Атырау мұнай және газ институты


Дуализм – теңқұқылы бастаулардың рухани және материалдық субстанциялары деп санайтын философиялық ілім



бет3/30
Дата10.12.2016
өлшемі3,72 Mb.
#3588
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Дуализм – теңқұқылы бастаулардың рухани және материалдық субстанциялары деп санайтын философиялық ілім.


Дүниетаным - қоршаған орта туралы танымдар мен түсініктер, көзқарастар жүйесі.

Идеализм - философияның негізгі мәселелерін шешуде материализмге қарсы бағыт.

Имманеттік сын - идеяларды және олардың өзіне тән шарттарға сүйене отырып сынау.

Индетерменизм - дүниедегі құбылыстардың объективтік себепті байланысын теріске шығаратын философиялық ілім.

Интуитивизм - қазіргі философияда кең өріс алған ілім.

Иррационализм - адамзат танымының мүмкіндігін, ақыл-ой танымдық қабілетін жоққа шығаратын философиялық ілім.

Категориялар - заттар мен құбылыстардың елеулі жақтарын, белгілерін бейнелейтін жалпы ұғымдар.

Кеңістік пен уақыт - бүкіл әлемнің, матермя болмысының объективті өмір сүру формалары.

Классификация - белгілі бір принциптер негізінде ғылымдар арасындағы өзара ішкі байланысты ашу және логикалық жағынан негізделгенін көрсету.

Конструктивистік әдіс - ғылыми теориялардың дедуктивті құрылымының бір түрі.

Концептуализм-схолостикалық философияның бір бағыты.

Космологиялық ілімдер - аспан әлемінің және ондағы денелердің, аспан жүйесінің дамуы туралы зерттейтін ғылым.

Логикалық позитивизм – 20 ғ. 20-шы жылдарында пайда болған неопозитивтік ағым.

Локаята -Үнді философиясындағы материалистік ілім.

Материализм - идеализмге қарсы бірден-бір ғылыми философиялық бағыт.

Материя - санадан тыс өмір сүретін объективті шындықты танып білетін философиялық категория.

Мифология - ерте дәуірдегі халық творчествосының бір түрі.

Наитивизм - ақиқатты іздніссіз, тылсым күш арқылы ашуға болады деп сендіретін танымның діни түрі туралы идеалистік ілім.

Натурфилософия - табиғат философиясы, қоғам дамуының қажеттіліктері натурфилософияның қозғаушы күші болып табылады.

Неопозитивизм – 20 ғ. пайда болған субъективті-иделистік бағыт,

Онтология – болмыстың ғылыми тұрғыдағы теориялық сипаты.

Позитивизм – батыс философиясындағы сценистік үрдіс.

6

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
Прагматизм – классикалық философияның абстрактілігін сынау.

Персонализм – тұлғалық философия.

Реализм – дүниедегі заттардың шынайылығы мен ақиқаттылығын растайтын философиялық бағыт.

Рационализм – философиядағы нақтылық ұғымы.

Сенсуализм – сезімдік философиясы.

Структурализм – философиялық еңбектерді әдістемелік маңызда және құрылымдық негізде түсіндіру.

Сана – ойлаудың ең жоғарғы формасы, қоғамдық сананы билеу құралы.

Таным – адамның дүниеге деген тарихи дамып отыратын әлеуметтік-мәдени қатынасы.

Теология – дін туралы ғылым.

Табиғат философиясы – адам мен табиғат арасындағы байланысты айқындайтын философиялық ілім.

Утопия – Т. Мор мен Т. Кампанелла бастаған әлемнің теңдігі туралы реалсыз ойлар.

Үшінші позитивизм – неопозитвизм немесе сараптаушы философия.

Феноменология – Гуссерль негізін салған ғылымның шуғу тегі туралы ілім.

Фальсификация – ғылымдағы ақиқатты теорияларды терістеу.

Футурология – болашақты болжау туралы ғылым.

Экзистенциализм - өмір туралы философия.

Эмперизм – ағылшындардың ағартушылық философияны дамыту үшін негізге алып қолданған ілімі.

7

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

Курстың мақсаты мен міндеті
Философия- бүкіл ғылыми жүйелердің көкесі.

Философия- «даналыққа құштарлық» дүниетанымды қалыптастыруға, дүниеге, адамға деген обьективтік көзқарс, дүниенің мәні, оның танылуын, ақиқат, білім негізінде дәлелдеп, жаңаша бағыт идеяларды қалыптастыруға жетелейді.

Осы курсты аяқтағаннан соң студенттер білуге міндетті:


  • дүниеге оң позитивтік көзқарас;

  • өз елінің мәдениеті мен философияның бүкіл әлемдік кеңестікпен үндестігі;

  • қоғамда болып жатқан процестерді терең түсіну және ойластыу;

  • өз елінің көзі ашық, көкірегі ояу азаматы болуы тиіс;

  • сонымен қатар, қазіргі озық ойлармен идеяларды, технологиялардың меңгеруі тиіс;

  • халықтар арасындағы бірлікті, бауырластықты сыйлай білу, үлкендерге деген зор ілтипатты қалыптастыру, бағалау т.б.

Жалпы философияны оқыту барысында студенттердің адам болмысының мәні проблемасына дүниетанымдық көзқарастың қалыптасуы, адамзаттық өркениетке ұмтылыс, болашаққа деген нық сенім қалыптасуы міндетті.

Осы пәнді игеру арқылы, алғаш білімдерді басқа оқытылатын пәндерді меңгеруге қадам болады. Саясаттану.Әлеуметтану. Құқық негіздері. Тарих т.б.


8

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет