ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТЕР ТУРАЛЫ
Бiрлесу бостандығына құқық адам мен азаматтың аса маңызды және конституциялық
құқықтарының бiрi болып табылады, оның iске асырылуы қоғам мүдделерiне сай келедi
және мемлекеттiң қорғауында болады.
1-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРI
1-бап. Осы Заңмен реттелетiн мәселелер
Осы Заңмен реттелетiн мәселелер - Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлесу
бостандығына құқығын iске асыруға, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердiң құрылуына,
қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты пайда болатын
қоғамдық қатынастар.
2-бап. Қоғамдық бiрлестiк ұғымы
Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың
ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да
бiрлестiктерi қоғамдық бiрлестiктер деп танылады. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық
емес ұйымдар болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: