Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қаланың халқы үш есеге артты. Аз уақытта қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді.
Ірі спорттық кешендер:
«Астана-Арена» стадионы – 30 000 орынға арналған.
Республикалық велотрек (Қазақстан) – 8 000 орынға арналған.
Жабық конькимен сырғанау стадионы – 8 773 орынға арналған.
«Қазақстан» спорт сарайы – 4 050 орынға арналған, 1 000 тұрып тұруға арналған орын.
Қаланың көрнекті жерлері:
Ақ Орда–Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.
Бәйтерек монументі – Астананың символы және басты көрікті жері.
Тәуелсіздік сарайы – дипломатиялық және басқа да халықаралық маңызды кездесулер өткізетін орын.
Бейбітшілік және келісім сарайы – әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының конгрессі өтетін жер.
Хан Шатыр – ірі сауда, ойын-сауық орталығы.
«Шабыт» шығармашылық сарайы – қаланың мәдениет және өнер орталығы.
«Қазақ елі» монументі – Қазақстан Тәуелсіздігінің символы.
Есте сақтаңдар!
Тоғыспалы ықпал деп - әркелкі дыбыстар қатар келіп тоғысып, екеуі де бірін-бірі еркін билей алмай, басқа дыбыстарға ауысып кетуін айтады.
Тоғыспалы ықпал заңдылықтары:
Сөз ішінде немесе сөз аралығында н дыбысы мен қ дыбысы қатар келсе, не с дыбысы мен ж дыбысы қатар келсе (көршілес келсе), айтуда н дыбысы ң-ға, қ дыбысы ғ дыбысына, сондай-ақ с дыбысы өзгеріп ш-ға, ж дыбысы өзгеріп ш дыбыстарына айналады. Мысалы: Қазан-қап (Қазанғап), Жылан-қарағы (Жылаңқарағы), Есен-келді (Есеңгелді), Дос-жан (Дошшан), Бесжан (Бешшан).
|
тапсырма. Тест сауалдарына жауап беріңдер.
1/Зат еcімді тап: а/дала ә/ күлді б/қызы в/екінші
2/Сын есімді тап: а/ мектеп ә/ он б/ қызыл в/жазды
3/Қайтті ? Неғылды? Не істеді?
Қай сөз табының сұрақтары;
а/ сын есімнің ә/ зат есімнің б/ сан есімнің в/етістіктің
4/Сөйлемдегі бастауыш болатын сөзді тап:
Бүгін Сәния ерте оянды.
а/ ерте ә/ оянды б/ Сәния в/ бүгін
5/Сөйлемдегі баяндауышты болатын сөзді тап:
Оқушылар есепті тез шығарды.
а/ есепті ә/ оқушылар б/ тез в/ шығарды
4- тапсырма. Берілген теңеулерді пайдаланып, Астана тақырыбына бірнеше сөйлем құраңдар.
Жұлдыздай жарқыраған, даладай кең, армандай биік, айнадай ашық.
5- тапсырма.Төмендегі өлең жолдарын оқи отырып, өз көзқарастарыңды білдіріңдер.
Ей, Астана!
Сен деген туған елдің жүрегісің,
Өзіңнен бастау алар өрелі ісім.
Шаһарлар толып жатыр, бірақ та сен,
Бәрінен бірегей, бөлегісің.
Домалап қазағымның өрге тасы,
Думанмен дүрілдесін аспан асты.
Биіктеп Бәйтеректей, бағың жанып,
Жаса, жаса, елімнің Астанасы!
7 сабақ
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні
1- тапсырма. Диалогты пайдалана отырып, өзара сөйлесіңдер.
Сонымен, балалар, бүгін қандай мейрам?
Бүгін, 16 желтоқсан- Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні!
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан қабылданды?
1991-шы жылдың 16-шы желтоқсан күні қабылданды.
Тәуелсіздікке неше жыл толады?
20 жыл
. . .
тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеңдер.
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні
Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы Кеңес Одағы халықтарының санасын тоталитарлық ұйқыдан оятты. Бүгін оған ешкім күдік келтірмейді. Жас демократия әлі қатая қоймаған сол аумалы-төкпелі кезеңде Орталық өз дегенін істеді. Республика басшыларын өздері тағайындады. Халықтар тағдырын да сол жақтан шешіп жатты. Империялық осы саясатқа наразылық білдірген қазақтың өрімдей ұл-қыздары сол кезде орталық алаңға шыққан еді.
Жас өрімдей қазақтың ұл-қыздарының
Торғайдай шыбын жандарын,
Қызыл жағалы ОМОН-дар келіп таптады,-
Оларды ешкім жауапқа тарпады.
Ата-ананың көзінің қарасы мен ағындай
Талай жастар үшін жер астынан табылды-ай.
Халық үшін жанын салған ағалар,
Талай да алда зұлымдықты табалар.
1991 жылы 16-шы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі Қазақстан Республикасын тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп жариялады.
Міне, содан бері егемен елміз, өзге елдермен теңбіз. Дүниеге жаңа мемлекет, тәуелсіз Қазақстан Республикасы келді.
Есте сақтаңдар!
Кейінгі ықпал деп – бір сөз көлемінде немесе екі сөз аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп, ықпал жасауын айтады.
Кейінді ықпал заңдылықтары:
1. К, қ, п дыбыстарының біріне аяқталған сөздерге жалғанатын қосымшалардың басқы дыбысы дауысты дыбыстан басталса, бұл үшеуі ұяңдай (г, ғ, б) түседі. Жазуда естілуінше жазамыз. Мысалы: тарақ-тарағы, жүрек-жүрегі, доп-добымыз, 2. Түбірдің соңғы н дыбысы н, б, п дыбыстарының алдынан келсе н дыбысы айтуда өзгеріп, м дыбысына айналады. Жазуда мұны ескермейміз. Мысалы: сен-бе (сембе), Жан-пейіс (Жампейіс), Құрманбек (Құрмамбек).
3. Түбірдің соңғы н дыбысы к, қ, г, ғ дыбыстарының алдынан келсе, айтуда н дыбысы өзгеріп, ң дыбысына айналады. Жазуда оны елемейміз. Мысалы: бір күнгі (бір күңгі), Аманкүл (Амаңкүл), сән қой (сәңқой).
4. Түбірдің соңғы с, з дыбыстарының бірі ш дыбысының алдынан келсе, ол екеуі айтылуда ш дыбысына айналып кетеді, жазуда бұл еленбейді. Мысалы, колхоз-шы (колхошшы), жұмыс-шы (жұмышшы), сөз-шең (сөшшең), жұмыс шамасы (жұмыш шамасы).
5. Түбір сөздің соңғы з дыбысы с дыбысының алдынан келсе, з дыбысы с дыбысына айналады, жазуда бұл еленбейді. Мысалы: көзсал (көссал), тұз-сыз (тұссыз), жаз-са (жасса).
|
3- тапсырма.Кейінгі ықпал ережесін сақтай отырып, сөздерді өзгертіңдер.
Үлгі: жүрек – жүрегім т.б.
Күрек, көлік, есік, шелек, тарақ, қайық, соқ, суық, шық, сап, жап.
4- тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркесін және сөйлем құрыңдар.
Көзілдірігім, добым, қасығым, жабады, қайығы.
5- тапсырма. Гүлденген Қазақстан қандай мемлекет? тақырыбында өз ойларыңды жазыңдар.
ІІ модуль.
Көлік түрлері. Мен мектепке барамын?
1 сабақ
Көлік түрлері
1- тапсырма. Диалогты пайдалана отырып, өзара сөйлесіңдер.
- Көліктің қандай түрлерін білесің?
- Қоғамдық көлік дегеніміз не?
- Көлік жүргізу білесің бе?
- Ауылшаруашылығына байланысты көлік түрлерін ата.
2- тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеңдер
Көлік түрлері
Көлік түрлері өте көп. Олар:
Темір жол көлігі – республиканың көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы, көлік инфрақұрылымындағы басты буын. Темір жол көлігінің ел экономикасындағы рөлі айрықша маңызды. Тасымалданатын негізгі өнімдер – көмір, астық, мұнай, кентас, минералдық тыңайтқыш сияқты автомобиль көлігімен тасымалдауға тиімсіз сусымалы және сұйық жүктер.
Автомобиль көлігі – жүктерді қысқа және орта қашықтыққа жедел жеткізетін тиімді көлік құралы.
Әуе көлігі — көліктің ең жаңа және қарқынды дамып келе жатқан түрі. Әуе көлігі көбінесе жолаушы тасымалы мен тез бұзылатын (жемістер мен көкеністер) жүктерді тасымалдауда үлкен маңыз алуда. Басқа көлік түрлерінен айырмашылығы – жылдамдығында.
Су көлігі – көлік жүйесінің ажырамас бөлігі. Ол мұнай мен мұнай өнімдерін, ағаш және құрылыс материалдарын жаппай тасымалдауға тиімді. Бүгінгі таңда су көлігі Қазақстанда өзен және теңіз көліктеріне бөлінеді. Өзен көлігі кеме қатынайтын өзендерге (Жайық, Ертіс, Сырдария, Есіл, Іле, Қаратал өзендеріне, Балқаш көліне); теңіз көлігі Каспий теңізі алабында қызмет көрсетеді.
Есте сақтаңдар!
Үстеу түрлері. Тұлғасына қарай:
Негізгі үстеу. Мысалы: кейін, жоғары, төмен.
Туынды үстеу
Жұрнақтары септік жалғаулары арқылы
ша/ше: қазақша - да/де: жазда
лай/лей:ақшалай - та/те: қыста
дай/дей:жаздай - қа/ке: артқа
тай/тей: қыстай - ға/ге: төменге
шалық: соншалық - на/не: күніне
шама: мұншама - нан/нен/дан/ден: етбетінен, лажсыздан
ын/ін: астыртын - тан/ тен/ мен: кенеттен, шынымен
|
3- тапсырма. Мына үстеулерді екі топқа (түбір, туынды) бөліңдер.
Төмен, кейін, дұрыс, әдейі, меніңше, сеніңше, жылдам, осында, адамша, жазда, ертең, былтыр, тым, аса, соншама.
4- тапсырма. Көп нүктенің орнына үстеулердің бірін қойыңдар.
... мен театрға барамын. ... керемет концерт көремін. Эстрада әншісі... ән айтады. Театрда ... кісі болады. ... тағы да театрға барғым келеді.
Керекті сөздер: ағылшынша, кешке,енді, көп.
5- тапсырма. Көлік тақырыбы бойынша қарама-қарсы пікір жазып, ойларыңызды дәлелдеңдер.
Пайдасы
Зияны
Достарыңызбен бөлісу: |