ИНСТИНКТ (лат. Instinctus – түйсік, ырықсыз сезім) негізінде туыла біткен, шартсыз рефлекстер жататын, өмірлік маңызы болатын әрекетті жасауға бой ұрғызатын қасиет, түрлердің тұқым қуалайтын икемді мінез- құлқы. Инстинкт ұғымының ғылыми талдануы ХVІІІ ғасырдан басталды. Оны француз философы және дәрігер Ламетри жануарлардың дене құры- лысымен және жүйке жүйесімен байланыстырып, инстинктілік әрекет- тердің автоматты жүзеге асатынын аңғарады. Кондиляк оны ақылдың редукциясы, Де Руа енді пайда болып келе жатқан ақыл ретінде анықтайды. Француз ғалымы Фредерик Кювье И-ке тән туа бітетін және таптаурындық белгілерді байқайды. Ламарк өзінің «Зоология философиясы» (т. 1–2) еңбе- гінде жануарлар И.-сі пайда болуының түпкі тегіне байланысты екеніне, маңызды өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыруда пайда болғанына сілте- ме жасайды. ХХ ғасырда экспериментальді биологияның жетістіктеріне сай И. проблемаларының зерттеулері тереңдей түседі. И. түрдің туа біткен мақсатына лайықты мінез-құлық қызметі, сыртқы ортаның белгілі бір әсеріне, ішкі тітіркенулер, қан құрамының өзгеруі (гормональді факторлар) және ішкі секреция бездерінің (жыныс, гипофиз, қалқанша без және т. б.) жауабы ретінде пайда болатыны анықталады. Сеченев пен Павлов жануар- лар мінез-құлқы негізінде жататын физиологиялық механизмдерді ашты. Павлов И-ті ағзаның қоршаған ортамен тұрақты байланысы жүзеге асатын, күрделі шартсыз рефлекстер ретінде анықтайды. Ең басты инстинктілер: тамақтану (азық), өзін қорғау (қорғаныс жасау), көбею (жыныстық, ата- аналық), бағдарлық, сұқбаттасу (топтық үйірлік). И-лік қызметтің қалып- тасуы анатомды-морфологиялық құрылымның дамуымен, әсіресе, жануар- дың осы түрінің жүйке жүйесімен тікелей байланысты. Омыртқасыз жануарларда И. қызметті реттеу бастың ганглиясымен, ал омыртқалы жануарларда мидың қабық асты бөліктерімен жүзеге асады. Адам И. бағынышты рөл атқарады. Оның мінез-құлқын әлеуметтік қатынастармен және өзіндік ерекшеліктерімен қалыптасқан жоғарғы жүйке жүйесі тежеп, өзінің бақылауында ұстайды. Сондықтан адам мінез-құлқының саналы және рухани сипаты, психикасының жануарлар психикасынан сапалы айырмашылығы болады.
ИЛЛЮЗИЯ (лат. іllusіo – алдану) – сыртқы дүниенің жаңсақ, фантас- тикалық бағытта қабылдануы. Қарапайым өмірде И. ерекше арман түрінде, өзін-өзі өмірде алдау арқылы үміттеніп, өмірін жеңілдету түрінде көрініс табады. Өнер тарихында ғалымдар И-ның пайда болу ерекшелігін зерттеп, оның адамға қажеттігін ашып көрсетуге тырысқан. Шындығында, өнердегі И. адамдарға демалыс, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Өйткені ол өмірде жоқ, тек қана шынайы өнердегі И. болып табылады.
ИМИДЖ (ағылш. іmage – бейне, бейнелеу) – мақсатты түрде өнер ретінде адамның өзіне, не бұқаралық ақпарат арқылы белгілі бір зат немесе адам жөніндегі керек мәліметті бейнелеп көрсету. Оған жарнаманы да қосуға болады. И. қолданбалы өнердің құрамдас бөлігі және адам беделі мен абыройын, қажеттілігін арттыру үшін де қажет. Сондай-ақ, И. әлеум. саяси бағытта да субъект бағасын арттыруға ықпал етер маңызы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |