Дидактика бөлімінде – дидактика туралы түсінік, дидактиканың негізін салушы ғалымдардың еңбектері; оқытудың әдіснамалық негіздері; оқыту түрлері; оқытудың заңдылықтары мен принциптері; оқытудағы білім беру мазмұны және оның ғылыми негіздері; оқыту әдістері, құралдары мен оқытуды ұйымдастырудың формалары; сабақ және типтері, түрлері; мұғалімнің сабаққа дайындығы және т.б. мәселелер қарастырылады.
Мектептану бөлімінде –мектептегі басқару және оған басшылық жасаудың педагогикалық негіздері, мектепішілік бақылау және оның түрлері; мектептің оқу –тәрбие жұмысын жоспарлау; мектептің нормативтік құжаттары және т.б. мәселелер қарастырылады.