Бастауыш білім берудің мақсаты мынадай кең ауқымды дағдылар негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін:
білімді функционалды және шығармашылықпен қолдана білу;
сыни ойлау;
зерттеу жұмыстарын жүргізе білу;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу;
коммуникацияның түрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды меңгеру;
топпен және жеке жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Бастауыш сыныптардағы сабақ форматы балаларды оқыту үдерісіне белсенді қатыстыруды, олардың өткен материалды талқылауға, талдау мен қорытуға қатысуын, зерттеу жүргізуді, бағалауға пікірлерін айтуды, өзін-өзі бағалау мен өзара бағалауды және т.б. қарастырады.
Сабақтың міндетті элементі мұғалімнің оқушыны қолдауға бағытталған әрекеттерін түзетуге мүмкіндік беретін және білім беру үдерісін жетілдіруге мүмкіндік беретін кері байланыс болуы тиіс. Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім білім алушылардың санын және кері байланысты ұсыну жиілігін дербес анықтайды.
2021-2022 оқу жылында 1-сынып оқушыларының оқу жетістіктері бағаланбайды, 2-4-сыныптарда білім алушылардың оқу жетістіктері 1-ден
10 балға дейін (қалыптастырушы бағалау) бағаланады. Білім алушыларды қалыптастырушы бағалау нәтижелері электрондық/қағаз журналға қойылады. Мұғалімге балаларды күн сайын бағалау қажет емес. Мұғалім кері байланыс беру жиілігін және қалыптастырушы бағалауды балмен қоюды өздігінен анықтайды.
Бастауыш білім беру деңгейінде сыныпты екі топқа бөлу қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда сыныптарда білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болғанда:
оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда қазақ тілі бойынша;
оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі бойынша;
шетел тілі бойынша;
цифрлық сауаттылық бойынша;
өзін-өзі тану бойынша жүзеге асыруға болады.
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Тіл және әдебиет» білім саласының мазмұны «Әліппе/Ана тілі»,
«Букварь/Обучение грамоте», «Қазақ тілі (Т1)», «Русский язык (Я1)»
«Әдебиеттік оқу», «Литературное чтение», қазақ тілінде оқытпайтын сыныптардағы «Қазақ тілі (Т2)», оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптардағы «Русский язык (Я2)», «Шетел тілі» оқу пәндері арқылы жүзеге асырылады.
Тілдік пәндерді оқытудың ерекшелігі коммуникативтік тәсілді жүзеге асыру. Коммуникативтік тәсіл білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту мақсатын көздейді, яғни мәтіндерді түсіну, оларға рефлексия жасау қабілетін дамытуға, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдалануға, білімдерін және мүмкіндіктерін арттыруға, қоғам өміріне белсенді қатысуға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |