Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2007; Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы: Раритет, 2007.
ИМИТАЦИЯ (лат. іmіtatіo – еліктеу) – өнертану мен мәдениеттануда белгілі бір өнердің стиліне, мектебіне, бағытына, шеберлік мәнеріне елік- теуді білдіретін ұғым-термин. Еліктеуші мүлде басқа тәсілмен, көркемдік құралдарымен мақсат еткенін айнытпай келтіріп, қайталауы мүмкін. И-ның екінші мағынасы – ұқсас жасау, алдау.
ИМПРОВИЗАЦИЯ (лат. іmprovіsus – суырып салма) – көркем шығар- маны ешқандай дайындықсыз аяқ астынан суырып салып айту өнері. И-ның үздік үлгісі ретінде түркі халықтарында, әсіресе оның ішінде қазақ халқын- да сақталған өнердің ерекше түрі айтысты атауға болады. И. шешендік өнерде, т. б. жанрларда да көрініс тапқан.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Т 12. – Астана: Аударма, 2005.
ИМПРЕССИОНИЗМ (франц. іmpressіonіsme – әсерлену) – өнерде ХІХ ғ-дың 2-жартысы мен ХХ ғ-дың басында пайда болған бағыт. Тарихта И. терминінің ғылыми айналымға енуін 1874 ж. француз суретшісі К. Моне- нің «Таңның атуымен әсерлену» атты шығармасының көрмеге қойылуы- мен байланыстырады. Францияда И. көркемдік әдіс ретінде сол жылдары қалыптаса бастады. И-нің ірі өкілдері: Э. Мане, О. Ренуар, Э. Дега, К. Моне, А. Сислей, К. Писсаро т. б. И. адамның өзін қоршаған ортадан алатын сезімдік әсерін, табиғатын, т. б. нәзік беруде елеулі жетістіктерге жетті. Им- прессионистер бояу қосындыларын бір-біріне қоспай, таза, айқын түстерді пайдалана отырып, жұмыс істеді. И. бағыты – музыкада, әдебиетте және театрда да көрініс тапты.
Достарыңызбен бөлісу: |