6.4.2. Сабақ барысын және тиімділігін бағалауға арналған нұсқаулар
Оқушылардың жауап беруін бақылағанда мына кездерге көңіл бөлуді ұсынуға болады:
қандай формада жауап беру жүргізілді (жеке немесе фронтальды, ауызша, жазбаша немесе зертханалық);
таңдалған жауап беру формасының бағасының оңтайлығы;
сабақтың басқа кезеңдерінің арасында сұрауды жасау кезі дұрыс анықталды ма?;
сабақ барысында жауап сұрауға кеткен уақыт дұрыс бөлінді ме?
жауап алудың мақсаты нақты қойылды ма (жаңа тақырыпқа көшу, білімді тексеру, іскерлігін тексеру);
ол толық іске асырылды ма?
мұғалім жауап алудың оқытушылық қасиетін қамтамасыз етуге тырысты ма?
барлық оқушылардың оған белсенді қатысуы;
қателіктер іскерлі түрде түзетілді ме және оған оқушылар қатысты ма?
бағалар қаншалықты объективті түрде қойылды және дәлелді түрде негізделді;
басты ұғымды меңгеруге қалай көңіл бөлінді?
жауап беру жоспарының қисындылығына?
білімнің беріктілігіне және оны тәжірибеде қолдана білуіне көңіл аудару.
Достарыңызбен бөлісу: |