Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан тарихы кафедрасы


Мемлекеттік мұрағаттағы жеке қор құжаттарын жетілдіру мәселесін қамтитын тарихи зерттеулерге қажеттілік күшейді



бет5/9
Дата29.01.2018
өлшемі1,67 Mb.
#35733
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мемлекеттік мұрағаттағы жеке қор құжаттарын жетілдіру мәселесін қамтитын тарихи зерттеулерге қажеттілік күшейді. Сондықтан да «қоғамның тарихи тәжірибесін бейнелейтін мұрағат құжаттарының құндылығы мен маңыздылығы арта түсті». Қоғам тарихында маңыхды деректер қатарына жеке адамдардың құжаттары да енеді. Бұл құжаттар ҚР Конституциясы мен «тарих және мәдениет ескерткіштерінпайдалану мен қорғау туралы» заңның негізгі саласы ретінде Кеңес үкіметінің қаулыларына сәйкес мемлекеттік мұрағат қорының жинақтау нысанасы болып табылады.

Жеке адамдардың қоры дегеніміз – жеке адамның отбасының немесе әулеттің өмірі мен қызметі барысындағы жиналған құжаттардың жиынтығы. Осыған орай олар жеке адамдық, отбаслық және әлеуметтік болып бөлінеді.

Жеке адамның өмірі мен қызметі барысындағы жиналған құжаттардың жиынтығы жеке қор деп аталады.

Отбасылық қор дегеніміз – жақын туыстық қатынасы бар бірнеше адамның өмірі мен қызметі барысындағы және отбасына қатысты мүліктік, шаруашылық, басқа да жиналған құжаттардың жиынтығы. Бұл қорға қызметінің саяси, мәдени және ғылыми маңызы бар отбасы мүшелерінің құжаттары жатады. Ал отбасы басқа мүшелерінің құжаттары негізгі қор құрушылардың өмірі мен қызметін оқып-үйрену мақсатында қолданылады.

Бір рудың бірнеше ұрпақтары мен туыстарының өмірі мен қызметтері барысындағы құжаттардың жиынтығы әлеуметтік қор деп атлады.

Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатында жинақталған жеке қорлар тізбесі, мазмұны мен маңызы жағынан мейлінше әр түрлі және көп салалы болып келеді. Ол ақындар, жазушылар, композиторлар, әртістер, әдебиет пен өнертанушылар, теарт және кино режиссерлары, суретшілер ғалымдар, т.б. қорлары сақталады. Олардың қорларындағы құжаттар өнерпаздың, ғылымның қызмет бабындағы іс-әрекеті мен қабілетінен басқа, оның өзіне тәне ерекшеліктерін білдіретін құжаттардан тұрады.

Жеке қор құрамына қолжазбалар, хаттар, қор құрушының жеке және тұрмыстық құжаттары, ғылыми шығармашылық және қоғамдық қызметі барысында жинақталған құжаттық материалдары, қор құрушының еңбетеріне қажетті жинақталған материалдар, мүліктік-тұрмыстық сипаттағы заттар, жинаған коллекциялары, туыстарының және өзінің рәсімсуреттері кіреді. Жеке қор құрамына ол жөнінде көзі тірісінде немесе қайтыс болғаннан кейінгі жазылған естеліктері, мақалалар, өлеңдер, еңбектеріне жазылған рецензиялар, есте қалдыру жөніндегі материалдар, оның шығармашылығын насихаттауға материалдар енгізіледі.

Қолтаңба немесе басқадай белгісі бар сыйға тартылған кітап, кітапша, т.б. заттар жеке қордан ерекшеленіп, мұрағат кіпамханасына тізім бойынша өткізіледі.

Қордағы фотонегативтер мен кинокадрлардың көшірмесі жасалып, оларды сақтауға Мемлекеттік кино-фото-фоно мұрағатына өткізіледі, ал қорда фотокөшірмесі қалдырылады. Жеке қордың аты қор құрушының фамилиясы, аты және әкесінің аты, қызметі мамандығы, туған жылы мен қайтыс болған жылдарынан тұрады.

Мемлекеттік мұрағаттың басты міндеттерінің бірі – мұрағат қорын жеке адамдардың құжаттарымен толықтыру. Бұл мәселеде Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағаттары(ҚРОММ) үлкен істер атқаруда.

КСРО кезіндегі жеке адамдардың құжаттарын жинақтау және оларды ғылыми тұрғыдан зерттеу шаралары мәз емес еді. Кейбір мәселелер 1960жылдардың аяғы мен 1980 жылдардың басында республикада өткен мұрағат қызметкерлерінің мәжілістері мен конференцияларында қаралған. Осы мәжілістер мен конференцияларда жасалған баяндамаларында және хабарламаларында ҚРОММ-дағы қорлардың құрамы, сипаты, мазмұны, жеке адамдардың құжаттары мен жинақтау көздерін анықтау тәжірибесі талданған.

Қазақстандағы Облыстық Мемлекеттік Мұрағаттың жеке қор құжаттарын жинақтау тәжірибесін көрсететін еңбектер жоқтың қасы. Тек бір ған Шығыс Қазақстан облыстықмемлекеттік мұрағаттың жеке қор жинау қызметі мен деректерін жинақтау, анықтау туралы жазылған мақала жарық көрді.

Сонымен қатар мағлұматтың жеке қорларындағы құжаттарды сақтау, кітапхана мен мұражайлардың қолжазба бөлімдерінде жиналған жеке қорлардың жағдайы жөніндегі мәселелер көтерілген.

1950 жылдардың ортасына дейін Мемлекеттік мұрағаттардағы жеке қорларды жинау жұмыстары төмен деңгейде жүргізілген. Өйткені ол кезде жеке адамдардың құжаттарынбағалап, қабылдау мен жинақтаудың жалпы әдістері жаңадан пайда бола бастап еді. 50-жылдардың аяғына таман еліміздің көптеген мемлекеттік мұрағаттарының жинақтау тәжірибесін байытатын еңбектер шығады. Сол кезден бастап аталған мәселе жаңа белеске көтеріледі. Себебі бұл кезеңде құжаттардың құндылығын сұрыптау жұмыстарына қайта құру жүргізіледі. Сол уақыттан бастап мемлекеттік мұрағаттарда жеке адамдардың құжаттарын жинақтау жұмысы кең құлаш жаяды және оның маңыздылығы күні бүгінге дейін сақталып келеді.

60-80-жылдардың аралығында мемлекеттік мұрағаттарда жеке адамдардың қорын жинақтаудың териялық міндеттерін дамытуға В.Колосова, В.В.Цеплин, М.Я.Резникова, Б.М.Мамонов, З.И.Иноземцова және В.А.Еримченко көп үлес қосады. Аталған авторлардың еңбегінде мемлекеттік мұрағаттарды жинақтау көздерін анықтау, құжаттардың пайда болуы мен мазмұны, құндылығы ашып көрсетіледі.

Қазақстанға қатысты мұрағат деректерінің жүйелі қалыптасуы 18 ғасырдың бас кезінен, яғни қазақ өлкесінің Ресейге қосылуынана басталады. Патшалық Ресей үкіметі қазақ жерінокругтерге бөліп билегені тарихтан мәлім. Округтік мұрағат құжаттары бекерден-бекер жойылуға жіберілгені туралы С.Байжанов еңбектерінде көрсетіледі. Ал, қалған қазан төңкерілісіне дейінгі деректер Орынбор (1925жылға дейін), содан соң Қызылорда (1929 жылға дейін), және Алматы (1929 жылдан бастап) қоныс тепкен қазіргі ҚРОММ-да сақталуда.

Қазан төңкерісіне дейін патшалық Ресейдің отарындағы Қазақстанда жергілікті халықтың көрнекті өкілдерінің құжаттарын жинақтауға көп көңіл бөлінбейді. Құжаттарды коллекционерлер, өлкетанушылар, негізінен, қазақ халқының салт-дәстүрін, фольклорлары мен этнографиясымен айналысқан патша шенеуліктері жинайды. Өлкетанушылардың құжаттық мұраларын сақтауда Орынбор мұражайы, Жетісу мұражайы, Орыс географиялық қоғамның Жетісу бөлімі айтарлықтай рөл атқарады.

1940 жылдардың басында құрылған ҚазақКСР Ғылым академиясының мұрағаты ғылымдардың құжаттарын сақтауда үлкен оөл атқарады.

Қазақстанда Мемлекеттік мұрағат қызметін ұймдастыру 1920 жылдары басталады, бірақ жеке адамдардың құжаттарын жинау әлі оның міндетіне қосылмайды. Сонда да осы бағытта біршама істер жүргізеді. М, ол жылдары тарихшы Н.М.Черновскийдің жеке қоры, жергілікті тұрғындар Тимашевтердің әулеттік қорлары қабылданады.

1926 жылы 1-шілдеде сегіз үйезде мұрағат бюролары ұйымдастырылады. Алайда Қостанай уезіндегі губерниялық мұрағат бюросы қызметкердің жоқтығынан мүлде жабылып қалған. Мұндағы мұрағатта жүз жылдан астам уақытты қамтитын, жалпы салмаға екі мың пұт шамасындаға құнды құжаттар болған. Соның көбі иессіздікке ұшыраған екен. Жаркент уезінде Н.Горохова дейтін мұғалиманың өлке тарихына қатысты өз бетімен жинап жүрген қыруар материалдары ол қайтыс болғаннан кейін кім көрінгеннің қолында кеткені жөнінде де дерек бар.

1930 жылдары мемлекеттік мұрағатқа азамат соғысына қатысқандардың және ұлттық мәдениет өкілдерінің бірқатар жеке қор құжаттары қабылданған.

60-жылдары мемлекттік мұрағатқа Қазақстанның көрнекті әдебиет пен өнер қайраткерлерінің құнды қорлары қабылданады. Олар: Кеңес Одағының халық әртістері К.Байсейітова, Қ.Қуанышбаев, жазушылар С.Мұқанов, І.Жансүгіров, І.Есенберлин, т.б. құжаттары.

1970 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик Қ.И.Сәтбаевтың, сәулетші Д.Герасимовтың, астрономия және биотехника саласының көрнекті маманы В.Н. Бухманның, т.б. қорлары қабылданады.

80-жылдардың басында мұрағат қорына екі мәрте Кеңес Одағының батыры, ұшқыш Т.Бигельдиновтің, гвардия полковнигі, Кеңес Одағының батыры, жазушы Б.Момышұлының, жазушы-академик М.Әуезовтің, журналист-ғалым Ф.И.Самариннің, тағы басқалардың қорлары қосылады.

Қазіргі ҚРОММ-да екі жүзден аса жеке және отбасылық қорлар коллекциялары бар. Бұл қорлар ХІХ ғасырдың аяғы мен қазіргі кезең аралығын қамтиды.

Міне, осыдан бүкіл ел, халықтың асыл мұрасы қымбат қазынасы болып табылатын тұлғалар құжаттары мемлекеттік мұрағаттың жеке қор бөлімінде көздің қарашығындай сақталуда. Уақыт өтеді, жаңа көнереді, бірақ ол көненің де болашақ ұрпаққа беретін өз тағылымы, өз тәлімі бар. Сол ұжаттарды қолға алсақ, шешіле сыр шертетін, тарихты тапшылтпай тануға қосар үлесі, тигізер септігі мол. Құнды дерек кімді де болса толғандырады, терең ойға жетелеп, рухани озық береді.

Әдебиеттер:


  1. Ваганов Ф.М. Возрастание общественно-политической роли гос. Архивное в условиях развитого социализма. –Советские архивы, 1985, №4, 17-б.

  2. Черных С.Е., Ромашко Л.П. Комплектование Госархива Восточно-Казахстанской области и Зыряновского филиала материалами личного происхождения. –Советские архивы. 1980, №2, 65-67б.

  3. Абилова Т.Е. Личные фонды в государственных архивах КазССР конец 50-х –начало 80-г.г/ проблемы комплектования и научной организации. /Автореферат диссертации на соискание ученой степнеи кандидата исторических наук. М., 1986. 29-б.


Бақылау сұрақтары:

1. Ұлттық мұрағат қоры туралы не білесіздер?



2. Мұрағаттағы жеке қорды қалай пайдалауға болады?

6тақырып. Тәуелсіз Қазақстандағы мұрағат ісі.
Мақсаты: Тәуелсіздік кезінде қабылданған қауылысы мен шешімдердің

мұрағат ісінің жаңаша дамуына сипаттама беру.


Жоспары:

1. Қазақстан республикасының тәуелсіздік алғаннан бастап архивтер мен құжаттама бас Басқармасының құылуы.

2.1999ж «Ұлттық мұрағаттық қор және мұрағаттар туралы» заңы. «Мұрағат» түсінігі.

3.2001-2005 жылдарға арналған мұрағат ісінің дамуының концепциясы мен бағдарламасы

1. КСРО-ның таратылуы және бұрынғы КСРО мемлекеттік мұрағаттарына қатысты құқықтық мұрагерлікті иелену туралы келісімнің қабылдануы. Республиканың тәуелсіздік жағдайындағы мұрағат ісінің дамуы. Қазақстанның мемлекеттік мәртебесінің өзгеруімен және саяси негізімен, экономикалық жағдайымен байланысты мұрағат мекемелері жүйесіндегі өзгерістер. Бұрынғы одақтық республикалардың мұрағат мекемелерімен қалыпты байланыстың жоғалуымен байланысты орын алған қиындықтар. Құжаттамамен қамтамасыз ету саласында «Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды ресімдеуге қойылатын уақытша талаптардың» жасалуы және оның іс жүзіне енгізілуі. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаев 1995 жылғы 19 қазандағы Жарлығы бойынша (№2541) Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы архивтер мен құжаттама Бас Басқармасы болып қайта құрылды.1997 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві деп қайтадан аталды.Басқару жұмыс жаңа арнаға түсті.Мұрағат мекемелерінің құрылымы,штат кестесі едәуір ықшамдалды. Мұрағат ісінде міндеттерді атқарудың құқықтық негізін жасау. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық мұрағаттық қор және мұрағаттар туралы» заңы. «Мұрағат» түсінігі. Мұрағаттардың қазіргі жүйесі. Мемлекеттік мұрағаттар, олардың атқаратын негізгі қызметтері мен міндеттері. Мемлекеттік мұрағаттардың түрлері. Орталық мемлекеттік мұрағаттар. Ұлттық мұрағаттық қордың құжаттарын жіктеу белгілеріне сәйкес мемлекеттік мұрағаттар жүйесінің құрылуы. Облыстық мемлекеттік мұрағаттар және олардың филиалдары. Қалалық және аудандық мұрағаттар. Ведомстволық мұрағаттар. Арнайы мемлекеттік мұрағаттар. Жеке мұрағаттар. Қолжазба бөлімдерінің, кітапханалар мен мұражайлардың мұрағаттары. «Құжаттық қор», «мұрағаттық қор» түсініктері. Ұлттық мұрағаттық қордың құжаттарын мемлекеттік мұрағаттар жүйесі бойынша бөлу. Қазақстан Республикасы мұрағатшыларының қоғамының құрылуы. Қоғамның құрылымы және негізгі міндеттері. «Уәкілетті мемлекеттік орган» және «жергілікті уәкілетті орган» түсініктері. Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің мұрағаттарды және құжаттаманы басқару жөніндегі Комитетінің құрылуы. Комитеттің негізгі міндеттері және атқаратын қызметтері. Республикада мұрағат ісінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру. 2001-2005 жылдарға арналған мұрағат ісінің дамуының концепциясы мен бағдарламасын жасау. Республикада мұрағат ісінің дамуының негізгі бағаттары. Республикалық жоғарға оқу орындарында тарихшы-мұрағатшы кадрларды даярлауды ұйымдастыру.

2.Мемлекет Басшысының «1998 жылды Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы деп жариялау туралы»Жарлығы,«Қазақстан‑2030» стратегиялық даму Бағдарламасы және оның негізгі Ережелері оның ,оны іске асыруға байланысты республика халқына арнаған Жолдауы еліміздің мұрағат жүйесіне деген халықтың көзқарасын оятты.Бұқараның тарихи санасы,патриоттық сезімі дами түсті. Мемлекеттік мұрағаттардың оқу залынан АҚШ,Ресей,Жапон,Қытай Өзбекстан,Қырғызстан мемлекеттерінен келген зерттеушілер жиі көріне бастады.

Республиканың ақпарат құралдары арқылы 1998 жылдың тек алғашқы жарты жылдығында 300–ден астам мақала ,400 шамасында теле‑радио хабарлары таратылды.

Орталық мұрағаттың «Егемен Қазақстан»,«Казахстанская правда»,«Қазақ әдебиеті»,«Ана тілі»,«Ваше право»,«Заң»,т.б газеттер мен журналдардың беттерінде ашқан айдарымен «Алашорда басшылары»,«Түркістан тарихы» туралы,қазақ халқының ұлт‑азаттық қозғалыстары,ашаршылық ,т.б тақырыптар бойынша материалдары жарияланды.

«Қазақстан‑1»,«Хабар»,«КТК»,«Таң»,«Рахат‑АТВ» телеарнналарында ұлттық тарихымыздың маңызды мәселелері жайында хабарлар берілді.Халықаралық ынтымақтастық жыл санап дами түсуде.Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекет басшыларының Минскі шарты көлемінде және ТМД мемлекеттері мұрағат қызметінің өзара ынтымақтастық келісімі бойынша Ресей Федерациясы мұрағат қызметі және Өзбекстан Республикасы мемлекеттік мұрағатымен бірлесіп Түркістан қаласы тарихына қатысты құжаттарды табу жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Еліміздің тарих ғылымының базалық көзін кеңейту мақсатында Омбы облыстық мемлекеттік мұрағатымен мұрағат құжаттарының көшірмелерін алмасу жөнінде келісім шарт жасалды.

Республиканың мұрағат жүйелерінің материалдық‑техникалық базасын нығайту,мұрағат ісін дамыту,келешекте реформалау мәселесі Мемлекет Басшысына,ҚР Премьер‑Министріне баяндалды.Осы мәселе ҚР Қаржы,Әділет және Білім ,мәдениет,денсаулық министрліктері мен Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі мен облыс әкімдері алдына да қойылды.

Соның арқасында жоғары және жергілікті өкімет органдарының мұрағат ісінің маңызын түсінуі және олардың көмегі мұрағаттың нәтижелі жұмыс жасауына елеулі әсері тиді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың заң жобаларының жоспарына Ұлттық мұрағат қоры мұрағат туралы заң жобосының қосымша енгізілуі ,бұрын жобалап қалған Ақмола облысы мен Жезқазған қаласында мұрағат ісі басқармасының қалпына келтірілуі ,ең бастысы –Астана қаласында Орталық мемлекеттік мұрағат үйінің құрылысын жобалау және құрылыстың биылғы жылы басталу мәселесінің нәтижелі шешілуі –соның айғағы .Қанша дегенмен күні кеше тәуелсіздік алған Қазақстан мемлекетінің мұрағат жүйесі өркениетті елдер мұрағат дәрежесіне көтеру ,мұрағат құжаттарын пайдаланудың тиімділігін арттыру,мемлекеттік мұрағаттарды компьютермен жабдықтау міндеті тұр.

Соңғы уақытқа дейін Қазақстан мұрағат органдары КСРО Үкіметінің мұрағат органдарына арналған заң актілерін басшылыққа алып келді.КСРО өз өмірінде 350-ден астам заң актілерін шығарғанмен мұрағат ісі туралы заң қабылдамаған .

Бұрынғы КСРО тарағаннан кейін тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттер мұрағат ісі туралы арнаулы заң қабылдап үлгірді.Ал бізде бұл мәселе кешеуілдеп келеді.Бұл мұрағат ісін ұйымдастыру ,дамытуға елеулі қиындық туғызуда.

Ең бастысы мемлекеттік мұрағат пен республика тарихының бірден бір көзі –ведомстолық мұрағаттарды дамыту, ұйымдастыру және сақтаудың тиімді жолын айқындайтын заң ауадай қажет.

Екіншіден, шет мемлекеттердегі Қазақстан тарихына қажетті құжаттарды айтпағанда ,ТМД мемлекет басшыларының жылғы келісімі бойынша Қазақстан аймағындағы космосты игеру ,геологиялық ресурстар, табиғи ортаны қорғау ,геодезия ,картография,киномотография саласындағы құжаттар мен негізгі өнімдер бұрынғы Одақтық ведомтволық мұрағаттарда қалды.Бұл заңды.Бірақ олардың көшірмелерін мемлекетімізге алу мәселесі қүн тәртібінен түспейтін күрделі іс.

Ұлттық мұрағатты ұйымдастыру ,дамыту және пайдалануды жақсарту мәселесі халықаралық,мемлекетаралық қатынасқа да тікелей байланысты екені сөзсіз.

Өркениетті елдерде мұрағат ісі ,барлық мұрағат қоры және құжаттама басқару аспектісі мемлекеттік қызметтің дербес саласы болып табылады.

Ал ҚР Орталық мемлекеттік мұрағат ҚР Үкіметі құрамына кірмейтін Орталық атқарушы орган болғандықтан әрі мұрағат туралы заңның болмауы ЮНЕСКО‑ның мүшесі деп танылған халықаралық мұрағаттар Кеңесіне қатысуы ,шет елдердегі құнды құжаттарды халықаралық дәрежеде іздестіру мәселелері қиындай түседі.

Республика мұрағат ісін дамытуға қойылған тосқауылдың ең бастысы‑қаржы тапшылығы.

ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатқа 1998жылға бөлінген қаржы 21млн. 871мың теңге.Ол мұрағат қызметкерлерінің еңбек ақысынан және коммуналдық қызмет көрсетуге төленетін қаржыдан артылмайды.

Ең бастысы мұрағатты өркениетті ел дәрежесіне жеткізетін алғы шарт‑республикалық мемлекеттік мұрағаттарды компьютер мен және басқа да мұрағаттық техникалармен жабдықтауға ,мұрағат қоймаларын өрт апатынан қорғауға ауа,жылу,ылғалдық режимдерін сақтауға қаржының бөлінбеуі мемлекеттік байлықты қолдан жою деген сөз.Бұл мұқтаждықты шешу үшін 101 миллион теңге,облыстық әкішіліктер қарауындағы мемлекеттік мұрағаттарға 385млн.теңге қажет.

Қаржы тапшылығынан Қазақстан тарихына қатысты шет жұрттағы құнды архив деректерін іздестіруге,кері қайтарып алуға мүмкіндік тумай отыр.

Оның үстіне мерзімі өткендіктен және ауа ,ылғал,жылу режимдерін сақтауға мүмкіндік жоқтықтың бүлінген,өшуге айналған құжаттар аз емес.ҚР Орталық мемлекеттік мұрағат пайдалануға берілген 1963 жылдан бері күрделі жөндеудеy өткізілген жоқ.Кондиционерлер,желдеткіштер,режимдік приборлар істен шыққан .Ал оларды тезірек жөндеуден өткізбесе республика тарихының мол құнды деректерінің өмірден өшетінін айтып жеткізу қиын.

Еңбекақы мөлшерінің аздығы мұрағаттарды қажетті кәсіби білімді мамандармен қамтамасыз етуге елеулі қиындық туғызуда.

Мұрағат қызметкерлерінің мемлекеттік қамқорлыққа алынбауы,жеңілдіктерге ие болмауы қынжыларлық.Мұның келешекте мұрағат ісін дамытуға елеулі кесірі тиетіні сөзсіз.Қазіргі мұрағат қызметкерлерінің көпшілігі гуманитарлық білім саласындағы мамандар және егде тартқан адамдар.Оларды кәсіби мамандықтары жоқтығынан шет елдердегі құжаттар былай тұрсын,республиканың мұрағат қоймаларында жатқан қытай, монғол ,манжур,түрік,парсы,араб,т.б шет ел тілдеріндегі көне заман құжаттары игерусіз жатыр.

Ондай мамандарға мұқтаждықтың басты себебі,біріншіден,мұрағат мамандарын санаулы ғана оқу орындары аз мөлшерде дайындайды.Екіншіден,арнаулы кәсіби білім алған жастар еңбекақының төмендігінен мұрағатта еңбек етуге келмейді.Отанымыздың мұрағат ісін әлемдік дәрежеге көтеру үшін мұрағат құжаттарын зерттейтін ,құжаттау ісіне ғылыми тұрғыда бағыт‑бағдар беретін ,озат тәжірибені насихаттайтын Орталық құру,Қазақстан мұрағаты журналын шығару ,баспахана ашу‑өмірдің өзі туғызып отырған мәселелер.Мемлекет тарапынан қажетті қамқорлық жасалса,құнды құжаттарды ел игілігіне айналдырып ,қаржы тапшылығынан құтылуға мүмкіндік туар еді.

Бұлардың барлығы бір күнде,не бір жылда шешілетін мәселе емес.Экономика,қаржы мәселесі әркімнің талабы бойынша шешілмейтіні белгілі .Бірақ ең бастысы мұрағатқа деген мемлекеттік бетбұрыс,дұрыс шешім,мемлекеттік заң болуы шарт .

Республикамыздың мұрағат құжаттары –баға жетпес байлық, мемлекеттің,халықтың асыл қазынасы.Бүгін де,ертең де ,келер ғасырларда да толыға беретін,жазыла беретін тарихтың қайнар көзі.Мұрағат құжатынсыз тарихтың жазылуы мүмкін емес.Мұрағат‑өмірі таусылмас,қоймасы ортаймас,тарих көшімен баяғы заманнан бүгінге дейінгі өмірдің қатпар‑қатпар кезеңдеріндегі еліміздің шаруашылығын,экономикасын,тыныс тіршілігін кең түрде айқындайтын,тарихи,мәдени ескерткіштерін,жеке тұлғалардың өмірін мәңгі жасататын ұлттық тарихи мұраның көзі.

Республиканың мұрағат қызметкерлері келешекте бұл байлықты өз мемлекетінің,өз Отанының,елінің игілігіне айналдыруға аянбай еңбек ететіндігі сөзсіз.


Әдебиеттер:1. Программа развития архивного дела на 2001-2005 гг. От 11.06.2001.

2. З.Алдамжар. Тарих: пайым мен тағылым. Алматы 2002 ж.18-23б.

3. Мұрағат құжаттары- халық қазынасы. Материалдар жинағы.Атырау 2005 ж.

4. Р.Сариева Архив и история. «Арыс»,2004.,с. 86-88

5. Мухсинова З.Г. Архивному делу в Казахстане-200 лет. Костанайские новости. 1995, 10 января.
Бақылау сұрақтары: 1. Президент Н.Назарбаев 1995 жылғы 19 қазандағы Жарлығы бойынша (№2541) қандай өзгерістер енгізілді?

2.Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық мұрағаттық қор және мұрағаттар туралы» заңына сипат бер.

3. «Мұрағат» түсінігінің анықтамасы?

4. «Құжаттық қор» түсінігінің анықтамасы?




7 тақырып. Қызметшілермен жұмыс жасау. Мұрағаттағы маркетинг.
Мақсаты: Кадр мәселесін қарастыру; іріктеп таңдап алу, аттестациялау. Жұмыс орындарын жетілдіру. Ақпаратты маркетинг мәселесін талдау.
Жоспар: 1.Қызметшілерге қойлатын талаптар.

2.Мұрағат маркетингінің негіздері.

3. Мұрағат ісінің ақпараттандыруы.
Мұрағатшы кадірлеріне қойылатын талаптардың ең негізгісі, ол біліктілік қасиеттерін бағалау. Мұрағат біліктілігін арттыру нысандары. Арнайы семинарлар ұйымдастыру мәселесі. Жұмыс орындарын автоматтандыру.

Ақпаратты маркетинг. Құжаттық ақпаратты рыногын жасау. Мемлекеттік мұрағаттарда көрсететін ақылы қызметтер. Ақылы қызмет арнайы тізім арқылы көрсетілу қажет. Заңдық тұлғалармен құжаттарды коммерциялық мақсатта пайдалану жөнінде келісімдер жасау. Мұрағат ісін ақпараттандыру. Мұрағат ісінің ақпараттандыру объектілері және мақсаттары. Ақпараттық технологиялар. Ақпараттық технологиялар арқылы мұрағаттардын жұмысын жұйелендіру және ізденіс жұмыстарын жеңілдету.. электрондық қорларды жасау. Құжаттар есебі.

Мұрағат мекемелерінде түпкі есептің санын анықталуы мен есеп құжаттарындағы тіркелуін айқындайтын мемлекеттік құжаттар есебі жүргізіледі.Құжаттар есебі құжаттарды қорғау мен іздестіру мақсатында жүргізіледі. Есеп қор арқылы, мұрағат коллекциясы,мұраға сақтау бірлігін, сақтандыру қорының көшірмелері істер есебімен жүргізіледі.Мұрағаттық құжаттар құрамында есеп кезінде табылған өзгерістер есеп құжаттарында белгіленеді. Құжаттар есебі керіснше жоспарлы түрде не жылдам жүргізіледі. Мемлекеттік есепте бірқалыпты тарту орнату мақсатында 2000 жылдың 11 тамызындағы Ұлттық мемлекеттік мұрағат қорының құжаттарының орталықтандырылған мемлекеттік есебі туралы инструкциясы бекітілген.

1. Мұрағаттық құжаттардың мемлекеттік есебі- мұрағаттық құжаттардың саны мен құрамының түпкі есеп пен тізімінің есеп құжатының арнайы құрамдық пен жалпы санатының көлемінің байланысын анықтайды.

2. Орталықтандырылған ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік есебі-Қазақстан Республикасының мұрағат пен құжаттану мәселесін басқаратын төтенше мемлекеттік органының , мемлекеттік көлеміндегі Ұлттық мұрағат қорының құрылысы.

3. Есеп құжаты –кіріс,шығыс,саны мен құрамы, мұрағат құжаттарының түпкі есебінің жағдайы түспейтін белгілі формадағы құжат.

4. Мұрағат құжаттарының есеп бірлігі –құжаттардың мұрағаттағы санының өлшем бірлігі.

5. Мұрағат құжаттарының сақталу бірлігі –бөлек және құжаттар топтамасының өзіндік мағынасы бар,есептік және сраптамалық бірлігі.

6. Мұрағаттық құжаттарды депозиттік сақтау құжаттардың жекеменшік иесімен мұрағат , мұражай, кітапхана арасындағы келісімнің жеке тұлғаның мұрағат құжаттарына құқық иелігін айқындайтын Ұлттық мұрағат қорының мемлекет ,мұражай, кітапханасында сақталады.Құжаттар есебінің негізгі қағидасы-орталықтандыру, дәлдік,бірқалыптылылық т.б. Инструкцияда Республика Президентінің мұрағаты,ҚР орталық мемлекеттік мұрағатында Астана және Алматы қалалық облыстық мұрағаттарында, олардың аудандық,қалалық мұрағаттар филиалдарында орталықтандырылған мемлекеттік есеп беру тәртібі туралы түсініктеме.Берілген құжат есептері мұрағат мекемелеріндегі жұмыс бағытын бақылайтын арнайы құрылған бөлімі немесе қызметкер атқарады. Есеп жүргізудің негізгі қағидалары есеп нәтижелерін түрлерін жүргізу уақытын қадағалайтын арнайы мұрағат құжаттарының есеп жүргізу ісі соңында мұрағат мекемесінің бұйрығымен бекітіледі.Құжаттардың барлдығы мен өзгерістер мұрағат қорындағы құрамын, құжат есебін жүргізетін арнайы жүйе құрылған.


  • бұларға мынадай есеп құжаттары жатады:

  • құжаттар түсімінің есеп кітабы

  • мұрағаттар жиынтығы

  • мұрағат төлқұжаты

  • аса бағалы құжаттар тізімі және т.б.құжаттар.

Дәлдікпен есеп жүргізу үшін қорлар ісі құралады.Олар мынадай элементтерден тұрады:

    • қор құрайтын тарихи қорлар

    • тарихи анықтама

    • қорлар мінездемесінің көшірмесі

    • қорларды пайдалану жөніндегі мәлімет

    • қорларды өңдеу туралы жазбалар

    • сақтауға жарамсыз құжаттарды жоюға бөлінген актілер

    • өңдеуге келмейтін құжаттар тексеру материалдарының барысы т.б. қорлардағы өзгерістер қаралған құжаттар қорлар ісіне тіркеледі.Қорлар ісінің қорлар тәрізді реттік саны болады. Қорлар ісіне тіркеуге болады,олар тігіліпғреттік саны қойылып,сенімділік жазбамен толықтырылады.Есеп құжаттарының сақтау міндетіне жауапты тұлғаларға міндеттеледі.Олар есеп құжаттарын арналған көлемдегі шкаф пен сейфтерде сақталу ережесін мүлтіксіз орындауға міндетті.

Түскен құжаттар арнайы кітаптарға тіркеледі. Онда түскен құжаттарда, қор атауының, қор номерінің есептік, сандық бірлігі т.б және түскен қорлардың реттік сандары қатаң бақылауға алынады. Жыл соңында түскен қор санының соңғы қорытынды тізімі жасалады.

Қорлардың атауы есеп талабына сәйкес барлық мағлұматтар береді: мекеменің толық атауы, немесе қысқартылған жалпы атауы, тұрағы,мекеме қорғаушының қызмет уақытының соңғы даталары, оның жоғарғы органдарға тәуелділігі, мекеме атауының өзгеруі (соңғы атауы атап көрсетіледі).

Жеке тұлға қорының атауында қор құрушының аты-жөні, лақап аты, кәсіптік қызметі, қызмет дәрежесі оның отбасының аты-жөні атап көрсетіледі.

Қорлар бетінде бірінші түсімнің уақыты, қор атауы, қор атауының соңғы даталары, тұрағы көрсетіледі. Қорлар бетінде жазылған немесе жазылмаған қор құжаттары көрсетіледі. Мұнда мынадай құжаттардың бары ескеріледі: алыс-беріс актілері, табу,тізімдеу, құжаттарды өңдеу,тізбелерді ретке келтіру, есептегі жазулардың техникалық қателерінің мәліметтері. Егер мекемеден әкелінген құжаттар ертеректе тіркелген және тізімі болса, жаңа тізімде құжаттардың жазба уақыты көрсетілуге тиіс. Қор беттерінен басқа қор карточкасына түскен әрбір қордың тізімі, қордың карточкалық белгісі жасалады.Құжаттардың шектеуі есептен шығару негізінде анықталады. Бұл мынадай құжаттардың барысы негізінде жасалады: сақталуға жарамсыз құжаттарды жоюға бөлінген акт, жарамсыздыққа жеткен құжаттар туралы, басқа мұрағатпен алыс-беріс жасалуы құжаттарды тізімдеу мен өңдеу және табылмаған істер актісін өңдеу т.б.

Құжаттарды есепке алғанда қорлар есебі мен аса бағалы құжаттардың есебі айырықша орын алады. Аса бағалы құжаттар бар қорлар тізімі бірнеше данамен жасалады. Анықталу ретіне қарай қорлар тізімі аса бағалы құжаттармен есебінің тізіміне кіреді ( тізімі, қорлар карточкасы). Мұндай есеп сақтандыру қорының қорлар микрофилміне, кіріс кітабына енгізіледі. Сақтандыру қорының төлқұжаттарының ақпараты дәрежесін көтеретін құжаттар тізімі жасалады. Олардың дайындығы тапсыру рәсімі мемлекеттік заң күшімен реттеледі.
Әдебиеттер:

1. М.Дакенов, Б.И.Нурпеисова и др. Архивоведение. Алматы,2003.

2. Р.Сариева Архив и история. «Арыс»,2004.

3 Мухсинова З.Г. Архивному делу в Казахстане-200 лет. Костанайские новости. 1995, 10 января.

4. Горфеин Г.М. Шепелов Л.Е. Архивоведение.Арнайы оқулық.Л., 1971.
Бақылау сұрақтары:

1. Ұлттық мемлекеттік мұрағат қорының құжаттарының орталықтандырылған мемлекеттік есебі туралы инструкциясы бекітілген, оның негізгі түрлеріне тоқта?

2.Мұрағат қызметкерлеріне қойылатын талаптар қандай?

8 тақырып.ХХ ғ 20-40 жж мұражай ісінің дамуы.

Мақсаты: ХХ ғ 20-40 жж мұражай ісінің дамуын талдап, сипаттау.

Жоспары:

1. Мұражай ісінің дамуы.

2.Орталық мемлекеттік мұражай.

Қазақстанның мәдениет тарихында мұражайлар ерекше орын алады. Қазақ жерінде пайда болған алғашқы мұражайлардың рөлі тәуелсіздік алғаннан кейін тіпті арта түсті. Қазақстан мұражайларының ішіндегі ең алғашқыларының бірі – Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұражайы.

1927 жылы 2 наурыз күні Қазақ АССР-і Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комисарлары Кеңесі республика астанасын Қызылорда қаласынан Алматыға көшіру жөнінде қаулы қабылдады. Осыған орай, 1928 жылы 13 желтоқсанда Халық ағарту комиссариаты алқасы Орынбордағы Қазақстан орталық мұражайын және жаңа астанада қызмет етуге ерік білдірген мамандарды шұғыл түрде Алматы қаласына көшіру шешімін қабылдады. Сөйтіп мұражай қызметкерлері бөлістен қалған жәдігерлерді жинастырып, жаңа астанаға көшіруге дайындады. Көшіруді ұйымдастырумен оның тәжірибелі мамандарының Алматыға жұмысқа ауысуында мұражай директоры А.Махонинің еңбегі ерекше болды. Олөзінің Халық ағарту комиссары О.Жандосовқа жолдаған хатында: «Алматыға жұмыс бабымен кешетін қызметкерлерге өкімет тарапынан беріліп отырған жеңілдіктерді музейдің ғылыми қызметкерлеріне де беру қажет. Алжаңа астанаға келген соң олардың жалақысы мөлшерін қайта қарастырмаса, алып отырған нерәрі 100 сом ақшалары күнделікті тамақ алуға да жетпейді»-деп жазды. Директордың осындай қамқорлығы нәтижесінде мұражайдың тәжірибелі мамандары А.Четыркина , П.Зарецкий, П.Рыжков, Г.Мотылев, И.Костиков Алматы қаласына жұмысқа ауысты.

1929 жылы 4 қаңтарда басталған көшуге айындық жұмыстары 20 наурыз күні аяқталды. Осы күні мұражай директоы: «Орынбор қаласындағы Қазақстан Орталық өлкетану музейі өзі жұмысын тоқтатты» деген бұйрығын шығарды.

1929 жылы шілде айында Қазақстан Орталық өлкетану мұражайы толығымен Алматы қаласына көшіп келіп, Вознесенск кафедералды соборы ғимаратына орналасты. Ал, 13 шілдеде мұражай кеңесі мәжілісі Қазақстан Орталық өлкетану мұражайын Қазақстан Орталық мұражайы қылып қайта атау жөнінде шешім қабылдады. Қазақстан орталық өлкетану мұражайы Алматы қаласына көшіп келген күннен бастап республикадағы мәдени ескерткіштерді қайта есепке алып, оларды қорғау жұмыстарын ұйымдастырудың орталығына айналды.Осыған орай, 1929 жылы 22 шілде күні Қазақстан табиғат пен көне ескерткіштерді және өнер туындыларын қорғау комитетін құру жөнінде шешім қабылдады. Мәжіліс слнымен қатар, құрылатын комитет Орталық мұражай жанында ғылыми – зерттеумен айналысатын мекеме болып, құрамына тиісті мекемелерден 14 маман енуі тиіс деп шекшті. Комиетет жайындағы ережені жасау Орталық мұражайға жүктелді. Ереженің жасалуы ұзаққа созылған жоқ, осы жылдың 14 қазан күні ҚАКСР Халық ағарту комиссариаты алқасы, 5 қарашада ҚАКСР Халық Комиссарлары Кеңесі Орталық мұражай қызметкерлері қатысуымен жасалған Казкомпристарис жөніндегі ережені бекітті.

Осы жылы мұражайдың географиялық- тарихи бөлімін елдің оңтүстік батыс бөлігін бейнелейтін жәдігерлермен толықтыру маұсатында Арал теңізі маңында экспедиция ұйымдастырылды. Оған директор А.Махонин, лаборант П.Зарецкий және практикант Мотылев қатынасып, жинастырылған 100 ден аса құстан 26 тұлып жасалып, олар мұражай жәдігерлері және ғылыми қорынан орын алды. Сонымен қатар, 85 бауырымен жорғалаушылардың түрлері және ботаникалық материалдар жиналып, бірнеше фотосуреттер түсірілді. Олардың көпшілігі депозитивке айналдырып, мұражайдың дәрістік жұмыстарына қосымша құралдар ретінде пайдаланды.

Алайда, 1920 жылдардың соңынан соғысқа дейінгі уақытта Кеңестер Одағына екі бесжылдық жоспар «мерзімінен бұрын орындалып», үшінші бесжылдық жоспарының да жылдам орындалуы қолға алынды.

1931 жылы Қазақстан Орталық мұражайы құрамына Алматы қаласында орналасқан Жетісу өлкетану мұражайының барлық қорымен және қызметкерлерімен қосылуы еліміздегі мұражай құрылысы ісіндегі елеулі оқиға болды.

1934 жылы мұражай басшыларының жиі ауысуына және атқарылуға тиісті істерге толық көңіл бөлінбеуі салдарынан Орталық мұражай жұмысы нашарлап кетті. Тиісті өңдеу жұмыстарының жүргізілмеуі жәдігерлерді аздырып, олардың жекелегендерін күйлер жеп жарамсыз етті.

1935 жылы мұражай 271 күн жұмыс істеп, 69696 көрерменге мәдени-ағарту қызмет көрсетіп, олардың 44116 ер, 25500 әйел адамдар болды. Олардың ұлттық құрамы жағынан 25218 қазақтар, 42452 орыстар, басқа ұлт өкілдері 8519. Оның әлеуметтік құрамы жағынан жұмысшылар 8519, колхозшылар 3813, қызыл армия жауынгерлері 4279.

1936 жылы Орталық мұражай қызметкерлері ұйғыр мен дүнген халықтары бөлімін ұйымдастыру мақсатында Алматы маңындағы аудандарға экспедиция ұйымдастырып, көптеген жәдігерлер алып қайтты. Ал, зоология мен ботаника бөлімшелері жәдігерлері санын ұлғайту мақсатында мұражай қызметкері Ақмоланың Қорғалжын ауданына іс сапарға шығып Орталық Қазақстанды мекендейтін бірнеше құстардың тұлыптарын алып келді. Бөлім жәдігерлері санын көбейтумен қатар осы жылы мұражай қорындағы аса құнды жәдігер қайта өңделіп, арнайы суретке түсіріліп, оларға ғылыми түсініктемелер жазылды. Мұражай қорын күтуге және қажеттіліктерге қосымша қаражат табу мақсатында ересектерден , оқушылардан 30 тиын ақысы алынды.

Орталық мұражайдың осында ішкі құру жұмыстары нәтижесінде оның халықтық мәдени-ағарту қызмет көрсетуі сапасында түсті.

1937 жылы Орталық мұражай өз қызметкерлерін Мәскеу, Ташкент, Самарқанд, Самара, Саратов мұражайларына қызметімен танысты және байланыс орнату мақсатында іс сапарларын жіберді. Осы іс сапар нәтижесінде бөлімдер экспедициялары мұражай ісіндегі соңғы жаңалық өзгерістерге қарай қайта құрылды.
Әдебиеттер1. М.Дакенов, Б.И.Нурпеисова и др. Архивоведение. Алматы,2003.

2. Р.Сариева Архив и история. «Арыс»,2004.

3 Мухсинова З.Г. Архивному делу в Казахстане-200 лет. Костанайские новости. 1995, 10 января.

4. Горфеин Г.М. Шепелов Л.Е. Архивоведение.Арнайы оқулық.Л., 1971.


Бақылау сұрақтары

1. Қазіргі кездегі мұражай ісі мен КСРО кезіндегі мұражай ісінің дамуы жөнінде не білес із?

2.Орталық мемлекеттік мұражай дегеніміз не?
9 тақырып.Мұражайлардағы мәдени мұра.

Мақсаты: Мұражайлардағы мәдени мұраны сипаттап, маңызын көрсету..

Жоспар:

1.Мәдени мұра

2.Мұражай халық мұрасы

1.Фольклордың этнографиямен тығыз байланысты екенін, олардың өзара этностық тарихын зерттеуде бірін-бірі толықтырып отыратындығын академик Ә. Х. Марғұлан өз зерттеулерінде баса көрсеткен. Ол – қазақ фольклорын, оның ішінде қазақтың тарихи жыр-аңыздарына сүйеніп, тарих пен этнографияны байланыстыра отырып, тарихи фольклорды алғаш реткешенді түрде зерттеген ғалвм. Сонымен қатар ол осы тарихи жыр-аңыздарында қазақ халқының генезисін және өсіп-өрбу жолдарын кеңес дәуірінде нақтылы айқындап, алғаш ашқан ғалымдар қатарына жатады.

Ә. Х. Марғұлан шашырап жатқан сан ғасырлық мұраларды, замана айғақтарын типологиялық және нақтылы тарихи аспектіде зерттей отырып, халықтың рухани игілігіне айналдыруды мақсат еткен.

Мәдениеттің барлық түрлеріне, оның ішінде, мәднени мұра мәселесіне көңіл бөлудің тағы бір себебі ол: дүниежүзілік өркениеттің негізін құрайтын ұлттық мәдениет, қол өнері және олармен тығыз байланысты әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің азайып, «технизация», «урбанизация» деп аталатын үрдістермен алмасуы.

Италияның халықаралық мұражайлар комитетінің төрағасы Дж. Пинна осы материалды емесрухани мәдени мұраларды үлкен үш категория етіп қарастырады.

Бірінші топ: ата кәсіп, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, халықтың би өнері, тұрмыс ерекшіліктері, т. б.

Екіншші топ: тілі, әндері, халық ауыз әдебиеті.

Үшінші топ: халықтық тәрбие, ағартушылық, тәлімгерлік тәрбие.

XIX ғасырда шеберлер, ісмерлер дайындаған тұскиіз, сырмақ сақталған болса, пайдаланған ою үлгілерін, бояуды, жіпті, матаның түрлерін немесе жүн тауып сол сырмақты немесе тұскиізді жаңғыртып, қайта жасауға болады. Ал, ауыз әдебиеті үлгілерін, өзгеріссіз дәл сол қалпында қайталау мүмкін

емес. Осы ғана дәлел бір ғана «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының он бес, он алты вариантының болуы. Бірақ жыр сақталған. «Қозы Көрпеш – Баян сұлуды» көп жырлаған ақындардың бірі – Шөже. Шөже ақын жырды 1820 жылға дейін 50 жылға дейін жырлап келген. Оның айтқан нұсқалары Ақмола, Семей, Торғай облыстарында кең тарғандығын зерттеп жазған Әлкей Хақанұлы еді.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының ерте кезде жазылған қазақша бір нұсқасын уақ Баян батырдың ұрпағы Абылхайыр Дербісалин жырлаған. 73 жасында жырдығ ең жақсы варианттарының бірін жырлап өткен Найман Қаракерей елінен, Айтбай Дандыбайұлы туралы, сондай-ақ «Қозы Көрпеш – Баян сұлуды» - Сыбанбай ақын, Қатпа ақын, т. б. орындаған. Әсіресе, көп орындаушылары Аягөз бен Лепсі бойы ақындары екенін және олардың қолжазбаларының сақталмағанын айтады.

Рухани мұраны сақтаудың бірден-бір жолы – тәлімгерлік, әке жыршыдан – бала жыршыға мирас етіп қалдыру деген пікірді Әлкей Хақанұлы жазған еді. Өйткені тарихи жыр-аңыздарда үлкен тарихи хабарлы оқиғалар сақтаулы, оны ересек кісіден бірден ұғып түсіне алу қиын, сондықтан бірізділік болмай тарихи фактілер бұрмаланып дұрыс баяндалмайды. Осы себептерге байланысты ақын-жыршы өз баласын немесе шәкіртін кішкентай кезінен бастап үйретеді. Бала жасынан жыр аңызды жатқа оқып үйрене бастайды да, өз жадын, өз елі хақында ой өрісін әрқашан дамытып отырады.

Ал, қандай да болсын мұражайладың зерттеу және мәдени-ағарту жұмыстарын толық мәнді іске асыру үшін археология, тарих, этнография, мәдениеттану, өнертану, әдебиет, көркемсурет, т. б. (мұражайлардың профиліне байланысты) қай салада болсын тұрақты және нақты ғылыми зерттеу жұмыстары қажет болса, сол зерттеу жұмыстары мүмкіндігінше, Әлкей Марғұлан ұсынған этнотарихи тәсілмен жүргізілсе, Қазақстан мұражай ісі жаңа белестерден көріне аларына шек келтіре алмаймыз.

Қарт – Торғай республика куәгері. Тарихқа аты алтын әріптермен жазылар шежірелі көне өлкеміздің бірі де бірегейлі. Айтқан сөзі атылған оқтай ақындыь да, күміс көмей әншіні де, сөзщі мірдің оғындай сатирикті де, аты нардай арыстарымызды да, білекті батырларымызды да, білекті ұстазды да, қадірменді имамды да өмірге әкелген киелі топырақ. Талай зұлмат жылдарды басынан өткерген әрі оны жеңе білген, сол жолда айтулы арыстарымыз талай күш салған қасиетті жер.

Қазірігі таңда Торғай елі көркейіп, гүлденіп келеді. Торғай жері туралы әңгіме болғанда, алдымен ауызға оралатыны-тарих қойнауынан сыр шертетеін қала мұражайлары. Мұражай өткенді, тарихты келешек ұрпаққа жеткізетін таспен жазылған өшпестей мәдени мұраларымыздың бірі.

Бүгінде тарихи мол көне Торғайда бес мұражай: Әліби Тоғжанұлы Жангелдиннің тарихи-мемориалды, Шақшақ Қошқарұлы Жәнібек тархан, Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың әдеби, Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық – мемориалды мұражайлары жұмыс істейді. Әр мұражайдың өзіне тән өмірбаяны болады. Киелі өңірдегі мұражайлардың барлығы дерлік аудан тұрғындарының атсалысуымен іргетасы қаланған.

Қаладағы мәдени орындардың бастауы-Әліби Тоғжанұлы Жангелдиннің тарихи-мемориалды мұражайы. Бұл аудан орталығында ең алғаш ашылған орын. Мұражай Әліби Тоғжанұлы Жангелдиннің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған. Мұражай жеті залдан тұрады. Оның әрқайсысына тоқталатын болсақ , бірінші залда 1910-1912 жылдардағы Әліби Жангелдиннің дүние жүзін аралап өтуі. Сонда Жангелдин өзінің туып-өскен кіндік қаны тамған Торғай еліне келеді. Бұл залда оның туып-өскен жері-Қайдауыл ауылының көрінісі бейнеленген.

Екінші залда – Жангелдиннің туған жері, балалық шағы, білім алған кезеңдері. Балалық шағындағы қазақ ауылының тұрмыс – тіршілігін бейнелейтін көрініс. Онда Торғайда кездесетін аң терілері, киіз үй және ондағы қазақ отауы, төрінде жиналған жүгі, жабдықталған асханасы, бәрі өз ретімен орын тепкен. Келесі залда Торғай өзені, Қайдауыл болысы.

Төртінші залда ұлт-азаттық қозғалыс және Шалқар экспедициясы. Онда Шалқар экспедициясының диарамасы берілген. Одан кейін Қызыл керуен залы. Қызыл керуен жүріп өткен жерлерінде халыққа медициналық, мал дәрігерлік көмек көрсетіп, жергілікті жердегі өкімет орындарының іс-әрекетін тексереді. Негізгі мақсаты- Орынбор мен Торғай аралындағы елді-мекендерге көмек көрсету.

Келесі зал 1941-1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына арналған. Мұнда Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен торғайлықтар және бір топ ардагерлерге арналған сөрелер. Соғыстан елге оралмаған жерлестерімізге арналған Мәңгілік алау, бәрі-бәрі осы залдан орын алған.

Ең соңғы зал "Бүгінгі Торғай –түлегін Торғай" деп аталып, онда аудан экономикас мен әлеуетіі мәдениеті мен білімін көтеруге үлес қосқан жерлестеріміз: стахановшылар, Ленин орденінің иегерлері, дәрігерлер, мәдени қызметкерлер, Социалистік Еңбек Ерлерінің порттреттері мен аты-жөндері және аудан паспорты берілген. Әліби Жангелдиннің тарихи мұражайы елдің өткенін бейнелейтін таусылмас қазынадай.

Еліміздің қос арысы – Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы атындағы әдеби мұражай. Халық қаржысымен іргесі қаланған бұл мұражай 1991 жылдың маусым айында ашылды. Алдында қос арысқа арналып, ескерткіш орнатылған. Жалпы мұражай экспозициясы тоғыз залдан тұрады. Кіре берісте көзге түсетіні- қазақ елінің басына түскен нәубет жылдарды бейнелейтін көрініс.1929 жылдағы Қазақстандағы Голошекиннің "Кіші октябрь" 1932 жылдағы жұт. Торғай еліндегі "Аққұм" ауылының қырылкы. 1937 жылдағы репрессия кезеңі және құм сағат – бәрін де уақыт көрсететін айқын бейнелегендей.

Әрі қарай жүрсеңіз, Ахмет Байтұрсыновтын туған жері – Сарытүбек ауылының және ол оқыған кездегі Торғай қаласының көрінісіне куә боласыз. Келесі залда ақын, аудармашы, публицист Ахмет Байтұрсыновтың "Маса" кітабының 1909 жылы Санкт –Петербург қаласынан шыққан түпнұсқасы сақталған. Ахаң түбі ақталар деген мақсатпен сақтап, 1991 жылы Ақкөл елінің тұрғыны-Ерден қария мұражай қорына тапсырған. Сонымен қатар "Қазақ" газетінің редакциясы мен Ахмет Байтұрсыновтың редактор болғанын дәлелдейтін құжат, 1922 жылы Орталық Академиясының төрағасы болып қызмет атқарғандағы құжаты, аштыққа көмек көрсету комитетінің мүшесі болғанын дәлелдейтін құжаты,аштыққа көмек көрсету комитетінің мүшесі болғанын дәлелдейтін құжаты, тіл маманы, тюрколог ғалым екнедігін дәлелдейтін бірнеше құжаттарының фотосуреттері, тұтанған заттары және 1937 жылы Алматы түриесінде атылар алдында түскен соңғы суреті сақталған.

Міржақып Дулатовтың туған жері Сарықопа ауылы, балалық шағы, білім алғандағы Торғай қаласы, 1914 жылы Қазан баспасынан шыққан қазақтың тұңғыш романы "Бақытсыз Жамал", қайтыс болғаннан кейін зайыбына жіберілген акты, Міржақыпқа тіккен қазақы тақиясы, кестелі көрпесі, қызы Гүлнарға жасаған фоторамасы,"Еңбекші қазақ" газетінде тілші болғандағы куәлігі", Ахмет Байтұрсынов туралы жазған очеркі, бәрә бәрі қаз қалпында сақтаулы. Одан кейінгі залдарда Байтұрсынов пен Дулатовтың жерлес ізбасарлары жайлы мағлұматтары беріліп, арыстарымыздың ақталғандығымен қорытындылайды.

Еліміз тәуелсіздік алған соң елімен қайта табысқан ардақтыларымыздың бірі Шақшақ Қошқарұлы Жәнібек тархан. Шақшақ Жәнібек тарханның мұражайы 1993 жылы 27 тамызда батырдың 300 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған. Мұражай табалдырығынан аттаған бойда көретініңіз – Шақшақ Жәнібектің мүсіні және оның алдында қабірінен әкелінген қара топырақ.

Одан кейін Бұқар жырау, Бөгенбай, Қабанбай батырлардың суреттері қойылған. Сонымен қатар Орынбор мұрағатынан алынған құжаттар, оның ішінде 1743 жылы 11 шілдеде Орынбор губерниясының кеңесіне патшадан келген жарлықтардың тізбесі, мү\ұнда 37-ші реттік санмен Жәнібек батырға тархан атағы берілгендігі туралы жарлығы, батырдың 1747 жылы 24 шілдеде императрица Екатиринаға жолдаған хаты, Орынбор шекара комиссиясының бастығы, генерал-лейтенант Урусовтың жарлығы, ХVІІІ ғасырдағы қазақ елінің картасы назар аударарлық.

Келесі залда Аңырақай шайқасында қазақтың "Үштоғыс","Қоянқашты" тәсілдерінің диарамасы берілген. Бұл Қазақстандағы тұңғыш диарама болып табылады.Одан кейін қазіргі таңдағы 1878 жылы Ресей империясының жинағынан алынған Торғай қаласынын елтанбасы.

Мұражайдағы ең құнды жәдігер –Есім ханның бас батыры – Шақшақ батырдың туынын қиындысы. Бұд туды Жәнібек тархан да ұстаған. Тудың қиындысын мұражайға сыйға тартқан Жәнібектің үлкен баласы Дәуітбайдан тараған Шеген тұқымы Бектеміс зайыбы Ғалия әжеміз. Ол кісінің айтуынша, бұл әулет нәресте сүймеген көрәнеді. Содан соң тудың қиындысын шаңыраққа іліп қойған соң, ол үйде ұрпақ жалғастығын табады. Тоқтамыс ұрпағының бабасының мұражайына сыйлаған ескерткіші,ХVІІІ ғасырдағы қазақ жауынгерлерінің киген киімі, 1829жылы Аңырақай шайқасында қазақтың "Үштоғыс","Қоянқашты" тәсілдеріне пайдаланған қару жарақтары да мұражайдан орын алған жәдігерлер.

Қасиетті Торғай өңіріндегі келесі мәдени орын Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық мемориалды мұражайы. Мұражай Ыбырай есімі берілген мектеп түлектерінің үндеу тастауымен, 1988 жылы халық қаржысымен ашылған. Мұражайдағы ерекше көзге түсетіні ертедегі ауыл мектебіндегі оқудың көрінісі. Онда ертедегі молдалардың оқытуы суреттеледі. Сол кезде пайдаланған оқулық құран кітабы да орын алады. Және ағартушының оқыған мектебінің, жатақханасының, тұңғыш мектептің суреттері, Ыбырайға жазған атасының хаты, мектепке алғаш қабылданған 14 оқушының тізімі, мектеп үйінің планы, білім алған оқу орындары мен шәкірттерінің суреті және сол уақыттағы мұғалім киімі мен мектеп қоңырауларының суреті қойылған. Және бір залда орыс достары мен ізбасарлары, отбасы, ұрпағы халық ақыны Мәриям Хакімжанованың суреттері қойылумен қатар, Ыбырайдың 1991 жылы жасалған кесенесінің суреті де орын алып тұр. Ежелден тарихи, мәдени мұраға толы өлкенің мұражайлары, міне осындай. Негізінен мұражай көрермендері мектеп оқушылары, аудан тұрғындары, ардагерлер. Осындай тарихи мұраны келешек ұрпаққа жеткізіп, оны таныстыруда мұражай қызметкерлері табанды қызмет атқарып келеді.


Әдебиеттер1. М.Дакенов, Б.И.Нурпеисова и др. Архивоведение. Алматы,2003.

2. Р.Сариева Архив и история. «Арыс»,2004.

3 Мухсинова З.Г. Архивному делу в Казахстане-200 лет. Костанайские новости. 1995, 10 января.

4. Горфеин Г.М. Шепелов Л.Е. Архивоведение.Арнайы оқулық.Л., 1971.


Бақылау сұрақтары

1.Қандай құндылықтарды сіз мәдени мұраға жатқызасыз?

2. Мұражай халық мұрасы дегенді қалай түсінесін?
10-11 тақырып. Мұражай концепциясының негізгі коммуникациялық ережелері.

Мақсаты:Негізгі ережелермен танысып, талдау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет