Қазақстан Республикасының Конституциясы


КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР ТУРАЛЫ



Pdf көрінісі
бет35/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР ТУРАЛЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
2001 ЖЫЛҒЫ 16 ҚАҢТАРДАҒЫ № 142-II ЗАҢЫ
1-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап
. Осы Заңмен реттелетін мәселелер
Осы Заңмен реттелетiн мәселелер коммерциялық емес ұйымдардың құрылуына
қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты туындайтын 
қатынастар болып табылады.
Саяси партиялардың, кәсiптiк одақтардың құқықтық жағдайларының, құрылуының, 
қызметiнiң, қайта ұйымдастырылуының және таратылуының ерекшелiктерi арнайы 
заңдармен регламенттеледi. 
2-бап
. Коммерциялық емес ұйым ұғымы
Кiрiс түсiру негiзгi мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кiрiстi 
қатысушылар арасында бөлмейтiн заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады. 
3-бап
. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңдар
1. Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңдары 
Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Азаматтық кодекстен, 
осы Заңнан және басқа да заң актілерінен тұрады.
2. Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет 
ететiн шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен 
өкiлдiктерiнiң (оқшауланған бөлiмшелерiнiң) кез-келген ұйымдық-құқықтық нысандағы 
коммерциялық емес ұйымының қызметiне қолданылады.
3. Жекелеген коммерциялық емес ұйымдардың құрылуына, қызметiне, қайта 
ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты ерекшелiктер осы Заңмен және өзге 
де заң актілерімен реттеледi. 
4-бап
. Коммерциялық емес ұйымдар қызметiнiң мақсаттары
Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтiк, мәдени, ғылыми, білім беру
қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың 
құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғау; даулар мен жанжалдарды шешу; азаматтардың 
рухани және өзге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау
қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту заң көмегiн көрсету үшiн, 
сондай-ақ қоғамдық игiлiктердi және өз мүшелерiнiң (қатысушылардың) игiлiктерiн 
қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметiнiң мақсаттары құрылтай құжаттармен 
айқындалады. 
5-бап
. Коммерциялық емес ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi
1. Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшiн коммерциялық емес ұйымдардың:
1) заңдарда белгiленген тәртiппен банктерде шоттар ашуға;
2) мемлекеттік және орыс тiлдерiнде ұйымның толық атауы бар мөрi, мөртабаны және 
бланкiлерi, сондай-ақ белгiленген тәртiппен тiркелген эмблемасы (нышаны) болуына;
3) меншiгiнде немесе оралымды басқаруында оқшауланған мүлкi, сондай-ақ дербес 
балансы немесе сметасы болуға;
4) мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды иемденiп алуға және жүзеге асыруға;
5) егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, басқа заңды тұлғалар құруға;
6) филиалдар мен өкiлдiктер ашуға;
7) қауымдастықтар мен одақтарға кiруге, сондай-ақ олардың қызметiне қатысуға;
8) жарғыда көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;


9) сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де құқықтарды 
жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Коммерциялық емес ұйымдар:
1) Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға;
2) белгiленген тәртiппен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi 
төлеуге;
3) өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен (мекемелердi 
қоспағанда) жауап беруге;
4) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапкершiлiкте болуға 
мiндеттi. 
6-бап
. Коммерциялық емес ұйымдардың нысандары
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлік қоғам, тұтыну 
кооперативi, қор, дiни бiрлестiк, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың 
бiрлестiгi нысанында және заң актілерінде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн. 
7-бап
. Коммерциялық емес ұйымның атауы және орналасқан жерi
1. Коммерциялық емес ұйымның атауы оның атын және ұйымдық-құқықтық 
нысанының көрсетпесiн қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша ақпаратты қамтуы 
мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйымның атауында заңдардың талаптарына немесе қоғамдық 
мораль нормаларына қайшы келетiн атауларды; егер (қатысушылардың есiмiмен 
үйлесiмдi болмаса не егер жеке есiмiн пайдалануға бұл адамдардың (олардың 
мұрагерлерiнiң) рұқсатын қатысушылар алмаған болса, адамдардың өз аттарын 
пайдалануға жол берiлмейдi.
2. Коммерциялық емес ұйымның тұрақты қызмет iстейтiн органы орналасқан жер 
оның орналасқан жерi деп танылады.
3. Коммерциялық емес ұйымның атауы мен орналасқан жерi оның құрылтай 
құжаттарында көрсетiледi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет