Қазақстан республикасының орта



бет151/205
Дата10.06.2022
өлшемі0,92 Mb.
#146343
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   205
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2021-2022 жыл

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспары бойынша оқу жүктемесі:
қоғамдық-гуманитарлық бағытта:
10-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты; 11-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты; жаратылыстану -математикалық бағытта:

  1. сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;

  2. сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды. 2021/2022 оқу жылында 10-11-сыныпта «Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінен

Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары бойынша оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы 105 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылады.
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.


92- кесте. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

10-сынып

1

1

1

1

11-сынып

1

1

1

1



Жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 10-11-сыныптарда жаратылыстану-математика бағытында оқытылатын
«Дүниежүзі тарихы» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды. Сондықтан, осы оқу жоспарымен оқытылатын «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
10-11-сыныптарда (ҚГБ) «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу тоқсанының соңында білім алушылардың зерттеу жұмысы ұйымдастырылатын сабақтар өткізу көзделген.
Зерттеу жұмысын өткізу мақсаты: оқытылатын бөлім тақырыптарының жекелеген аспектілері бойынша теориялық материалды жинақтау, терең талдау және жүйелеу.



  1. сыныптағы зерттеу жұмысының тақырыптары:

  1. Әлемдік тарих контексіндегі өркениеттердің өзара әрекеттестік пен өзара ықпал ету тәсілдері.

  2. Әлемдік тарихтағы этникалық және әлеуметтік үдерістер.

  3. Әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді шешу жолдары

  4. Мәдениет адамзаттың рухани-адамгершілік құндылықтарының көрінісі ретінде



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет