9-бап. Халықаралық және шетелдiк коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң Қазақстан Республикасы аумағындағы қызметi Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық және шетелдiк коммерциялық емес
үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi)
құрылып, жұмыс iстей алады.
Халықаралық және шетелдiк коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң
құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi), егер олар Қазақстан
Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн болса, сол бiрлестiктердiң жарғыларын
басшылыққа алады.