Бірінші сұрақта экономикалық теория курсында өткен монополия нарығы мен таза монополияның негізгі белгілерін еске түсіру керек. Сонымен қатар салаға кіретін кедергілерді де еске түсіру керек. Одан кейін монополиялық биліктің мәнін, көріністерін, оны пайдаланудың дәрежесін және алғышарттарын жан-жақты талдау қажет. Бұл жағдайларды анықтау үшін монополия өнімінің сұранысының ерекшеліктерін қарастыру керек. Монополист өнімінің сұранысы нарықтық немесе салалық сұранысы болып табылады және сұраныс қисығы төмен қарай еңкіш болып келеді. Монополистің өніміне сұраныстың ерекшеліктерінің мәнін мен мағынасын түсініп алу керек. Сонымен қатар монополиялық билік жоғары пайда алудың кепілі емес екенін ұмытпауымыз керек.
Бірінші сұрақты дайындау барысында графиктің көмегімен баға, сұраныстың икемділігі, шекті табыс және жиынтық табыс арасындағы байланыстарды көрсетіңіз.
Екінші сұрақты дайындау барысында бірінші сұрақта қарастырылған мәселелерді, қысқа мерзімдегі монополиялық теп-теңдігінің графикалық көрінісін қолданыңыз. Бұл сұрақты толығымен түсіну үшін Хайман Д. Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т.2. с.16-17 кітабындағы 10.3 кестесінде берілген мәліметтерді қолдануға болады.
Үшінші сұрақта ұзақ мерзімді монополиялық тепе-теңдікті қарастырыңдар. Графиктің көмегімен неге бір зауыты бар монополиялар өндіріс ауқымының өсуінен алынатын үнемді толық қолдана алмайтынын анықтаңдар. Ұзақ мерзімдік тепе-теңдігінің шартын қарастырыңдар. Одан кейін монополия қандай жағдайда өндірісті екі немесе одан да көп зауыттарда жүзеге асыра бастайтынын анықтап алу керек. Монополиялық ұсынысты талдай отырып, неге монополиялық нарық ұсынысының қисығы үшін нарық бағасы мен ұсыныс көлемінің арасындағы тәуелділік болмайтынын түсіну керек? Неге монополистің ұсынысының өзгерісінің айқындаушы факторы сұраныс қисығының өзгерісі емес, шекті табыс қисығының өзгерісі болып табылады?
Достарыңызбен бөлісу: |