Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



бет17/23
Дата23.12.2019
өлшемі0,55 Mb.
#54420
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
Сауат ашу әдістеме - копия





2-тапсырма. Портрет сөзін буынға бөледі.

П əрпінің баспа түрі жазылған плакат.

Үнтаспа.
М.Əлімбаевтың өлеңдер жинағы.

Əліппе-дəптер.


Есік суреті.


Əліппе-дəптер.

Дыбыстық талдау жасайды. П дыбысы естілген

буынды қайталап, санан анықтайды.

Көрпе сөзінің мағынасын түсінеді. Көрпе сөзін

буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.

Доп сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

Балалар П дыбысының дұрыс айтады. П дыбыс

кездесетін сөз ойлап айтады.

– Қонақ келгенде сенің көңіл күйің қандай болады?

Балалар көңіл күйлерін ым-ишарамен көрсетеді.

Кейбір балалар ортадағы əртүрлі көңіл күйдегі

смайликтарді өз көңіл күйіне қарай таңдап көрсетеді.

П – қатаң дауыссыз дыбыс.

3-тапсырма бойынша берілген сөйлемдерді дауыс

мəнеріне келтіріп оқиды, балалар бұл сөздерді қай

кезде айтатындарын болжап айтады. Мысалы:

Сау болыңыз! – қоштасқан кезде айтылады.

Жолыңыз болсын! – жол жүріп бара жатқан адамға

айтылатын сөз.

Қош келдіңіз! – келген қонақтарға айтылады.

Жоғары шығыңыз! – келген қонақтарға айтылады.

Төрлетіңіз! – келген қонақтарға, жасы үлкен

кісілерге айтылады.

(Ұ) Сергіту сəті.


Біз қандаймыз, қандаймыз.



Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Ренжісуді білмейміз.




4-тапсырма. Тыйым сөздерді оқып, тəрбиелік мəнін түсіндіреді.
Есікті қатты жаппа. Табалдырықты баспа. Босағаны керме.
Педагог табалдырық пен босағаны көрсетеді. Балалар есіктің П əрпіне ұқсайтын бөлігін көрсетеді.

5-тапсырма. П əрпімен таныс бол. П дыбысы еріннің бір-біріне нық тиіп, артынша кілт ашылуынан жасалатын шұғыл дауыссыз дыбыс.


М.Əлімбаевтың өлеңін оқып береді.
Балалар суреттегі үйдің қақпасына назар аударады.
Педагог қақпаның суретін бастыра көрсетіп П əрпінің баспаша түрімен таныстырады.

Балалар өз беттерінше П-ға ұқсас заттарды атайды П əрпінің баспа түрін екі жолға бастырып жазады.






IV. ҰОҚ-ның

қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин.

Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды.



Əліппе-дəптер.



35 ҰОҚ



ТАҚЫРЫБЫ: Бауырсақ пен құрт. Б дыбысы мен əрпі

Мектеп/МҰ:

Саны:

Педагогтің аты-жөні:

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағанд ар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

        1. Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

        2. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі

сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.



Күтілетін нəтиже







Барлық тəрбиеленушілер:

Сұрақтарға толық жауап береді.



Б дыбысы – дауыссыз дыбыс, б дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі б дыбысының орнын ажыратады.

Қолды үзбей сызуға жаттықтырады.



Көпшілік тəрбиеленушілер:

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратып, дыбыстық талдау жасай алады.



Б дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы б дыбысының орнын ажыратады.

Сұарққа жауап бере отырып, шағын əңгіме құрайды. Жазу жолына б əрпінің элементтерін жазады.

Ұлттық тағамдарды атайды.


Кейбір тəрбиеленушілер:

- Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.



Б дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады. Қазақтың дəстүрлері туралы айтады

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер :

  • Суреттегі заттардың аттарын атай алады, таниды;

  • Қол жаттығуына арналған тапсырмаларды орындай алады;

  • Ұлттық тағамдармен танысады.

  • Қазақтың дəстүрлері туралы біледі.


Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Бидай масағы

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Суреттен Б дыбысы естілетін зат атауларын ата. Қазан бетінен аспанға ұшып жатқан не?

Зат атауларын буынға бөліп, дыбыстық талдау жаса. Бауырсақты неден жəне қалай пісіреді?

Қай цифр Б-ға ұқсайды?




Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Дыбыстарды ажыратады.

Сөйлем түлерін қолданады. Қолды үзбей жазады. Сөйлем түрлерін ажыратып, сөйлемдегі сөздердің санын анықтап, сызба бойынша сөйлем құрайды.



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурст ар

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2 мин.

Оқу іс-əрекетіне балалардың назарын тарту үшін педагог жағымды атмосфера туғызады.

Тəрбиеленушілер өлеңді қимылмен, жақсы көңіл күймен 2-3

рет қайталайды.
Өсті ақыл, ойларың, Өсті, міне, бойларың.





II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

Иіліп сəлем береміз, Əдепті боп өсеміз. Жақсы сөздер айтамыз, Үлкендерді сыйлаймыз.
(Ұ) Педагог ортаға наубайшыны шақырады.

Наубайшы қолында табаққа салынған нан түрлері мен бауырсағын ала келеді?



Педагог: Наубайшы, сен ұннан неше түрлі тəтті тоқаш пен дəмді бауырсақтар пісіресің. Сол ұнның қайдан келетінін білесің бе?

Наубайшы: Жоқ, менде де осы ұнның қайдан келетінін білмеппін. Мүмкін балалар білер, солардан сұрап көрейікші.

Педагог: Сұрасақ сұрайық! Балалар, ұнның неден жасалатынын білесіңдер ме?

Балалар өз ойларын айтады.

Педагог слайд көрсете отырып, балалардың жауабын толықтырады.



Нан түрлері салынған ыдыс.



3–5 мин.






Слайд:


«Нанның дастарқанға келгенге дейінгі жолы.

ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.



(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс





1-тапсырма. Педагог «Бауырсақ пен құрт» туралы шағын

Əліппе-

дəптер.


ертегіні оқып береді. «Нан – қадірлі ас» деген ұғымды




түсінеді. Педагог балалардан ұлттық тағамдар жəне дəстүрлер туралы сұрайды.

Суреттер.

Педагог балалар жауабын толықтырады.
Балалар «Ас атасы – нан» мақалын естеріне сақтайды.

Дыбыстық сызба жазылған плакат.

Бауырсақ туралы ертегіні мазмұндайды.




Бауырсақ сөзін буынға бөледі. Осы сөзді қатыстырып, сөйлем




құрайды.




2-тапсырма. Суреттен Б дыбысы естілетін зат атауларын ата.

Бауырсақ суреті.

Сурет бойынша əңгіме құрайды.




Балалар суреттегі заттарды атайды.




Бауырсақ, табақ, бота, бұзау.

Масақтың суреті.

Қазаннан шыққан бу туралы балаларға педагог түсіндіреді.




Сол сияқты жаңбыр туралы айтып өтеді.




Заттардың атауларының астындағы дыбыстық сызбаға қарап,




сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.




Педагог балаларға сұрақ қойып, тапсырманы пысықтайды.







Қазан бетінен аспанға ұшып жатқан не?
Бауырсақ, бұзау, бота сөздеріне арналып сызылған төртбұрыштардың ішіне осы сөздерді дыбыстық белгілермен жазып көрсетеді.
Тамақ сөзіндегі м дыбысының орнына б дыбысын қойып,

табақ деген сөз шығатынын анықтайды.
3-тапсырма. Осы тапсырманы орындау арқылы бауырсақты неден жəне қалай пісіретіні туралы мəлімет алады. Масақ, ұн, нан сөздеріне дыбыстық талдау жүргізіледі.
Масақ сөзіне сөздік жұмыс жүргізіледі.
Масақ – астық дақылдарының дəнді басы.

Б – ұяң дауыссыз дыбыс.




(Ұ) Сергіту сəті.

Нан қоқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып, қастерлеп, Торғайларға тастаңдар.

Өлеңді қимылмен 2-3 рет қайталап, есте сақтайды.




4-тапсырма. Б əрпімен танысайық. Б дыбысын айтқанда еріннің бір-біріне əуелі нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болады.
Педагог тақтаға Б əрпінің баспа түрін іліп қояды. Балалар Б əрпіне ұқсас заттарды атайды.
Педагог атаған образдарды атайды.

Б əрпінің баспа жəне жазба түрі жазылған плакат.


6 цифры жазылған плакат.

Таяқшалар.

Ермексаз.






Ауада Б əрпінің баспа түрін жазады.


5-тапсырма.
Қай цифр Б-ға ұқсайды?
Тақтаға 1-ден 6-ға дейінгі цифрларды іліп қояды. Балалар тура жəне кері санайды. 5-тен кейін қандай цифр тұратынын табады.
Тақтадағы үзік сызықпен берілген 6 цифрын балалар бастырып салады.
6-тапсырма. Педагог балаларға таяқшалар беріп, б əрпін жасауды көрсетеді. Балалар қайталайды.
Ермексаздан педагог Г жəне о əрпілерін бейнелейді. Енді осы əріптердің көмегімен Б əрпін құрастырады.
Балалар берілген ермексаздан педагогтің көрсетуімен Б əрпін жасайды.

Жазу дəптеріне Б əрпінің баспа түрін жазады. Алдымен ауада жазып көрсетеді.






IV. ҰОҚ-ның

қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин.

Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды.


Əліппе- дəптер



36 ҰОҚ



ТАҚЫРЫБЫ: Қайшы неге ұқсайды? Х дыбысы мен əрпі.

Мектеп/МҰ:

Саны:

Педагогтің аты-жөні:

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандар

саны:

Қатыспа- ғандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.1.1. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.2.1.2. Суретті кітаптардан ақпаратты табу (сурет арқылы).

0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру жəне оқу.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.






Күтілетін




нəтиже

  • Барлық тəрбиеленушілер:

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.

Сөздегі дауысты, дауыссыз, дыбыстарды ажыратады.



Х дыбысы – қатаң дауыссыз екенін біледі. Х дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі х

дыбысының орнын ажыратады.





Көпшілік тəрбиеленушілер:

Сұраққа жауап бере отырып, суретті мазмұндайды. Берілген суретке қарап, сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады.

Сөздегі дыбыс санын, ондағы х дыбысының орнын ажыратады. Х дыбысына сөз ойлайды.

Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы, сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолданады. Х дыбысына сөз құрайды.

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне

төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.



Кейбір тəрбиеленушілер:

Сюжетті суреттен таныс ақпаратты табады. Тақырып аясында диалогке қатысады.

Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

Х дыбысының дауыссыз дыбыс екенін айтады. Х дыбысы қолданылған сөз табады.



Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

Сұрақтарға толдық жауап береді. Суреттер бойынша сөйлем құрастырады.

Х дыбысын таниды, дауысты дыбыс екенін біледі.

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазады.



Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Семсер, таспа.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Суретте не болып жатыр деп ойлайсың? Қандай дəстүрлерді білесің?

Буындарды қайталап айт.

«Қайшы» өлеңін мазмұнын айт.




Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Сөйлем дегеніміз не? Сөздерді буынға бөл. Сөздер қай дыбыстан басталып тұр? Дыбыстар қандай түстермен

белгіленеді? Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2мин.
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
3–5 мин.

Оқу қызметіне балалардың назарын тартып, педагог жағымды атмосфера құру үшін балаларды шеңберге тұрғызып, бір-бірлеріне жылы сөздер айтқызады.

(Ұ) Педагог балалардың назарын слайдтағы қазақтың дəстүрлері туралы суреттерге аударады.

Балалар өздеріне таныс дəстүрлер туралы əңгімелейді. Педагог балалардың əңгімесін толықтырады.

Салт-дəстүрлер бейнеленген слайдтар.



ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.



(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс







Əліппе-дəптер.

1-тапсырма




Суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар?

Тұсаукесер жібі, таспа.

Қандай дəстүрлерді көріп тұрсыңдар?




Педагог балаларға сюжетті суретті көрсетеді.




Тұсаукесер рəсімі туралы айтып береді.

Қайшының суреті.



Жаңа үй, жаңа жұмыс орнының ашылу салтанатында




қызыл таспаны қию туралы дəстүрді де айтады.



2-тапсырма бойынша мəтінді оқиды. Қайшының қандай






құрал екенін, оның қажеттілігін түсіндіреді.




Шаш кестіруге барғанда шаштараз шашты немен қияды?
Қайшы туралы сұраққа жауап береді. Педагог қайшының

Х əрпіне ұқсас салынған қайшының суреті.



ашық тұрғанда Х дыбысына ұқсас екенін түсіндіреді.







Музыка əуені.

3-тапсырма. Достардың көңілді күлкілерін салу: «Хи-хи!»,




«Хо-хо!», «Хи-хо-хи!» – деп күліп дыбыстайды.




Балалар Х дыбысын дұрыс айтуға жаттығады.




Х – қатаң дауыссыз дыбыс жəне ауа кедергіге ұшырайды.




4-тапсырма. «Қайшының əнін тыңдайды.




Педагог тақтадағы Х əрпінің бейнесіне ұқсас қайшының суретін іліп қояды

Хатқалтаның суреті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет