1-тоқсанда оқу процесіне қосымша келесі оқу мақсаттарын енгізу қажет: «1.1.3.1 информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау»; «2.1.1.1 енгізу және шығару құрылғыларын ажырату»; «2.1.2.1 файл және папка ұғымдарын түсіндіру»; «1.4.1.1. сызықтық алгоритмді іске асыру»; «1.4.2.1. ойын бағдарламалау ортасында жобаны құру, сақтау және ашу (Scratch (скретч)»; «2.2.1.1 пернетақта тренажёрында мәтін теру»; «2.4.1.1 тармақтау алгоритмін іске асыру»;
Бұл жағдайда 1-тоқсанға арналған оқу бағдарламасындағы мына:
«3.4.1.1 қайталауды қолданатын алгоритмдер құрастыру (цикл)»; «3.4.1.2 циклдік алгоритмді іске асыру»; «3.4.2.4. программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру»; «3.3.2.2 желідегі ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру»; «3.1.3.1 Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке
қауіпсіздігінің негізгі ережелерін ескеру» оқу мақсаттары 2-тоқсандағы
«3.4.2.1 дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу»; «3.2.1.1 таңбалы, нөмірленген тізімдер жасау»; «3.4.2.2 программалау ойын алаңында бірнеше көріністермен жұмыс істеу»; «3.4.2.3 программалау ойын алаңында бірнеше кейіпкерлермен жұмыс істеу»; «3.4.2.4 программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру» оқу мақсаттарымен кіріктіріледі.
3-тоқсандағы оқу бағдарламасының «Робототехника» бөлімшесіндегі
орта қозғалтқыш жылдамдығының мөлшерін орнату және жылдамдығын реттеу; 3.5.2.1 робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклді пайдалану оқу мақсаттарына 1-сыныптың оқу бағдарламасындағы: «1.5.1.1 білім беру роботының негізгі моделін жинау»; «1.5.1.2 роботқа арналған программаны жүктеп алып, іске қосу»; «1.5.2.1 роботтың белгілі бір жылдамдықтағы қозғалысын ұйымдастыру»; «1.5.2.2 дөңгелек айналымының белгілі бір санына робот қозғалысын ұйымдастыру»; «1.5.2.3 роботты алға жылжыту қозғалысын ұйымдастыру»; «1.5.2.4 роботты артқа жылжыту қозғалысын ұйымдастыру»;
«1.5.2.5 роботтың 90, 180 градустағы бұрылысын ұйымдастыру» оқу мақсаттарын кіріктіру қажет.
Бастауыш мектепте «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытуда білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқытудың белсенді формалары мен әдістері қолданылады. Ұғымдарды жақсы түсіну үшін өмірде жиі кездесетін нақты мысалдармен байланыстыру ұсынылады.
Бастауыш мектепте «Цифрлық сауаттылық», «Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар» пәндерінен бөлімдер мен тоқсан бойынша жиынтық бағалаулар жүргізілмейді. Жартыжылдықтар соңында «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша «есептелді» («есептелмеді») қойылады. Білім алушы оқыту мақсаттары бойынша практикалық тапсырмаларды орындаған жағдайда «есептелді» қойылады.
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Жаратылыстану» білім саласының мазмұнында «Жаратылыстану» пәні ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |