Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы


Сталиндік қуғын-сүргін, олардың ауқымы және ауыр зардаптары. Саяси



бет30/66
Дата23.02.2023
өлшемі0,54 Mb.
#169890
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66
Байланысты:
Қуатов Дархан ИСТ-11

26. Сталиндік қуғын-сүргін, олардың ауқымы және ауыр зардаптары. Саяси сенімсіздік және халықтарды Қазақстанға күштеп жер аудару. Е. Б. Бекмаханов Ісі.
млн адам саяси-қуғын сүргіннің құрбанына айналды. Алайда бұл ақпарат түпкілікті емес,өйткені 1920- 1940 жылдарда тұтқындалған көптеген адамдардың тағдыры осы күнге дейін белгісіз болып отыр. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздік мәртебесін алғаннан қазіргі кезге дейін қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша жұмыс топтары құрылып, ақталуда.
1928 жылдан бастап Кеңес өкіметінің басшылығына И.Сталин келіп, « Ұлы бетбұрыс » жылын орнатты. Сол кезден бастап халық арасында бір-біріңе деген сенімсіздік,қорқыныш, қорғансыздық туындады. Ұлт-зиялыларының өкілдері ұлтшылдық бастамашылармен байланысып, Кеңес өкіметін құлатуға ұмтылды деген ақпаратпен айыпталды. Олар қуғын – сүргінге ұшырады.1922 жылы басшылық қызметтегі « Алаш » партиясының барлық бұрынғы мүшелері орындарынан қуылып, 1924 жылы бірқатар қазақ коммунисттері республикадан Орталыққа шақыртылып алынды.

1924 жылы коммунистік партия қатарына республикадан 7 944 адам ,оның ішінде 2000 қазақ мүшелікке өтті. 1925 жылы 1 желтоқсанда өткен РКП (б ) Бүкілодақтық V конференциясынан кейін ауыл коммунисттерінің қатары толығып,жергілікті партия ұйымдары қалыптаса бастады. Республиканың партия ұйымы 1932 жылы толық қалыптасып, өлкедегі шешуші күшке айналды. Алайда партия қатарына жалған белсенділер көбірек еніп,бюрократизмге,көсемге табынушылық, жалған ақпарат берушілік, жағымпаздық дәстүр мен партия өктемдігі орнықты.
1928 жылдың соңында « буржуазияшыл ұлтшылдар » атанған «Алашорданың» бұрынғы қайраткерлерінің бірі тұтқындалды. «Алаш» партиясының өкілдерін қылмыстық қудадалау мақсатында кез-келген айла-шарғы, құралдар пайдаланылды. Баспасөзде олардың атын қаралайтын мақалалар жарияланып,тікелей арандату әркеттері жасалды,олардың отбасы мүшелері тұтқындалды. Мысалы, «Алашорда» мүшелеріне қарсы сот процесін бастау үшін 1922 жылы Шу жазығында өткен, ұмытылып кеткен Қаратай Әубәкіровтың ісі пайдаланылды. Бұл кезеңде Ж.Аймауытов,Ә.Байділдин Д.Әділиевтер атылып,қалғандары әртүрлі мерзімге түрмеге жабылды. Олардың кейбіреулері М.Дулатов лагерьде қаза тапса,қалғандары А.Байтұрсынов,М.Жұмабаев жазасын өтегенмен, 1937 жылы «Алашорданың» қызметіне араласқаны үшін айыпталып, 1937-1938 жылдары ату жазасына кесілді. Ұлт зиялыларының құрамында М.Тынышбаев, Х.Досмұханбетов, Ж.Досмұханбетов, Ж.Ақбаев т.б басқа тобы 40-шақты адам 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындалды. Көп ұзамай олардың 15-і М.Тынышбаев,Ж.Ақбаев,Х.Досмқханбетов, Ж.Досмұханбетов т.б. Ресейдің Орталық қаратопырақты облысына жер аударылды.Олардың барлығы дерлік 1927 жылы қуғын-сүргінге ұшырады. Ұлт-зиялыларының екінші тобы 1930 жылы тұтқындалып, Ресейге жер аударылды. 1936-1938 жылдары Қазақстанда 25 833 адам партиядан шығарылып, 8 544 адам « халық жауы, космополит » айыптары тағылды. Соңғы зерттеушілер бойынша 1931-1954 жылдар аралығында 3 млн 800 мың адам ату жазасына соттап, соның 650 мың адамға үкім кесіліп, ал 2 млн 370 мыңы 25 жылға сотталып, лагерьге айдаған.
1920-1950 жылдардағы заңсыз қуғын -сүргіннің айнымас серігі- мемлекет және оның қызметшелері мен органдарының қарапайым адам құқықтарын жаппай өрескел бұзып,аяққа таптауы болды. Азаматтарды « халық жауы »деп жариялап, азаматтық құқықтардан айыру,мемлекеттен қуу,дүние-мүліктерін тәркілеу, қатан оқшаулар арқылы еркінен айыру тәрізді жазалау шаралары да кеңінен қолданылды. Қазақстандықтарға көбінесе жапон,герман тыңшылары деген айып тағылып, айыптаушылар мен сотталғандардың « мойындауы» ешқандай дәлелдеусіз жүзеге асырылды.
Жалған халық жауларымен күрес концлагерьлердің құрылуына жағдай жасады. ( Карлаг,Степлаг,Алжир ). Көптеген аудандар тікен сымдармен қоршаланып, ол сақадай сай қаруланған әскермен күзетілді. Кейінірек атылған адамдарды жаппай жерлеген жерлер анықталды. Сондай орындардың бірі-Алматы түбіндегі Жаңалық ауылының жаңынан кездейсоқ табылды.
Мұнда 1937-38 жылдары атылған белгілі жазушылар мен ақындар С.Сейфуллин,І.Жансүгіров,Б.Майлин,А.Байтұрсынов,С.Асфендияров ,М.Жұмабаев секілді т.б мемлекет және қоғам қайраткерлері құпия жағдайда жерленген.
1940-1950 жылдары да ұлт саясатын қудалау ісі жалғасты. М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов « қазіргі тақырыпқа пьеса жазбайтындар» ретінде сыналды. Ә.Тәжібаевтың « Біз қазақпыз » атты шығармасы ескі хандар мен бай- шонжарлар өмірін мақтау, марапаттау деп сынға ілінді.Белгілі композитор А.Жұбанов «феодалдық–байшылдық дәстүрлерді асыра дәріптегені үшін» қатаң сынға ұшырады.
Әсіресе 1947 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Қазақ КСР Ғылым академиясының « Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы саяси өрескел қателіктер туралы » қаулысы жарияланған соң ұлтшылдықты айыптау кеңінен қанат жаяды. Қазан төңкерісінен бұрынғы жазылған ұлттық сипаттағы шығармаларды зерттеуші ғалымдар қуғындалды. Орталық комитет 1948 жылы тамыз айында «Қазақ совет әдебиетінің жағдайы және оны одан әрі дамыту туралы » шешім қабылдады. Нәтижесінде Б.Кенжебаев , Т.Нұртазин , Ә.Қоңыратбаев , Е.Ысмайылов, М.Әуезов , Қ. Жұмалиев , Ә.Марғұлан секілді талантты зерттеушілер ұлтщылдар қатарына жатқызылды. Әдебиетші ғалымдардың бір тобы « Кенесарыны дәріптеушілер » ретінде де айыпталды. 1947 жылы жарияланған « Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында » атты монографиялық зерттеудің авторы, талантты тарихшы ғалым Е.Бекмаханов жазықсыз қудаланып , 25 жылға тарихшылар да қудаланды. Қазақстандық ғалымдардың жазықсыз жазалауына араша болуға ұмтылған республиканың Ғылым академисының тұңғыш президенті Қ.Сәтбаев қызметінен босатылып, Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды.

27. Халық шаруашылығының әскери өмір жағдайларына көшуі. Халықтарды, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен мәдениет объектілерін Қазақстан өңірлеріне көшіру. Отан соғысы жылдарындағы тыл қызметкерлерінің ерлігі. (1941-1945 жж.).
Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті. Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық-түлік емес, сонымен бірге тірі мал, тіпті, ауыл шаруашылық техникасын жіберіп отырды. 1942-1943 жылдар аралығында республика ауыл шаруашылығынан 4111 трактор, 1184 жүк машиналары, 30318 жылқы майданға жіберілді. Сондықтан да соғыс жылдары егін салу жұмысының 50%-ін ірі қара атқарды. Тылдағы еңбекшілер жоғарыдан берілген жоспарды орындау барысында күні-түні еңбек етті. Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100 млн. пұт астық тапсырылды. Бұл көрсеткіш 1940 жылмен салыстырғанда 24 млн. пұтқа артық. Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен еңбек күнін таңғы бестен, кешкі 22.00-ке дейін ұзартқан. Әрбір шаруа 2-3 адамның жұмысын атқарды. Әйелдер балаларын балабақшаға тапсырып, күні-түні жұмыс істеп, колхоз жұмысын белсене атқарды. Мысалы, Алматы облысының 9 ауданының 277 колхозында соғысқа дейін 64369 адам еңбек етсе, соғыс жылдары олардың саны әйелдер, қариялар және балалар есебінен 68598 адамға дейін өскен.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент ауданының Куйбышев атындағы колхозында 74 жастағы қарт ана – Анар Садықова – жұмыс істесе, Семей облысы, Абай ауданының “Шолақ еспе” артелінде 70 жасар қария – Кенебаев еңбектеніп, жоспарды асыра орындады. 1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 га-дан 202 ц. тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Соғыс жылдарындағы әйелдер ерлігі ерекше. Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рулдеріне отырды. Мысалы, Ақтөбе облысы, Мартук ауданының Дзержинский атындағы қолхозында Агафья Швалькова соғысқа кеткен күйеуінің комбайынын жүргізіп, 2 күнде 87 гектардан астық жинады. 1942 жылы 450 мың гектар тың және тыңайған жер жыртылып, егін салатын жер ауданы 17%-ке өсті. Осы жылы Қазақстанда 6809 колхоз болды, оларда еңбек етуге жарамды 4912001 ерлер, 593407 әйелдер еңбектенді. Нәтижесінде 1942 жылы Қазақстанда егін жақсы шығып, республика бойынша 84,3 млн. пұт астық жиналды. Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Семей облыстары астық жинау жоспарын 102,2-тен 114,9-ке асыра орындады. 1943 жылдан бастап республикада егін егісі қысқара бастады. 1940 жылы егістік 6808,6 мың га болса, 1945 жылы 6039,9 гектарға кеміді. Себебі 1943 жылдан бастап жаудан азат етілген жерлерге егін салу жандана бастады. Керісінше, картоп, бау-бақша өнімдерін егетін жер көлемі жылдан-жылға өсті. Бұл өнімдер 1940 жылы 214,2 мың гектар егістікке егілді. Сондықтан 1944 жылы колхоздар мен совхоздар мемлекетке 1943 жылмен салыстырғанда 18,2 млн пұт қант қызылшасын, 7 ц. көкөніс, 150 000 ц. мақта артық өткізді. Бұл жылдары республиканың барлық колхоздары мен совхоздары жоспарларын орындаумен шектелмей, асыра орындауға бар күштерін салды. Мысалы, Қарағанды облысының Осакаровка ауданы 1943 жылы 1944 жылмен салыстырғанда мемлекетке 2 млн. пұт астық артық тапсырды. Соғыс жылдары бір адам майданға кеткен бірнеше адам орнына жұмыс істеу қозғалысына, жұмыс өнімділігін арттыру барысында мемлекет тарапынан ұйымдастырылған әртүрлі жарыстарға қазақстандық малшылар да көптеп тартылды. Мысалы, 1942 жылы бүкілодақтық малшылар жарысынан қазақстандықтар бірінші орын алды. Сандық көрсеткіш бойынша 1942 жылдың соңында мал басы 1,5 млн. немесе 1942 жылдың басындағы көрсеткіштен 17%-артты. Мал басын өсіруден Қызылорда, Қарағанды, Павлодар облыстары алда болды.

Соғыс жылдары колхозшыларға қарсы тоталитарлық тәртіп тарапынан көптеген шаралар жүзеге асырылады. 1941 жылдан бастап әрбір колхоз-совхоздарда жергілікті саяси бөлімдер құрылып, олар ауыл шарушылық жоспарларының орындалуын қадағалап, жоспарын орындай алмаған шаруаны жазалап отырды. Сонымен бірге 1942 жылдан бастап колхоз-совхоздарда 12-16 жас арасындағы жасөспірімдердің еңбегі заңдастырылып, жұмыс жоспарын орындамаған жасөспірім қылмысты ретінде жазаланды. Осыған қарамастан халықтың патриоттық серпіні тоталитарлық жүйе тәртіптерінен жоғары тұрды. Қазақстандықтар соғыс жылдары майданға өз қаржысына алынған қару-жарақ, техника да жіберіп тұрды. Мысалы, Шымкент теміржол жүйесінің комсомолдары Москва түбіндегі майданға танк колоннасын жабдықтау үшін қаржы жинауды бастайды. Шымкент комсомолдарының бұл бастамасын бүкіл Қазақстан қолдап, жиналған 11 650 мың сомға жасалған 45 танк 1942 жылдың қыркүйегінде “Қазақстан комсомолы” деген жазумен Сталинград майданына жөнелтілді. Жүздеген оқушылар егіс алаңдарында жұмыс істеп, металл қалдықтарын жинап, “Қазақстан пионері” фондына 4 млн. сом ақша жинады. Бұл ақша “Қазақстан пионері” атты коллонаны жабдықтауға жұмсалды. С.И.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті студенттерінің ұйымдастыруымен жоғарғы оқу орындарының студенттері “Кеңестік студент” деген танк колоннасын жабдықтауға 600 мың сом ақша жинады. Танк колонналары мен ұшақ бөлімдерін жасақтауға Республикада 480 млн. жуық ақша жиналып, Қорғаныс Комитетіне тапсырылды. 1943 жылы Алматы қаласында С.Луганскиймен кездесу ұйымдастырылып, бұл кездесуден кейін Алматы жастары 400 мың ақша жинап, батырға жаңа ұшақ сыйлады. Сондай-ақ, соғыс жылдары жинаған қаржыға И.Павловқа, Н. Добровольскийге, Р.Бекетовке арнайы ұшақтар, Кеңес Одағының батыры Қ.Сыпатав атындағы су асты қайығы жасалынды. Республика тұрғындары өздерінің жеке жинағынан майдан қорына 4,7 млн. сом ақша беріп, 20-дан астам құрамалар мен әскер бөлімдерін шефке алып жауынгерлерге 2 млн. астам жылы киім, 1600 мың сомның сыйлығын жөнелтті. Сонымен қатар қазақстандықтар қоршауда қалған қалаларға қамқорлық көмек көрсетті. Қазақстан жаудан азат етілген Орал облысының 10 қаласын, 35 ауданын, Лениград облысының 12 қаласын, Калинин облысының аудандарын қалпына келтіруге көмектесті. Сол сияқты Москва, Курск облыстары, Солтүстік Кавказ, Белоруссия, Украина және т.б. республика тұрғындарына көмектесті. Қазақстан комсомолдары қамқорлыққа алған Сталинградта трактор зауыты мен “Красный октябрь” зауытын қалпына келтіру жұмыстарына 1943 жылы 1439 қазақстандық комсомол аттанды. Түрксіб теміржолшылары батыстағы темір жолдарды қалпына келтіру үшін 20000-нан астам мамандарды жіберді.

Жауды жеңуге республиканың зиялы қауым өкілдері де үлкен үлес қосты. Олардың қатары Кеңес Одағының батыс аудандарынан уақытша көшірілген ғылым мен өнер қайраткерлері негізінде толықтырылды. Соғыс жылдары Қазақстанға 20 ірі ғылым институттары көшіп келді. Олардың ішінде КСРО Ғылым Академиясының физиология институты, Украина Ғылым Академиясының физика-механика институты, Москва, Ленинград, Киев институттары болды. Осы жылдары Қазақстанда И.П.Вернадский, В.А.Обручев, И.И.Мешанинов, А.И.Бах, Л.С.Берг, А.Е.Фаворский, Б.Д. Греков, С.Н.Бернштейн және т.б. атақты ғалымдар жұмыс істеді. Қазақстанға Ресей, Украина, Белоруссиядан 100-ден аса жазушылар уақытша көшіп келді. Олардың ішінде А.Толстой, С.Маршак, С.Михалков, К.Паустовский, М.Зощенко, О.Форш, С.Сергеев-Ценский, Л.Квитко сияқты атақты жазушылар болды. Соғыс жылдары партизан-ақын Ж.Саинның топтамасы, Қ.Аманжоловтың “Ақын өлімі туралы аңызы”, М.Әуезовтың “Абай жолы” эпопеясының бірінші кітабы, С.Мұқановтың “Өмір мектебі”, Ғ.Мүсіреповтың “Қазақ солдаты”, Ғ.Мұстафиннің “Шығанақ” повесі, Ж.Жабаевтың “Ленинградтық өренімі” дүниеге келді. Сонымен бірге Қазақстанға 20-дан аса театрлар мен музыкалық мекемелер, өнер қайраткерлері көшірілді. 1941-1945 жылдары Алматының біріккен орталық киностудиясында кеңес киноматографиясының алтын қорына енген фильмдер түсірілді. Олар: “Секретарь райкома”, “Они защищает Родину”, “Воздушный извозчик”, “Два бойца”, “Фронт”, “Жди меня”, “Парень из нашего городка” т.б. Соғыс жылдары Қазақстанда 500-ге тарта кино қызметкерлері мен әртістер еңбектенді.Соғыс жылдары КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық бөлімінде астрономиялық обсерватория, тіл, әдебиет пен тарих, химия-металлургия, топырақтану мен ботаника, зоология және өлкетану институттары ашылды. Қ.И.Сәтпаев бастаған қазақстандық ғалымдар қара, түсті және жиі кездесетін металдарды, тау пайдалы қазбаларын, су және гидроэнергетикалық ресурстарды соғыс қажетіне қолдану бағытындағы ғылыми жұмыстар жүргізді. Соғыс жылдары Қазақстанға жоғарғы оқу орындары көшіріліп, көптеген орыс - қазақ, қазақ-украина мектептері, балалар үйі мен интернаттар ашылды. Олардың ішінде – Москва авиация институты, Москва түсті металл және алтын институты, біріккен Украина мемлекеттік университеті болды. Сонымен бірге соғыс жылдары Алматы мемлекеттік шет тілдер институты, Шымкент технологиялық институты, Қазақ мемлекеттік консерваториясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты ашылды. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісі адамзатты фашизм қаупінен құтқарды. Қазақ халқының бұл жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты.
28. Қазақстандықтардың майдан қимылдарына, партизан қозғалысына қатысуы. Қазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары-ата-бабаларының ерлігінің ізбасарлары. Батыс Қазақстан тұрғындарының Еңбек және жауынгерлік ерліктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет