Сабақтың басы
5 мин
|
«Зейінін шоғырландыру» Қайырлы күн тілеу.
Күн шуағы
Қол ұстасып бәріміз,
Жылылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік.
– Балалар, көңіл күйлерің қалай? – Керемет! (бас бармақпен көрсету)
– Сабаққа дайындықтарың қалай? –Тамаша! (алақан шапалақтау)
– Ынталарың қалай? – Ғажап! (қол көтеру)
Үй тапсырмасын сұрау. 37- жаттығу 92 бет
Сөйлемдерді оқып, сын есімдерді табу.
Үлкен кісі бастар, кіші кісі қостар.
Жақсы бала- қуаныш, жаман бала-өкініш.
Қант тәтті болады, бұрыш ащы болады.
Ақылды ойлап түйгенін айтады, ақылсыз шала-пұла білгенін айтады.
Оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстыру.
Оқу мақсатын таныстыру
Күтілетін нәтижені анықтау
|
Ширату жаттығуын орындайды.
Мағыналы сөздерді тауып, тақырыпты шығарады. Сұрақтарға жауап береді.
|
Ауызша мадақтау
|
|
Сабақтың ортасы
30 мин
|
38-жаттығу. (Ұ) Мəтінді оқу.
Дескриптор :
Мəтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қояды.
Мəтінде кездескен жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен қарайды.
Тоқтар Əубəкіров туралы ақпараттарды дереккөздерден алады.
39-жаттығу. (Ө; Ж) Мақалдардың қатесін түзеп, көшіріп жазу.
Жаңа ақпарат.
Мағыналары бір-біріне қарсы сын есімдерді қарсы мəндес сын есім деп атайды. Мысалы: қалың – жұқа.
40-жаттығу. (Ж) Өлеңді оқып, жатқа жазу.
.
42-жаттығу. (ауызша) Сын есім екенін дəлелдеу.
Берілген сөздердің сын есім екенін дəлелдеп, оларға қарсы мəндес сын есім табу.
43-жаттығу.
Саралау тәсілі «Қарқын» арқылы жүргізіледі.
Қарқынды оқушыға:
Мағынасы жуық сын есімдерді бір бөлек, қарсы мəндес сын есімдерді бір бөлек топтастырады
Сабақты қорытындылау.
Сонымен, біз бүгін не туралы айттық?
Қарсы мәндес сын есім деген не?
|
Дескриптор:
Мақалдардың қатесін түзеп, көшіріп жазады.
Ондағы сын есімдерді табады.
Мақалды көркем жазады.
Оқушылардың бас əріп пен кіші əріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу жəне таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.
Мақалдың мағынасына талдау жасап, өз пікірін білдіреді.
Дескриптор
Оқушылар өлеңді оқып, жатқа жазады.
Қарсы мəндес сөздерді тауып, астын сызады.
Каллиграфиялық нормаларды сақтап, жазу техникасын жетілдіреді.
|
|