Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет34/46
Дата27.10.2022
өлшемі1,44 Mb.
#155297
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   46
Байланысты:
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Бақылау сұрақтары:
1. Кибернетикалық техникаға мысалдар келтіріңіз?
2. Сандық программалы басқарылатын құрылғылардың басқару жүйесі
қандай элементтерден тұрады?
3. Сандық программалық басқарылатын станокта бұйымды өңдеу қандай
тізбекте шешіледі?
4. Қатқыл дискте жинақтаушы – винчестер қалай орналасқан?
5. Лазерлік принтер қалай жұмыс жасайды?


13-дəріс. Роботтар. Роботтардың жіктелуі. Роботтардың тағайындалуы
жəне қолданылу салалары.
Робот – адамның қозғалғыштық жəне интеллектуалдық функцияларын
қайталайтын қайта программаланатын автомат.
Робот – күрделі операцияны орындайтын автомат.
Роботтарды тағайындалуы жəне қолданылу салалары бойынша келесі түрде
жіктеуге болады: манипуляциялық, информациялық, мобильді, роботтар-
экзоскелетондар, 13.1-суретте келтірілген. Кең тараған класқа манипуляциялық
роботтар жатады, оларға өнеркəсіптік роботтар, экстремалды орта үшін арналған
роботтар, медициналық жəне тұрмыстық роботтарды келтіруге болады. Өндіріс
саласында қолданылатын өнеркəсіптік роботтарды тасымалдау, суық
штамповка, механикалыөңдеу, пісіру, құрастыру, бояу, дəлді құю, гальваника,
тиеп-түсіру, лазерлі өңдеу жəне сол сияқты технологиялық операцияларда
қосымша жəне негізгі функцияларды орындау кезінде қолданады. Өнеркəсіптік
роботтарды тағайындалуы бойынша үш топқа бөлуге болады: технологиялық,
көтеріп-тасымалдау жəне əмбебап.
Экстремалды ортада жұмыс жасайтын роботтарға адам денсаулығы жəне
өмірі үшін қауіпті жерлерде жұмыс жасайтын роботтарды келтіруге болады.
Мысалы, радиоактивті немесе жарылу қауіпі бар материалдармен жұмыс
жасайтын робот – өрт сөндіруші. Ғарыштық роботтар ғарыштық аппараттарды
түйістіруді, жасанды спутниктерді буксирлеу жəне ұстау, жеке блоктарды
ауыстыру, үлгілерді жəне грунтты жинау сияқты жұмыстарды орындайды.
Суасты роботтары авариялы-құтқару жұмыстарын орындайды жəне суасты
мұнай скважиналарының жабдықтарын жөндеу жəне қызмет ету үшін, су
астында орындалатын жұмыстарды жəне суастындағы пайдалы қазбаларды
бақылау жəне алу үшін арналған жұмыстарды орындайды. Жоғарыда аталып
өткен мехатрондық құрылғылардан басқа медицинада аса дəлдікпен
орындалатын опрецияларды жəне аз кесілетін операцияларды орындау үшін
роботтар қолданылады. Күтуші роботтар деп аталынатын роботтар кемтар
науқастарға əртүрлі қарапайым функцияларды: денені бұру, радионы қосу жəне
басқа да қозғалыстарды орындауға мүмкіндік береді. Тұрмыстық роботтарға
үйшаруасы-роботын, əртүрлі антропоморфты ойыншықтарды, сонымен қатар
жарнамалық мақсатта жəне басқа мақсаттарда қолданылатын роботтарды
келтіруге болады.
Роботтардың басқа класы – ақпараттық роботтар, ғарышта, су асты, жер
астында қолданылатын аппараттардан тұрады. Бұл роботтардың негізгі
тағайындалуы қоршаған орта жайлы ақпарат алу жəне беру болып табылады.
Ақпаратты роботтардың негізгі ерекшелігі супервизорлы басқарылуы бар. Бұнда
операция автоматтандырылған түрде жасалады, тек бір операциядан екіншіге
өтуді супервизор қызметін атқаратын оператор, роботтың əрекетін бақылап,
қимыл стратегиясын жасап шығарады.
Болашағы бар роботтар мобильді класқа жататын роботтар болып
табылады. Бұл роботтар əртүрлі қозғалтқыштар көмегімен орын ауыстырады
жəне осы қозғалтқыш түріне байланысты олар: қадамдық, дөңгелекті, шынжыр
табанды болып бөлінеді.


Бөлек класқа экзосүлбелі роботтарды бөлуге болады-олар адамның қол-аяқ
функцияларын ауыстыру жəне күшейту үшін қолданылады. Оларға əртүрлі
ортопедикалық құрылғылар, жасанды аяқ-қолдар, протездер жатады.
13.1-сурет. Роботтардың жіктелуі
Киборг деп аталатын күштік-роботтар адамның физикалық мүмкіндіктерін
күшейтеді. Кейбір жағдайда киборгтарды адамнан да артық көру жəне есту
құрылғылармен қамтамасыз етеді.
Кейбір роботтарды бірден бірнеше кластарға жатқызуға болады. Мысалы,
Чернобыль АЭС-дегі аварияны ликвидациялау үшін Н.Э.Бауман атындағы
ММТУ-де 
жасалған "Мобот-Ч" роботы 
пайдаланылды. Мобот-Ч
манипуляционды жəне мобильді робот болып табылады, ол шынжыр табанды
шассиден 3, шөміші бар манипулятордан тұратын аспалы қондырғыдан 4 жəне
соғатын балғадан 1, фронтальді жүк салғыштан 7, ақпарат жүйесінің жəне
басқару жүйесінің кабельқалаушысы 6 бар барабан 5 тұрады. Робот операторға
дистанционды басқаруға мүмкіндік беретін техникалық көру жүйесімен
жабдықталған. Мобот-Ч роботы аса жоғары радиция жағдайында өзінің жақсы
жұмысқа қабілеттілігін көрсетті.
13.2-сурет. МОБОТ-Ч роботы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет