1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты мемлекеттік органдар және үкіметтік емес
ұйымдар жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс Қазақстан Республикасының мемлекеттік
әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге
асырылады.
3. Осы Заңның 5-бабында көзделген бағыттар бойынша жарғылық мақсаттарға
сәйкес қызметті жүзеге асыратын ықтимал өнім берушілер конкурсқа қатысуға
жіберіледі.
7-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру және оның
бюджеттік қаражатын пайдалану
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен
жүзеге асырылады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру үшін көзделген бюджет қаражаты
осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде,
сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шартта
белгіленген мақсаттарда және тәртіппен пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: