Интонациялық ансамбль хордың жалпы және жеке стройына (үн құрылымына) тікелей байланысты. Сондықтан да хор жетекшісі оқушыларға екі бағытта әсер етеді: біріншісі‑ дыбыс биіктігін жоғарылату, екіншісі‑ дыбыс биіктігін төмендету. Осыған байланысты П.Г.Чесноков “Хор и управление” атты еңбегінде дыбысты басқарудың 4 тәсілін жүйелеп көрсетеді:
жеке әнші үшін жоғарылату тәсілі;
Егер де хор мүшелерінің бірі өзінің партиясымен дыбыс биіктігі жағынан үйлеспесе, яғни унисонды құрай алмай “интонация жағынан сәл төмендетсе”, дирижер сол қолымен “жоғарылату” белгісін қысқа етіп көрсетуі қажет. Осындай қол қимылының көрінісін П.Г.Чесноков былай суреттейді: хор жетекшісінің қол‑қимылы “төмен” әндетіп тұрған әншіге бағытталуы тиіс. Сонымен қатар бет‑әлпетімен қосымша белгі беру қажет, бұл: басты тұзу қалпында ұстап, қасты сәл ғана көтеру, не болмаса сол қолдың алақанын ашық ұстап, саусақтарды көмкеріп, қысым түсіре отырып, сәл ғана төмен бағыттау. Іс‑тәжірибе кезінде бұл және басқа да тәсілдердің тиімділігін арттыру үшін хор жетекшісі әрқайсыларының мән‑мағынасын оқушыларға түсіндіріп, дайындық кезеңдерінде жүйелі түрде қолданып жүруі тиіс.
Жеке әнші дыбыс биіктігін төмендете отырып, партия ішіндегі жеке стройды бұзса, тиісті дыбыс биіктігінен аутқыған тұтас бір партия бүкіл стройды бұзады. Бұл жағдайда, яғни тұтас бір партияға қатысты қолданылатын қол‑қимылдың сипаты жоғарыдағыдай болады. Тек көз қарастың сипаты өзгереді: сәл ғана қасты түйіп, стройды бұзған партияға қатал көз қараспен қарау. Осыдан басқа қолданылатын дирижерлық жест: сол қолды біртіндеп жоғарылатқаннан соң, оң қолды жоғары қарай бағыттау немесе сол қолға қысым түсіре отырып, сәл ғана төмен қарай бағыттау және басты еңкейту.
Хор партиялары ішінде және арасында стройды теңестіре отырып, интонациялық ансамблді реттеу мақсатында К.А.Ольхов өзінің “Вопросы теории дирижерской техники и обучения хоровых дирижеров” еңбегінде төмендегі тәсілдерді ұсынады:
1) қол білезігін көтеру арқылы сұқ саусағымен ескерту белгісін көрсету, мақсаты: интонация жағынан дұрыс орындалмаған дыбысты немесе дыбыстардың гармониялық тізбегін, яғни аккордты интонациялауға қатысты жоғарылату;
2) дирижердың сұқ саусағы төмен қарай бағытталса, ол қате орындалған дыбыс пен аккордты интонациялау жағынан төмендетуді білдіреді./37/
В.Р.Соколов өз кезегінде стройды басқару мақсатында төмендегі ережелердің орындалуын талап етеді:
1) дирижер хор әндеткенде фальштік, яғни интонациялау жағынан бұрыс дыбысталуын болдырмау қажет. Интонациялық ансамблге қатысты аутқуларды хор жетекшісі жедел аңықтап, оқушылар қауымына ескерту жасай отырып, түсіндіру қажет. Өйткені “фальш” хордың көркем дыбысталуын бірден‑бір бұзушы фактор.
2) хор шығармасымен жұмыс жасау кезінде хор жетекшісі интонация жағынан әндетуге қиындық келтіретін жерлерді алдын‑ ала өз үшін белгілеп, сол бөлімдерімен жеке жұмыс жасауы қажет. Мысалы, дауыс қыздырған кезде шығармада кездесетін интервалдық секірістерге байланысты алдын‑ ала арнайы жаттығулар жасату.
3) строй және интонациялау жағынан қарастырғанда шығарманың аса қиын, қауіпті бөлімдерінде дирижер арнайы қол‑ қимыл арқылы оқушыларға белгі бере отырып, қателіктің алдын алады. Атап айтқанда, интонация жағынан жоғарылату белгісін көрсету үшін тура созылған қол білезікті төменнен жоғары қарай асықпай көтеру қажет, ал интонация жағынан төмендетуді талап ететін белгіні сол қолымыз арқылы жоғарыдан‑ төмен бағытты біртіндеп көрсету арқылы жүзеге асырылады. Дыбыстың тұрақтылығын көрсету үшін алдыға қарай созылған қолды көлдеңен сызығы байынша баяу және күш түсіре отырып, біртіндеп жылжыту қажет.
5) дирижер шығарма ішіндегі аккордтардың құрылымын, өзара байланыс заңдылықтарын, үйлесімділігін жете зерттеп, іс‑ тәжірибеде шығарманың дұрыс орындалуын реттеп басқару үшін тиісті жест түрлерін таңдай алу қажет.
Сұрақтары:
Интонациялық тазалық дегеніміз не?
Дыбыс қатары(строй) мен интонациялық дыбысталудың байланысы жайлы әңгімеле.
Хорда дирижердың интонациясымен жұмысы.
Қолданылған әдебиеттер:
Димитривский Г.А. Хор және оны басқару. А.1988