Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет313/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   571
Байланысты:
treatise187525

ИНДУСТРИАЛДЫ ҚОҒАМ дамыған елдерге байланысты, оның өмір салаларын талдаған кезде қоғамдық ғылымдарда қолданылатын ұғым. И.қ. терминін алғаш рет, ХІХ ғасырда Сен-Симон ғылыми айналымға енгізсе, кейін оны Конт, Спенсер, Дюркгейм сияқты көрнекті социологтар кең қолданған. И. қ. өзінің қалыптасу дәуірінде, батыс елдерінде 1950– 1960 жылдары жаңа мазмұнмен толыққан. Технологиялық детерминизм принциптеріне негізделген бұл теория Аронның Сорбонада (1956–1959) оқыған дәрістерінде және Ростоудың «Экономикалық өрлеудің кезеңдері. Коммунистік емес манифест» еңбегінде екі нұсқада қалыптасқан. И.қ. теориясы қоғам дамуы үдерісіндегі негіздік әлеуметтік-экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени өзгерістер, «дәстүрлі» аграрлы қоғамдардың
«индустриалды» қоғамға ауысуы нәтижесінде және бұл ауысу қоғам өмірінің барлық салаларына техниканың кең көлемді енуі, техникалық төңкерістермен жүзеге асады. Атап айтқанда, техниканың тез дамуы әлеуметтік-экономикалық дамудың детерминанты болады. И.қ. пайда болуы үшін оған ірі машиналық өндіріс негіз болып қаланады (Ростоу), еркін сауда және нарық қатынастарымен экономика жүйесі қалыптасады (Арон). Белл И.қ. даму қарқынын анықтайтын еңбек пен капитал болады деп есептейді. Осы тезиске сүйенген Дарендорф қоғамдағы меншік төңірегінде жұмысшы табы мен капиталистер арасындағы қарсы тұрудың, негізгі қақтығыстың пайда болатынын тұжырымдайды. И.қ.-да «дәстүрлі» қоғамдарға тән қатал әлеуметтік шектеулерге шек қойылады, мұраға қалатын артықшылықтар мүмкіндіктер теңдігіне орын береді, азаматтық құқық сақталуы аясы кеңиді, саяси өмір демократияландырылады. Индустрияландыру мүмкіндігі артқан сайын экономиканы және қоғам өмірінің басқа салаларын басқаратын мамандардың рөлі еселей өседі. Билік ғалымдар, инженерлер мен техниктер, сауда, жарнама, қауымдастық пен қатынас салалары сарапшыларынан тұра- тын өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін әлеуметтік ұйымға, «техно- құрылымға» өтеді (Гэлбрейт). 1970-1990 жылдар аралығында И.қ. бағалауда оны сынау басым болды, қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық даму И.қ. тоқырауға ұшырады дегізіп, оның құндылықтарын жоққа шығарады. Адамзат И.қ. қарағанда өзінен өзгерістерге ұшырайтын, даму қабілеті үлкен, шартты түрде «постиндустриалды қоғам» деп атауға болатын қоғамдық құрылымға келе жатыр деген ұстаным пайда болды.


ИННОВАЦИЯЛАР – алдыңғы қатарлы ғылым мен тәжірибе жетістік- терін пайдалануға негізделген техника, технология, еңбекті ұйымдастыру мен басқару салаларындағы жаңашылдықтар. Сонымен қатар, осы жаңа- шылдықтардың адами қызметтің әртүрлі салаларында пайдаланылуы.


ИНАБАТТЫЛЫҚ – адамның әлеуметтік болмыста оңды қасиеттерін білдіретін этикалық категорияның бірі. «Инабат – ердің қазығы емес пе, инабатты ер – елдің қазығы емес пе?» (Қазы би). Инабаттылық тектіліктің

  • қайнар көзі. И.-тың үлгісін Төле бидің: «Басым бұлтқа тиер деп бұққан

  • батыр, кесірім жұртқа тиер деп ыққан – батыр» – деп айтқанынан айқын көруге болады. Ғ.Мустафин: «Үлкеннің ақылын тыңдау, сөзге тоқтау, үлкен- кішіні сыйлау – инбаттылықтың көрінісі» – деген. Қазақ әйел адамның И. танытқандығын жоғары бағалаған.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет