Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет38/83
Дата15.03.2023
өлшемі1,83 Mb.
#172607
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   83
Байланысты:
9 2 ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ (1)

SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 
35 
Ғалым Немат Келімбетовтың сөзінше, «Шәді Жәңгіров үлкенді-кішілі он сегіз 
дастан-поэма қисса хикаят, бір сыпыра өлең-жыр жазып бастырған» дейді. (3) 
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында кітаби ақын Шәді Жәңгірұлының 
шығармашылығына тоқталған, арнайы зерттеу жүргізіп, «Шәді ақын» атты еңбегін жазған 
Немат Келімбетов. Ол Шәдінің өмір тарихы мен әлеуметтік көзқарасына ерекше көңіл 
бөлген. Одан басқа, ақынның өмірі мен шығармашылығын зерттегендер қатарында Ә. 
Қоңыратбаев, Б. Кенжебаев, Р. Бердібай, Ө. Күмісбаев, У. Қалижанұлы бар.
Ақынның бес дастаны, «Назым Чаһар дәруіш» («Төрт дәруіш»), «Хикаят Уәрәқа-
Күлше», «Қисса Бәрсиса», «Россия патшалығындағы Романов нәсілінен хұқмыранлық 
қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырыншылық заманынан бері қарай қазақ 
халқының ахуалы», дастандарынан терең, жан-жақты талдаған Немат Келімбетов оның 
шығармашылығындағы эволюцияны көрсете біледі.
Шәді - Ислам тарихын жетік білген ақын. Оның діни дастандары Алланың қасиетті 
кітабы Құранмен, Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерінің желісіне құрылғанын «Хайбар» 
дастанынан байқауға болады.
Ал «Харун ар-Рашид» және «Атымтай» жайлы дастандарында Шығыс әдебиетіне 
тән жомарттылық, сақилықтың іздері білінеді. «Атымтай» - діни хикаяларда пайғамбар 
заманынан бірнеше жыл бұрын өмір сүрген «Тай» тайпасының «Жомарт адамы».
Ақын жомарттықтың белгісі ретінде «Атымтай» шығармасын жазса, оған мүлде 
ұқсамайтын, керісінше сараңдарды мұқату мақсатында «Камалхан деген патшаның 
уақытында болған оқиғалар» деген туындысын жазған. Шығармадағы басты кейіпкер - 
Бақыл. Ал оның есімі араб тілінде «сараң» деген мағынаны білдіреді.
Шәді Шығыс әдебиетіндегідей әділдікті бейнелейтін «Ескендір Зұлқарнайын» 
туралы да шығарма жазған. Ә. Қоңыратбаев «Ескендір Зұлқарнайын» мен «Хикаят Әмір 
Хамзаны» оның алғашқы туындыларына жатқызады. (9) 
Алайда ол Ескендір Зұлқарнайынды қалай сипаттағаны белгісіз. Себебі 
шығарманың түпнұсқасы табылмады. Мұны Немат Келімбетов растады.
Бұдан басқа, ақын әйел мәселесіне ерекше ден қойған. Оның «Орқа-Күлше», 
«Назым Чәһар дәруіш» секілді туындыларында әйел тағдыры, шынайы махаббат мәселесі 
қозғалған. Ол «Беташар» шығармасында жаңа түскен келінге бірнеше кеңес береді.
Құлағыңды салып тыңдап тұр,
Келінжан менің тілімді 
Әдепті жолын үйренбекке,
Жас кісіге ілімді.
Айтқанымды ұғарсың, 
Егер болсаң сәлімді.
Ақылсызға айтқан сөз,
Далаға кеткен шығынды.
Бәрі саған керек іс 
Тыңдаса кейін жарамды.
Жермен қосып айтамын
Бар насихат-сырымды. (6,15) 
«Назым Чәһар дәруіш» дастаны - гуманистік сипаты мол, адами қабілетіне шексіз 
сенім білдіретін, шынайы достықты, іргелі ынтымақ пен ыстық махаббатты, адамдықты, 
қысқасы, адам бойындағы асыл қасиетті жыр еткен шығарма», - дейді Немат Келімбетов. 
(3) 
Ал «Орқа-Күлше» дастанында өмір түрлі қиындықтан тұратынын кейіпкерлері 
арқылы көрсетіп, қысқа өмірде жақсылыққа, бақытқа, ізгілікке ұмтылу керегін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет