3. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге
асыратын шетелдiк және
халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған
бөлiмшелерi) баспасөз басылымдарында жыл сайын өз қызметі туралы, оның ішінде өз
құрылтайшылары, мүліктің құрамы туралы, ақшаны қалыптастыру
көздерi мен жұмсау
бағыттары туралы ақпарат жариялайды.
4. Коммерциялық емес ұйым кiрiстердің мөлшерi мен құрылымы, сондай-ақ
коммерциялық емес ұйым мүлкiнiң мөлшерi мен құрамы туралы,
оның шығыстары,
қызметкерлерiнiң саны мен құрамы туралы, олардың еңбегіне ақы төлеу, коммерциялық
емес ұйымның қызметiнде азаматтардың өтеусiз еңбегiн
пайдалану туралы мәлiметтер
коммерциялық құпияның нысаны бола алмайды.
42-бап
. Коммерциялық емес ұйымның қызметiн тоқтата тұру
1. Коммерциялық емес ұйымның қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясы
мен заңдарын бұзған немесе коммерциялық емес ұйымның жарғысында белгiленген
қызметтiң мәнi мен мiндеттерi шегiнен шығатын әрекеттердi бiрнеше рет жасаған
жағдайларда прокуратура органдарының ұсынуы негiзiнде шығарылған сот шешiмiмен үш
айдан алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделгендей, коммерциялық
емес ұйымның қызметi
тоқтатыла тұрған жағдайда оған құрылтай құжаттарында көзделген қызметпен айналысуға
тыйым салынады. Оның банк шоттарын пайдалану құқығы да тоқтатыла тұрады, бұған
еңбек шарттары бойынша есеп айырысу, өз қызметi
салдарынан келтiрiлген
шығындардың орнын толтыру мен айыппұл төлеу қосылмайды.
Егер коммерциялық емес ұйым өз қызметiн тоқтата тұруға негiз болған
бұзушылықтарды қызметi тоқтатыла тұруы белгiленген мерзiм iшiнде жойса, онда аталған
мерзiм аяқталған соң коммерциялық емес ұйым өз қызметiн қайта бастайды.
Коммерциялық емес ұйым бұзушылықтарды жоймаған жағдайда прокуратура органдары
оны тарату туралы сотқа арыз берiп жолдануға құқылы.
3. Коммерциялық емес ұйымның қызметiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдаған сот
коммерциялық емес ұйымның бұзушылықты жоюына байланысты ұсынысы бойынша осы
шектеудi мерзiмiнен бұрын алып тастауға құқылы.
43-бап
. Коммерциялық емес ұйымның, жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі
1. Заңдарды бұзу коммерциялық емес ұйымның Қазақстан
Республикасының заң
актілерінде көзделген тәртіппен жауапты болуына әкеп соқтырады.
2. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңдарды бұзғандығы үшін бұған кінәлі жеке
және заңды тұлғалар, соның ішінде мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары да
жауапты болады.
Достарыңызбен бөлісу: