Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі коммерциялық емес акционерлік қоғам



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата15.03.2023
өлшемі427,12 Kb.
#172626
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС № 1
чек лист терапия, Жақсыбек Ерасыл 4 Зертханалық жұмыс, Теплоэнергетика Зертхана-1 У.С
Әлеуметтік институт
деп көбінесе адамдардың бірлескен қызметінің 
тарихи қалыптасқан орнықты нысандарын айтады. Институттардың негізігі 
мақсаты - жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі 
қажеттіліктерін қанағаттандыру. Олардың сәтті қызмет атқаруы адамдар 
қауымдастығының өмірін сақтауға мүмкіндік береді, оларды топтар мен 
қоғамға біріктіреді, олардың өмірін тұрақты етеді. Дәл осы әлеуметтік 
институттар ұйымдардағы бірлескен корпоративтік қызметті үйлестіреді, 
әлеуметтік қатынастар сипатын анықтайды және оларды сақтап отырады. 
Әрбір институт:
- белгілі бір қызмет аясын;
- белгіленген құқықтар мен міндеттер негізінде қоғамдық, ұйымдық 
немесе басқару функцияларын орындауға өкілетті адамдар тобын; 


- ресми тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың ұйымдық нормалары 
мен принциптерін; 
- қойылған міндеттерді шешуге қажетті материалдық құралдарды 
(қоғамдық ғимараттар, құрал-жабдықтар және т.б.) қамтиды. 
Мысалы, әділет органдары (юстиция) әлеуметтік институт ретінде 
құқықтық қатынастар мен оларды реттеу саласын білдіреді. Оған жататындар 
белгілі бір адамдар тобы (прокурорлар, соттар, адвокаттар); қабылданған 
ресми заңдар мен басқа да заңнамалық актілер, сондай-ақ құқықтық өкілетті 
тұлғалардың мінез-құлықтарының бейресми стандартталған үлгілері (соттың, 
прокурордың, адвокаттың және т.б. рөлдері); мекемелер (прокуратуралар, 
соттар, тұтқындау орындары және т.б.) және әділетті қаржыландыруға 
арналған ел бюджетінен бөлінетін қаражат. 
Қоғамдық байланыстар мен қарым-қатынастарды тәртіпке келтіру, 
ресмилендіру және стандарттау процесі 
институционалдандыру
деп 
аталады. Қоғамның белгілі бір байланыстардың әлеуметтік ұйымдастыруға 
қажеттілігін ұғынуы барысында сол қажеттілікті қанағаттандыра алатын 
әлеуметтік нормалар, ережелер, мәртебелер мен рөлдер бекиді. Әлеуметтік 
институттың қызмет атқаруына жәрдемдесетін жалпы мақсаттар, топтар 
және ұйымдар қалыптасады, институттың барлық мүшелерін қамтитын 
нормалар мен санкцияларды қолдану ресімдері, мәртебелер мен рөлдер 
жүйелері құрылады. 
Неғұрлым маңызды қажеттіліктерді қамтамасыз ететін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет