Қазақстан Республикасының Конституциясы



Pdf көрінісі
бет80/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy

48-
бабына
 сәйкес жүзеге асырылады; 
4) өз құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау мақсатында 
бірлестіктер құруға және оларға кіруге; 
5) қызметкерлерден еңбек шарты, ұжымдық шарт талаптарының, еңбек тәртіптемесі 
ережелерінің және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап етуге; 
6) осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен қызметкерлерді көтермелеуге, 
оларға тәртіптік жаза қолдануға, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тартуға; 
7) еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің келтірген зиянын өтетуге; 
8) еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында 
сотқа жүгінуге; 
9) қызметкерге сынақ мерзімін белгілеуге; 
10) егер жеке еңбек шартының талаптарында ескертілген болса, қызметкерді оқытуға 
байланысты өз шығындарын өтетуге құқығы бар. 
2. Жұмыс беруші: 
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық шарттың, 
еңбек шартының, өздері шығарған актілердің талаптарын сақтауға; 
2) жұмысқа қабылдаған кезде осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда 
қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасуға; 
3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыруға; 
4) қызметкерге еңбек шартында келісілген жұмысты беруге; 
5) қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек 
шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де 
төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге; 
6) қызметкерді ұйымдағы ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен және жұмыс берушінің 
қызметкердің жұмысына (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар өзге де актілерімен 
және ұжымдық шартпен таныстыруға; 
7) қызметкерлердің өкілдеріне ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шарттар 
жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау үшін қажетті толық және дәйекті ақпарат 
беруге; 


8) қызметкерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарауға, ұжымдық келіссөздер жүргізуге 
және осы Кодексте белгіленген тәртіппен ұжымдық шарт жасасуға; 
9) қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек шартына, 
ұжымдық шартқа сәйкес еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге; 
10) қызметкерлерді жабдықпен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек 
міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз 
етуге; 
11) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға; 
12) егер жұмысты жалғастыру қызметкердің және өзге де адамдардың өміріне, 
денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтата тұруға; 
13) қызметкерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға; 
14) қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым 
оқиғалардан сақтандыруға; 
15) қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге; 
16) қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды 
зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы 
деректердің сақталуын және мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етуге; 
17) қызметкерге зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыс жағдайлары 
мен кәсіптік аурудың болу мүмкіндігі туралы ескертуге; 
18) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде қауіп-қатерді болғызбау 
жөнінде шаралар қабылдауға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере 
отырып профилактикалық жұмыстар жүргізуге; 
19) жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір қызметкер орындайтын үстеме 
жұмыстардың, зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, 
ауыр жұмыстардың нақты есебін жүргізуге; 
20) қызметкерлердің кәсіби даярлықтан, қайта даярлықтан өтуін және олардың 
біліктілігін арттыруды осы Кодекске сәйкес қамтамасыз етуге; 
21) қызметкердiң еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде өмiрi мен 
денсаулығына келтiрiлген зиянды осы Кодекске және Қазақстан Республикасының 
заңнамасына сәйкес өтеуге; 
22) еңбек жөніндегі уәкілетті органның және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік 
органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын, қызметкерлер өкілдерін, 
еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігінің, 
еңбек жағдайы және еңбекті қорғаудың жай-күйін және Қазақстан Республикасының 
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасының сақталуын, сондай-ақ 
өндірістегі жазатайым оқиға мен кәсіптік ауруларды тексеру үшін кедергісіз жіберуге; 
23) жұмысқа қабылдау кезінде осы Кодекстің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет