Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет31/46
Дата27.10.2022
өлшемі1,44 Mb.
#155297
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46
Байланысты:
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Бақылау сұрақтары:
1. Электрогидравликалық қозғалыс модулінің артықшылықтары қандай?
2. Электрогидравликалық қозғалыс модулінің функционалдық сұлбасын
көрсетіңіз?
3. Электрлік машиналар электрлік көрсеткіштері бойынша қалай
жіктелінеді?
4. Күш түрлендіргіштерінің қандай түрлерін білесіздер?
5. Енді-импульсті 
түрлендіргішті 
қолданумен 
тұрақты 
тоқты
қозғалтқышты басқару жүйесін көрсетіңіз?
12-дəріс. Кибернетикалық техника. Кибернетикалық техника мысалы
– сандық программалық басқарылатын станоктар. Қатты дискідегі
мəлімет жинақтағыштар – винчестер. Офистік мехатрондық техника.
Қазіргі кезде кибернетикалық техника адамның жұмыс істеу саласының
барлығында пайдаланылады. Робототехника өнімдері – робототехникалық
жүйелер (РТЖ) жəне құрылғылары қолданылатын қызмет салаларының кейбір
түрлері төменде келтірілген. Өндірісте қолданылатын робототехникалық
жүйелерге өнеркəсіптік роботтар, сандық программамен басқарылатын (СПБ)
станоктар, автоматтандырылған линиялар жəне т.б. жатады.
Ары қарай, роботтарды робототехникалық құрылғы жəне робототехниканың
өнімі болғандықтан оны толығымен қарастырады. Сондықтан, кибернетикалық
техниканың мысалы ретінде СПБ станоктың сипаттамасына тоқталайық.
12.1 Кибернетикалық техника мысалы - СПБ станоктары
Сандық программамен басқарылатын станоктар өндірісте өте кең
қолданыс тапқан. Станокта жасалатын операция түрлеріне байланысты СПБ
станоктары келесідей технологиялық топтарға бөлінеді: қырнаулық (токарные),


жонғылау (фрезер),
бұрғылаушы,
координатты-тегістеушілі
,
жонғылау-
тегістеушілі
,
ажарлағыш
,
көпмақсатты жəне т.б. СПБ станоктарын енгізу орта
жəне ұсақсериялы өндірісті автоматтандырудың басты бағыты болып табылады.
Қазіргі заманғы СПБ станоктары технологиялық робототехникалық жүйе болып
табылады. Барлық робототехникалық жүйе сияқты СПБ станок құрамына келесі
құрылғылар кіреді: микроэлектроника жəне программа-аппараттық техникалық
құралдарының жиынтығынан тұратын басқару кешені (СПБ құрылғысы);
əртүрлі жетектен тұратын орындаушы құрылғылар (басты жетек, беру жетегі
жəне т.б.), станок құрылысы ретінде орындаушы мехнизм, ақпаратты-өлшеу
жүйесі жəне коммуникация жүйесі.
Халықаралық жіктеу бойынша СПБ құрылғылары (СПБҚ) келесі кластарға
бөлінеді: NC (Numerical Control); SNC (Stored Numerical Control); CNC
(Computer Numerical Control); DNC ( Direct Numerical Control); HNC (Handled
Numerical Control); VNC ( Voise Numerical Control). Реалды СПБҚ əртүрлі класс
көрсеткіштерінің синтезін көрсетеді.
Техникалық жүйелерді басқару үшін микропроцессорлық комплект пен
компьютерлерді енгізуге байланысты, қазіргі кезде СПБҚ-ң CNC класы жəне
осы кластың басқалармен бірге үйлесімін қолдану кең таралған. Бұл СПБҚ
пайдалану кезінде бұйымды өңдеу кезінде басқару программасын жəне де
жүйенің өзінің функционалдау программасын түзетуге жəне өзгертуге мүмкіндік
береді. CNC класының басқару жүйесі диалогты немесе оқыту режимінде
басқару программасын түзетуге жəне қайта жазуға мүмкіндік береді жəне
нəтижелерді виртуалды режимде көрсетеді. Осы кластағы СПБҚ əсер ету
факторларына бейімделу программалары бар жəне де қашықтықтан құрылғыға
диагностика жəне бақылау жасауға мүмкіндік береді, дербес жағдайда
дистанционды түрде. CNC класының СПБҚ қарапайым құрылымдық сұлбасы
12.1-суретте ұсынылған.
Мұнда жоғары деңгейдегі компьютер басқару программасын береді, онда
бұйымның технологиялық жəне геометриялық барлық кезеңінің үлкейтілген
кодталған баяндамасы болады.
Адам-машина интерфейсіне дисплей, пернетақта, қолмен басқару жəне
оқыту пульті т.б.кіреді.
Графикалық дисплей басқару программасының деректерін өзгерте отырып
бұйым өлшемдерін түзетуге мүмкіндік береді.
Ақпаратты сақтау құрылғылары ретінде дискеталар, винчестерлер,
компакт дискілер, флэш-карталары қолданылады. Ақпаратты енгізу жəне
шығару құрылғыларына пернетақта, CD – ROM т.б. жатады.


12.1-сурет. СПБҚ қысқартылғын сұлбасы
Берілген интерполяция функциялары мен шеткі нүктелер координаталары
бойынша басқару объектінің қозғалыс траекториясының аралық нүктелерінің
координаталарын нақты дəлдікпен алу үшін интерполяция орындалады. Егер
компьютерлік басқару тактикалық деңгейде басқарылса, онда интерполяция
жəне басқару орындаушы деңгейде нақты қозғалыс модулі - жетекпен
басқарылады. Басты жетекті басқару жетекті қосу жəне өшіру, кейде бұрылу
бұрышын басқару болып табылады. Ең күрделісі басқарылатын қозғалыс санына
байланысты берілісті басқару болып табылады (станок координаты).
Қадағалаушы жетектерді басқару кейде əсер бойынша бейімделеді.
Сонымен қатар, орындаушы деңгейде басқару программасы қосымша режимді
ұйымдастырады, яғни: кері байланыс датчиктерімен сигнал бойынша келістіру,
жетек жүйесін бекітілген нольге орнату, координаталарды бақылау, тежеу
режимінде жетектердің автоматты түрде шығуы жəне т.б. Логикалық тізбектілік
технологиялық түйіндерді қосу жəне өшіруді басқару болып табылады.
СПБ станокта бұйымдарды өңдеу келесі тізбекпен шешіледі: бұйымның
компьютерлік моделі жасалынады, мысалы, AutoCad ортасында; бұйымды
өңдеудің технологиялық картасы жасалады; нақты станокқа қолданылатын
басқарылу программасы жазылады; программаны автоматты түрде жүктеу
орындалады; ары қарайғы басқаруды берілген шарттарына сəйкес басқарумен
технологиялық операцияны аяқталғанына дейін СПБҚ орындайды.


СПБ станоктарының орындаушы құрылғылары: басты жетек, беру жетегі,
қосымша құрылғы жетектері (құралды автоматты түрде ауыстыру құрылғысы
жəне т.б.) болып табылады. Басты жетек жəне беру жетегіне жоғары қуатты
жəне қатаңды талаптары, жылдамдықты реттеу жəне басқару мүмкінділігі
қойылады. Жетек ретінде əдетте асинхронды электроқозғалтқыштар, мотор-
шпиндельдер (басты жетек), гидрокүшейткішпен біріккен тұрақты тоқты
электроқозғалтқыштары қолданылады. Беру жетектерінде гидрокүшейткіші бар
қадамдық электроқозғалтқыштар, төмен айналымды электроқозғалтқышы бар
электрлік жетектер, гидрожетектер қолданылады.
Беру жетектерінде беріліс механизмдері ретінде бұрандалы сомын, саңылау
мен керілісті реттеуді автоматты түрде таңдайтын тістік жəне қайыстық берулер
қолданылады. Басқарудың негізгі объектісі болып келетін станок бірнеше
координаталармен басқарылатын орындаушы механизм болады. Металлкескіш
СПБ станоктарын шартты түрде екіге бөлуге болады: айналу денелерін өңдеу
үшін арналған жəне корпусты бұйымдарды өңдеу үшін арналған станоктар. Ең
əмбебаптысы - көпмақсатты станоктар болып табылады. Қазіргі заманғы
станоктардың өнімділігін жоғарлату мақсатында шпиндельдің айналу
жылдамдығын (4000 айн/мин аса), жұмыстың беру жылдамдығын (3м/мин), тез
жүріс жылдамдығын (10м/мин) көбейткен. Осы жерде дəлдік бойынша қатаң
талаптары орындалады.
СПБ станоктарының негізгі даму тенденциялары келесідей:
- ЭЕМ, контроллер, микропроцессорлық комплектерді пайдалана отырып
СПБҚ жасау, микроэлектроникалы СПБ станоктарын электроавтоматикада
қолдану, станок жүйесіне диагностикалық құрылғыларды енгізу;
- бұйымдарды өңдеу жəне басқаруды тиімділігін қамтамасыздандыратын
автоматтандырылған өздігінен бейімделетін (адаптивті) құрылғыларды кеңімен
ендіру;
- жеке станоктарды сонымен қатар станоктар тобын да басқаратын СПБҚ
жасау. Өндіріс аймағының жұмысын бақылау жəне жобалау, станок қатесін
түзетуді қамтамассыз ететін бақылау құрылғыларын жəне көлік жолын,
қоймаларды, станоктар мен роботтар жинағын ЭЕМ-мен басқару;
- шпиндельдің айналу жиілігін сатысыз реттейтін үлкен диапазонды
автоматтандырылған жетектерді ендіру жəне ең жетілген түрлендіргіштер мен
қозғалтқыштарды қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет