Қазақстан Республикасының Конституциясы


-ТАРАУ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДЫ БАСҚАРУ



Pdf көрінісі
бет40/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy

5-ТАРАУ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДЫ БАСҚАРУ
38-бап
. Коммерциялық емес ұйымды басқару негiздерi
Коммерциялық емес ұйымның басқару органдарының құрылымы, құзыретi, құрылу 
тәртібі мен өкiлеттiктерiнiң мерзiмi, олардың шешiмдер қабылдау мен коммерциялық 
емес ұйымның атынан әрекет жасау тәртібі заңдарда және коммерциялық емес ұйымның 
құрылтай құжаттарында белгiленедi. 
39-бап
. Коммерциялық емес ұйымның басқару органдары
1. Коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердi қоспағанда, құрылтай 
құжаттарына сәйкес олардың басқару органдары мыналар болып табылады:
1) жоғары басқару органы (жалпы жиналыс, съезд, конференция, құрылтайшы) - 
коммерциялық емес ұйым қызметiнiң кез келген мәселелерi бойынша шешiмдер 
қабылдауға құқылы;
2) басқарудың атқарушы органы (алқалы немесе дара басқару) коммерциялық емес 
ұйымның құрылтай құжаттарымен жоғары басқару органының ерекше құзыретiне 


жатқызылған мәселелердi қоспағанда, коммерциялық емес ұйымның қызметiн ағымдағы 
басқаруды жүзеге асырады, жоғары басқару органына есеп бередi;
3) коммерциялық емес ұйымның басқару органдары сайлайтын немесе тағайындайтын 
тексеру органы (тексеру комиссиясы, тексерушi);
4) коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес басқа да органдар.
2. Коммерциялық емес ұйымның жоғары басқару органының ерекше құзыретiне:
1) коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарын қабылдау, оларға өзгерістер 
мен толықтырулар енгізу;
2) коммерциялық емес ұйымды ерiктi түрде қайта ұйымдастыру және тарату;
3) коммерциялық емес ұйымның басқару органдарының құзыретiн, ұйымдық 
құрылымын, оларды құру және өкiлеттiктерiн тоқтату тәртібін айқындау;
4) атқарушы органдардың қаржы есептемесiн табыс етуiнiң тәртібі мен мерзiмдiлiгiн, 
сондай-ақ бақылау органының тексеру жүргiзу тәртібін және олардың нәтижелерiн 
бекiтудi айқындау;
5) заң актілерінде белгiленген шекте коммерциялық емес ұйымның басқа заңды 
тұлғаларды, сондай-ақ өз филиалдары мен өкiлдiктерiн құруы немесе олардың қызметiне 
қатысуы туралы шешiм қабылдау мәселелерi жатады.
Жоғары басқару органының ерекше құзыретiне заң актілеріне сәйкес коммерциялық 
емес ұйымның құрылтай құжаттарымен осы ұйым қызметiнiң басқа да мәселелерi 
жатқызылуы мүмкiн.
3. Коммерциялық емес ұйым өзiнiң жоғары басқару органының мүшелерiне, жоғары 
басқару органының жұмысына қатысуына тiкелей байланысты шығыстардың өтемiн 
қоспағанда, өздерiне жүктелген мiндеттердi олардың орындағаны үшiн сыйақы төлеудi 
жүзеге асыруға құқылы емес.
4. Коммерциялық емес ұйымның еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін штаттағы 
қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы
 
және Қазақстан 
Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы 
қолданылады. 
5. Осы баптың 1-3-тармақтарының ережелерi дербес білім беру ұйымдарына 
қолданылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет