Қазақстан Республикасының Конституциясы


-бап. Қоғамдық бiрлестiкке мүшелiк (қатысу)



Pdf көрінісі
бет51/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy

11-бап. Қоғамдық бiрлестiкке мүшелiк (қатысу) 
Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) саяси партиялар мен кәсіптік 
одақтарды қоспағанда, заңды тұлғалар - қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық бiрлестiктердiң 
мүшелерi (қатысушылары) бола алады. Саяси партиялардан басқа қоғамдық 
бiрлестiктердiң жарғыларымен оларға шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ 
адамдардың мүшелiгi (қатысуы) көзделуi мүмкiн.
Он алты жасқа толған азаматтар саяси партиялар жанындағы жастардың қоғамдық 
бiрлестiктерiнiң мүшелерi (қатысушылары) бола алады. Өзге де қоғамдық жастар және 


балалар бiрлестiктерi мүшелерiнiң жас шамасы солардың жарғыларымен (ережелерiмен) 
белгiленедi.
Мүшелiкке ие болу және одан айрылу ережелерi мен тәртібі қоғамдық бiрлестiктердiң 
жарғыларымен белгiленедi.
Әскери қызметшiлер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, құқық қорғау органдарының 
қызметкерлерi және судьялар партияларда, кәсiптiк одақтарда болмауға, қандай да бiр 
саяси партияны қолдап әрекет етпеуге тиiс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет