Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет33/46
Дата27.10.2022
өлшемі1,44 Mb.
#155297
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   46
Байланысты:
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
12.3 Офистік кибернетикалық техника
Кибернетикалық қондырғылар офистерде жəне тұрмыста кеңінен
қолданыс тапқан. Қолданылып жүрген офистік оргтехникаларға кибернетикалық


қондырғы ретінде мысалға жазу автоматтарын (Оргтекст Д, Роботрон 6908,
Флексорайтер 2201), көшірме-көбейткіш техникаларын (Xerox, Canon, Ricon),
оперативті полиграфия құралдарын (гектографтар, ротаторлар, ризографтар),
сканер; байланыс құралдарын – телефон, факс, модем т.б. келтіруге болады.
Мысалы, ризограф – кез-келген полиграфиялық баспаларды шығаруларды
шапшаң дайындау, редакциялау жəне көбейту үшін қолданылады. Интерфейс
RIP300 көмегімен ризографты компьютерге қосуға болады. 12.3-суретте əртүрлі
мехатрондық қондырғылардан құралған ризографтық кешеннің құрылымы
көрсетілген: 1-сканер, 2-принтер, 3-ризограф, 4-фальцовщик, 5-түптеуші, 6-
коллатор, 7-брошюралаушы. Бұл қондырғылардағы қозғалыстың барлығы
тұрақты тоқ электр қозғалтқыштары арқылы əр қондырғының контроллерімен
іске асады, ал компьютерге қосу арнайы программалар – драйверлер арқылы іске
асады. Мысалы ретінде лазерлік принтердің жұмыс принципіне толығырақ
тоқталайық.
Лазерлік принтердің негізгі конструктивті элементі болып қадамдық
қозғалтқыштағы жетегі бар барабан болып табылады (12.4-сурет). Барабан
жарықөткізетін жартылай өткізгіш арқылы жұқа қабыршақпен көмкерілген
металды цилиндр түрінде болады (мұндай жартылай өткізгіш ретінде мырыш
тотығын пайдаланады). Барабан бетіне бір қалыпты таралған статикалық заряд
таратылады. Бейнені қалыптастыру үшін барабанда коронирлейтін сым
қолданылады. Осы сымға жоғары кернеу беріледі, нəтижесінде оның
айналасында «коронна» деп аталатын иондалған аймақ пайда болады.
12.3-сурет. Ризографиялық кешен


Осы аймақ барабанға беттік заряд жасайды. Контроллерден басқарылатын
лазер, айналып тұрған айнадан шағылысатын жіңішке жарық сəулені
генерациялайды. Бұл сəуле барабан бетіне түскенде, жанасу нүктелерінде
барабанның беттік зарядтарын өзгертеді. Сонымен, барабанда бояйтын шаң
тартатын нүктелер пайда болады жəне бейне пайда болады. Қағаз, беру
механизмі арқылы принтерге тартылады. Барабанның алдында қағазға
статикалы заряд беріледі. Содан барып қағаз барабан бетімен жанасады жəне
өзіндегі статикалық зарядтың арқасында тонердің кішкентай бөлшектерін өз
бетіне тартады. Тонер қағазда бекітілуі үшін қайтадан зарядталады жəне қағаз
температурасы
0
180
-қа жақын болатын екі роликтің арасынан өткізіледі. Сонда
принтерда басқарылатын электроқозғалтқыштар көмегімен барабан қозғалысы,
бұру айнасының қозғалысы, бекітуші цилиндр жетегі жəне қағазды беру
механизімінің қозғалысы орындалады.
12.4-сурет. Лазерлік принтердің функционалды сұлбасы
Функционалды тағайындалуды орындау үшін қажетті, негізгі жəне
қосымша операциялар мехатрондық модульдер жəне құрылғылар көмегімен
орындалатын офистік банктік техникасының көптеген мысалдарын келтіруге
болады.
Негізгі əдебиет: 1 [87-100].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет