ие болды. Ауру туғызбайтын және сыртқы ортада өмір сүретін микроорганизмдер сапрофиттер деп аталады.
Жұқпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Олар: а) ішектің; б) жоғарғы тыныс жолдарының; в) қанның; г) сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |