Бағдарламасы ( 2020 ж.) негізінде құрастырылды.


Сағат саны: 2 Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары



бет26/42
Дата08.02.2022
өлшемі286,97 Kb.
#118614
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42
Байланысты:
Иклюзивтік білім беру Виз.Муз

Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Инклюзивті білім беру кабинетінің мамандары.

  2. Сынып жетекшінің міндеті.

  3. Ересек адамдардың балалармен қарым-қатынас орнату түрлері.

  4. Жалпы мектептерде инклюзивті білімдендіруді ендірудегі кедергілер.

  5. Балалардың психофизикалық жағдайы, даму мүмкіндіктерінің ерекшелігі мәселелері бойынша аталған санаттағы балалармен жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына консультациялық көмек түрлері.

Дәріс тезисі
Интеграция әлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде бірнеше жүзжылдық уақытты қамтиды. Арнаулы білім беру мазмұнының тарихында даму мүмкіндігі шектеулі балалардың калыпты балалармен қатар білім алу мүмкіндігі ол тұлғалардың құқығы мен еркіндігі анықталған уақыттан басталғандығы туралы айтылады. Арнайы педагогика тарихы дамуы мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты балалармен қатар дамитыны, олардың ерекше қажеттіліктерімен танылатындығы жөнінде көптеген ақпараттар бере алады. Тәжірибе көрсеткендей, жалпы білім беретін мұғалімдерінің оқытудың арнаулы әдістері мен тәсілдерін игермегендігін көрсетеді. Бұл кезең псевдоинтерграция кезеңімен сидпатталып, әлем бойынша көптеген мемлекеттердің білім беру мазмұны туралы тарихында баяндалады. Қазіргі уақытта псевдоинтеграция Азия, Африка, Латын Америкасында сақталып отыр.
Псевдоинтеграция процесімен қатар ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім берудегі сегрегация процесі кеңінен тарады. ХХ ғасырда сегрегациялы білім беру мекемелерінің қызметі тоқтатылып, 1980-ші жылдардың ортасына қарай мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған арнаулы мектептердің 8 типі белгіленді.
ХХ ғасырдың 60 жылдарының басында әлеуметтік-саяси және экономикалық даму жолы интеграциялы оқытуға бетбұрыс жасайды. Оның пайда болуына себеп болған факторлар даму мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығын қорғаудағы халықаралық актілердің қажеттілігімен түсіндіріледі.
Аталған елдердің әрбіреуі интеграцияға өз алдына жеке даму жолымен жетті деуге болады. Мысалы, 1975 жылғы АҚШ-тағы «Аномальды балаларға білім беру заңының», «Интеграция туралы заңның» қабылдануына қоғамдағы ұзаққа созылған нәсілдікке бөлінуге қарсы демократиялық күрестің тоқталу заңдылығы себеп болды. Субъективті факторлардың қатарына сол кездегі АҚШ Президенті Дж.Кеннедидің қарындасы интеллектінің бұзылуы белгісімен зардап шеккендігін жатқызуға болады. Осыдан-ақ мүмкіндігі шектеулі тұлғалар дамуындағы проблема әлеуметтік проблема ғана емес, жеке отбасылық проблема болғандығын түсіне аламыз.
Интеграциялы білім беру процесіне скандинавиялық мемлекетттердің өз алдына қол жеткізгендігін айтуымызға болады.
1961 жылдан 1980 жылға дейін Данияда және т.б. скандинавиялық елдерде педагогтар, ата-аналар, барлық халық арасында интеграцияға жету жолындағы ауқымды әлеуметтік-педагогикалық жұмыс қолға алынды. Бұл басқарушы билік органдарының инициатива мен регламенттеуші билік орындарын құруға негіз болып, АҚШта интеграциялы оқытудың қарапайымнан күрделіге қарай дамуын анықтаушы, социал-демократиялық қозғалыс түрінде дамыды. 20 жыл уақыт өткен соң интеграция феноменін тәжірибе жүзінде және адамгершілік тұрғыда барлық ел түсінгеннен кейін 1980 жылдың қаңтарында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қалыпты тұлғалар қатарына қосудың қағидаларын енгізу, білім беру Заңының реформасы қабылданады.
Италияда интеграция проблемасының тарихы өз алдына қарастырылады. Италиядағы интеграциялану жағдайы 1960-70-ші жылдар аралығындағы қоғамдық «Демократиялық психиатрия» қозғалысын басқарған священник Ф.Базаглияның кезінде пайда болды. Бұл қозғалыстың мақсаты психиатрияық емдеу орталықтарында прогрессивті жетістіктердің өзгерісіне қол жеткізу бола отырып, психикасы бұзылған адамдарды өзгелерден оқшауламауды ұсынды. Бұл қозғалыстың басшылары психикасы бұзылған адамдардың пайда болуына тікелей әсер етуші қоғам мен мектеп, сондықтан мұндай адамдарға қажетті көмек көрсету үшін қоғам мен мектеп өзгеруі тиіс деген пікір айтты. Италиядағы 1962 жылы «Демократиялық психиатрия» қозғалысының ықпалымен басталған мектептегі білім берудің реформасы басқа бастамашыл қоғамдағы мектептегі білім беру жүйесін интеграциялауға ықпал етті.
ХХ ғасырдың аяғына қарай көптеген мемлекеттерде (АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Германия, Италия, Скандинавия елдері) мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы мектептеріне бағыттау жұмысы ең осыған дейінгі жасалған әрекеттердің ешқандай нәтижесі болмағандықтан соңғы мүмкіндік ретінде қабылданды. Бұл елдердегі білім беру тәжірибесінде мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялы оқыту проблемасы жалпы мектепте қалыпты балалармен қатар оқыту түрінде қарастырылып отыр. Сонымен қатар, оларға арнаулы мекемелер тарапынан мектеп бағдарламасын игеруді жеңілдетуге арналған қосымша қолдау жұмыстары көрсетіледі.
Шетелдегі 30 жылдық тәжірибенің қорытындысының талдауы интеграциялау проблемасының жетістігі үшін мынадай жағдайлардың қажеттілігін анықтап отыр. Олар:

  • тұлғаның құқығын қорғаудағы кепілдікке ие демократиялық қоғамды құру;

  • жалпы білім беретін мектептерде ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін арнаулы білім беру жағдайын қаржыландыру;

  • интеграциялау процесін таңдаудың еріктілігін анықтау;

  • мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды интеграциялау арқылы қоғамға араласуға бейімдеге қоғамның дайындығына болжам жасау.

Соңғы жылдары АҚШ, Канада, Ұлыбритания елдерінде «интеграция» түсінігі әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы білім беруді қамтитын 1994 жылғы Саламанка қаласындағы қабылданған ЮНЕСКО Декларациясымен ауыстырылып жүр.
Мұндағы «білім алуға қосылу» түсінігінің өз алдына жеке қажеттіліктерді қанағаттандыратын оқыту формасы бар.
а) барлық бала баратын мектепте оқу;
б) өз құрдастарымен бір сыныпта отыру;
в) жеке, қажеттіліктің ерекшелігіне сай оқу жоспарларын игеру.
Ресейдегі интеграция проблемалары ХХ ғасырдың 1990-шы жылдарынан бастап әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігіне енгеннен кейін ғана қалыптаса бастады. Қазіргі уақытта ресейдегі арнаулы білім беру жүйесі үшін жалпы қабылданған нормалар мен мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өмір сүруін қамтамасыз етудегі әлемдік жүйенің моделі әліде болса мемлекеттік деңгейдегі дамуын жузеге асыру болып отыр. Оған себеп болып отырған факторлардың қатарын мыналар құрайды:

  • білім беру жүйесіндегі экономикалық деңгейдегі қолдаудың төмендеуі;

  • жалпы білім беру мазмұнындағы кадрлардың, адамгершілік рухани құндылықтардың, мазмұнды түрдегі ұйымдастыру жұмыстарының жұтаңдығы.

Жабық түрдегі арнаулы мекемелердың қызметі интеграция процесінің қарқынды дамуына қандайда болмасын кедергі жасап, оның қоғамдық және адамгершілік негіздерінің шарықтауына мүмкіндік бермей отыр. Қазіргі уақыттың өзінде жалпы білім беретін мектептерде қандайда болмасын дамуында ақаулығы бар балалар саны артып отыр. Мұны тәуелді түрдегі интеграция деп түсіндіріп, оның себептері мыналар деп білеміз:

  • арнаулы білім беру мекемелерінің шектеулілігі;

  • олардың бала отбасынан шалғай жерлерде орналасуы;

  • ата-аналардың баланы арнаулы білім мекемелеріне оқытуға рұқсат бермеуі;

  • жалпы білім беретін мектертердегі инфрақұрылымдарды құрудағы білім басқармаларының еріктілігі;

Қазіргі уақытта интеграциялы оқыту проблемасы өзінің тиімді және тиімсіз жақтарына байланысты дискуссияға салынып талқылану үстінде. Ерекше білімді қажет ететін балаладың қоғамнан оқшауланбауы әрине қуантарлық жағдай, бірақ жалпы білім беру мекемелерінде арнаулы интеграциялы оқытудың мүмкіндігі шектеулі жалпы білім беру мекемелері мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауға дайын ба, түрлі топтарға бөлінген балаларға психологиялық көмек көрсету мәселесі шешілген бе, жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайы оң жағынан шешіле ме, деген және т.б. сұрақтарды шешудегі нақты ізденіс пен оның шешімін табудағы ортақ пікірлер қажет болып отыр. Бұл жағдайда интеграциялы оқытуға ата-аналардың тарапынан да келісімнің болуы есепке алынады. Соңғы жылдары Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург және басқа да ірі қалаларында сенсорлық және физикалық дамуында кемшілігі бар балаларды жалпы білім беретін мектептерде практикалық түрде психологиялық-педагогикалық оқытудың жүйесі құрыла бастады. Интеграциялы оқытуды неқты түрде қарастыру үшін мына түрдегі сұрақтар төңірегінде қарастырамыз.
Кімді оқыту керек? Бұл сұрақ арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін мектептерде интеграциялы оқытудың жағымды жақтарын қарастыра аламыз.
Неге оқыту керек? Бұл сауал арқылы арнаулы білім беру жүйесіндегі интеграциялы оқытудың жағдайлары қарастырылады.
Қашан оқыту керек? Осы сауал бойынша интеграциялы оқытуды бастау мерзімі (мектеп жасына дейін, кіші мектеп жасынан бастап, жоғары сыныптан бастап) нақтыланады.
Кімдер оқытады? Мұндай сауал арқылы мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің кәсіби деңгейдегі дайындығы, арнаулы педпгогтар мен психологтардың атқаратын қызметі қандай болатындығы анықталады.
Қазірігі уақытта Ресейде интеграцияның интернальды және экстернальды формалары дамуда. Интернальды интеграция – арнаулы білім беру жүйесінің ішіндегі интеграция. Мысалы, нашар еститін балалар мен сөйлеу тілінде кемшілігі бар балалармен бір маман жұмыс жасай алады. Ресейлік тәжірибеде экстернальды интеграция арнаулы білім беру мен жалпы білім берудің өзара бірлігі арқылы құрылады.
Бекіту сұрақтары
1. Инклюзивтік оқытудың негізгі принципі
а) мектептер дамудың шарттарына қарамастан барлық балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс
б) қоғам бұл балаларды қабылдауы керек
в) ата-аналар өз балаларын арнайы мекемелерде оқытуы керек
г) арнайы қажеттері бар балалар өздері білім алуға талпынуы тиіс
д) балалардың қарым-қатынасы
2. Балаға әсер ететін негізгі ұстаздары
а) тәрбиешілер
б) педагогтар мен ата-аналар
в) ата-аналар мен жанұяның басқа мүшелері
г) қамқоршылары
д) ағасы
3. Жеке дара дамуына сәйкес әр балаға қандай сапалар тән:
а) әмбебап ерекшеліктері мен дамудың жылдамдығы
б) физикалық даму ерекшеліктері
в) психикалық даму ерекшеліктері
г) интеллектуалдық дамудың әмбебап ерекшеліктері
д) жеке дара мұқтаждықтары
4. .Инклюзивтік білім беру мекемелерінде көмек көрсетудің қандай формальды түрлері бар?
а) ата-аналар тарапынан
б) реабедлитациялық орталықтар тарапынан
в) жеке кәсіпкерлер тарапынан
г) арнайы білімі бар мұғалімдер мен ақпарат орталықтары тарапынан
д) тәрбиешілер тарапынан
5. Балалардың қандай қажеттіліктерін ескере отырып инклюзивтік оқыту құрылуы керек?
а) биологиялық
б) анатомо-физиологиялық
в) индивидуалдық- жеке даралық
г) топтық
д) барлық қажеттіліктерін




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет