СӨЖ арналған тапсырмалар:
-
Үй тапсырмасы: тақырыппен танысу.
-
Тақырып бойынша глосарий жасау.
-
Әрбір студент дискуссияға (айтысқа) дайындалуы керек, ол үшін күнделікті газет, журнал материалдарын пайдалануға болады.
-
Ситуациялық есептерді шығарыңыздар, соған байланысты берілген тапсырмаға комментарий жасаңыз:
А – «Джеральдс» компаниясы рыноктағы монополист. Өндірістегі толық шығын функциясы: TC=2+10 бір айдағы өндіріс көлемі. Бағаның қандай деңгейінде компанияның пайдасы максималды болады, егер рыноктік сұраныстың серпілісі сол нүктеде 6-ға тең болса.
Ә - Монополист сигарет шығарады дейік, оның әр қорапшасы бағасы 45 теңге болсын. Сигаретке сұраныс серпілісі – 3, фирма өз пайдасын максимизациялайды. Шектеулі табыстың деңгейін M және монополистің шектеулі шығынын табыңыздар.
Б - Өндіріс саласында шығару көлемі 2,3,5,10 және 20% жалпы өндірістен алынған өндіріс көлемдері бар бес фирма жұмыс істейді. Қалған өнім сатуы 1%-дан аспайтын кіші фирмаларда шығарылады. Қажетті есептеулер жасаңыз, соның негізінде өндіріс саласының монополизациялау дәрежесіне қорытынды жасаңыз.
Тест сұрақтары:
-
Монополиялық нарық сипаттамасы:
-
кірудің еркіндігі;
-
шығудың еркіндігі;
-
кіруді блокировкалау;
-
өнімді дифференциациялау.
-
Монополистің таза бәсекелік кәсіпорыннан айырмашылығы қандай ісімен анықталады:
-
өндіріс шығынын азайту;
-
шектеулі табыс және шектеулі шығын тең болғанда пайданы максимизациялайды;
-
экономикалық пайда алу;
-
максималды пайда алуды қамтамасыз ететін баға және шығару көлемінің комбинациясын таңдау.
-
Сату көлемінің өсуіне қарай монополияның шекті табысы қалай өзгеретінін табыңыздар?
-
өседі;
-
бағаға қарағанда баяу қысқарады;
-
бағадан тез қысқарады;
-
өзгеріссіз қалады.
-
Қай жағдайға байланысты монополист бағаны төмендету арқылы өз пайдасын максимизациялайды:
-
сұраныстың азаюынан;
-
шектеулі қайтарым көбеюінен;
-
сату көлемінің көбеюінен;
-
ілеспелі тауарлардың бағасының төмендеуінен.
-
Монополист ұзақ мерзім кезеңінде экономикалық пайда ала ма екенін көрсетіңіз:
-
иә, ол өнімнің шығару көлемін анықтайды, бұл жағдайда шектеулі табыс шектеулі шығыннан жоғары;
-
иә, егер оған басқа кәсіпорынның өндіріс саласына кіруге мүмкіншілік жасалса;
-
жоқ, себебі оның орташа жалпы шығыны міндетті түрде тауардың бағасымен теңеледі;
-
жоқ, себебі мүмкіншілігі шектеулі табыс пен шектеулі шығынның теңелуіне жағдай жасай алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |