«Құрмалас сөйлемнің көп құрамды түрлері» тақырыбы бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – A 2 –E 3 –C 4 –B 5 –B 6 –A 7 –A 8 –E 9 –E 10 – B
«Тыныс белгілері-1» тақырыбы бойынша
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
Жақша ішінде нүкте қойылу себебін анықтаңыз.
A) Жай сөйлемнен кейін.
B) Автор түсінігі ретінде айтылған ремаркадан кейін.
С) Хабарлы сөйлемнен кейін.
D) Драмалық шығармада кейіпкер атынан соң.
Е) Бұйрықты сөйлем соңында.
Жалпылауыш сөзге қатысты тыныс белгіні табыңыз.
А) Жанат орын ұсынып еді,- отырған жоқ.
В) Балалар, аманбысың шырақтарым.
С) Ата қоныс – ата мекен.
D) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Е) Ол ол ма, одан да бетері бар.
Қос нүкте қойылмайтын жерді көрсетіңіз.
А) Салдар мәнді сөйлемнен кейін.
В) Автор сөзінен кейін.
С) Бірыңғай мүшелердің арасына.
D) Жалпылауыш сөзден соң.
Е) Түсіндірмелі салаласта.
Көп нүкте қойылатын жерді табыңыз.
А) хабарлы сөйлемнен кейін.
В) Ойға тосын, өте алшақ нәрсе қосылса.
С) Төл сөзден кейін.
D) Белгілі бір сөздің орынсыз айтылғанына таңырқау мәніндегі сөзден соң.
Е) Сан, уақыт ,кеңістік мөлшерінің аралық шегін көрсету үшін сөзаралығында.
Көп нүкте қай сөзден кейін қойылатынын анықтаңыз.
Еліңнің анық көшін бастайын жолың даңғыл болсын да.
А) Сөйлем алдынан D)“Еліңнің” сөзінен кейін
В) “Бастайтын” сөзінен кейін Е) сөйлем соңында
С) “Жолың” сөзінен кейін
Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз.
Сәкен, таң жарқырап атып келе жатқандай, шаттана ұмтылмақ.
A) Бағыныңқы сөйлемнің екі жағына
B) Қаратпа сөзден кейін
C) Бірыңғай мүшелер арасында
D) Оңашаланған айқындауыштың екі жағына
E) Қыстырма сөздің алдына
Қай мысалда үтір қойылуы қажет?
А) Аса тілеулес ағасы Абай оның алдынан шықпайды және ешкімге бетін де қақтырмайды.
В) Сабырлы Олжабектің сасқаны сонша орнынан атып тұрды.
С) Кенжебек Асқардың шақыруымен келіп отыр.
D) Әр адамның бағасына бір ғана өлшеуіш бар ол – өнімді адал еңбек.
Е) Біресе бір адым озып кетеді біресе кейін қалып қояды.
Жетпей тұрған тыныс белгісін табыңыз.
Халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлері:
а) тұрмыс-салт жырлары
ә) мақал-мәтелдер, жұмбақтар
А) Үтір D) Тырнақша
В) Қос нүкте Е) Жақша
С) Нүктелі үтір
Қысқартылған түрінде қандай тыныс белгісі жетпей тұрғанын көрсетіңіз.
Ахмет Байтұрсынов (А Байт)
А)тырнақша В)жақша С)үтір D)сызықша Е)нүкте
Қай қатарда нүкте қойылмайды?
А) т.б. , т.с.с. D) Ғ.М. , Ғ. Мұст.
В) Б.Ұ.Ұ. , м. , v. Е) “Қ.Ә.”, “П.”
С) ж. , сағ. , мин.
Достарыңызбен бөлісу: |