Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішіненбөлу жəне сөзсіз жекеайту.
Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты,дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрысдыбыстау.
0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым- қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану.
0.3.1.1 Сөз, сөйлем сызбасын құру, оларды үлгінің көмегімен жəне ұсынылған үлгілер негізінде жазу.
0.3.3.1 Жазу бетін бағдарлау, жазу жолын, жоларалық кеңістікті
ажырату, торкөз дəптерге кең сызықтар, əріп элементтерін жазу.
Күтілетіннəтиже
Барлықтəрбиеленушілер:
Сұрақтарға жауап беріп, əңгіме желісін құру. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады.
Ə дыбысы – дауысты дыбыс, жіңішке дауысты. Ə дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.
Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ə дыбысының орнын ажыратады.
Ə əрпінің баспа түрін жазады.
Сөйлем түрлерін ажыратып, соңына тыныс белгісін қояды.
Көпшілік тəрбиеленушілер:
Сұрақтарға жауап береді.
Берілген суретке қарап, сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін
(ажыратады.
Сөздегі дыбыс санын, ондағы ə дыбысының орнын ажыратады. Ə дыбысына сөз ойлайды.
Ə дыбысына (дауысты, жіңішке дауысты) сөз құрайды.
Жазу жолына ə əрпінің элементтерін жазады.
Кейбір тəрбиеленушілер:
Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.
Ə дыбысын қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырады.
Ə əрпінің элементін өз бетінше жазады.
Тілдік мақсат
Тəрбиеленушілер :
Суреттер бойынша сұрақтар құрастыру.
Сөйлем түрлерін ажырата отырып, сөздің санын анықтап, буынға бөлу. Сызбаға қарап сөйлем құру.
Негізгі терминдермен сөз тіркестері: ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:
Пікір алмасу:
Өлеңнен Ə дыбысы бар қандай сөздерді естідіңдер? Сөйлем соңына қандай тыныс белгісін қоясың?
Бұл сөздер кімге айтылады?
Жуан дыбыстармен жасалған сылдырмақ саған ұнай ма?
Өткен ҰОҚ-дан алған білім
Ə əрпімен танысып, сөздерден таныс əріптерді ажыратады. Сөздердге дыбыстық талдау жасайды. Сызба арқылы сөйлем құрайды.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жұмыс түрлері
Ресурстар
І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату. 0–2мин.
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин.
Педагог балаларды ортаға шаттық шеңберін құруға шақырады.
Қайырлы таң, балалар, Арайлап таң атты, Алтын сəуле таратты. Жарқырайды даламыз, Қайырлы таң, достарым!
(Ұ,Ө) Педагог балаларға бесік көрсетеді.
Бесік туралы əңгімелейді. Балалардың ең алғашқы тыңдаған əндерін «Бесік жыры» деп атайтынын түсіндіреді. Бесік туралы балалар өз ойларын айтады.
Қазақ үй электронды материалдан «Бесік жырын» тыңдайды.
Бесік суреті немесе слайд.
«Бесік жыры» жазылған үнтаспа.
ҰОҚ-ның ортасы
III. Тақырып бойынша жұмыс
6 – 27мин.
(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс 1-тапсырма
Педагог балаларға «Бесік жырын» айтып береді.
Балалардан өлең жолдарынан Ə дыбысы бар қандай сөздердіестідіңдер?
Ə дыбыс бар сөздерді айтып береді.
Ə – жіңішке дауысты дыбыс. Екі езу сəл кері тартылып, жымиып күлген кісінің кейпін көрсетеді, үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы а дыбысын айтқандағыдан гөрі жақынырақ қашықтықта сақталады, дауыс шымылдығы жабық болады, жұмсақ таңдай көтеріледі де мұрын ауа жолымен жабылып тұрады;
Дауысты дыбыстар қызылмен белгіленеді.
Əліппе-дəптер.
Суреттер.
Музыка.
2-тапсырма.
Педагог балаларға қазақ халқының бесікке салу, тұсау кесу сияқты дəстүрлері туралы айтып береді.
Бесікте ұйықтап жатқан жəне баланың тұсауын кесу рəсімінің суреттерін көрсетеді.
– «Тəй-тəй!», «Əлди-əлди!», «Қаз-қаз!» деген сөздерді кімге арналып айтылады?
Сəби ұйықтағанда айтылатын «Тыныш, шулама!» деген сөзді ым-ишарамен көрсетеді.
3-тапсырма. «Сəби ұйықтады» деген сөйлемін əртүрлі дауыс мəнерімен айтқызу. 1-сөйлемде хабарлы сөйлемнің мəнерімен, ал 2-сөйлемде лепті сөйлемнің дауыс мəнерімен айтқызады. Дəптерде берілген екі сөйлемнің соңына тыныс белгілерін қойдырту.
4-тапсырма
Педагог қысқа өлең шумақтарын оқып береді.
Тербеткен əже сəбиді, Естіледі əлди-əлдиі.
Педагог баланың арбасының сыртқы пішіні неге
Əліппе-дəптер.
Сылдырмақ.
Сылдырмақ құрастыруға арналған заттар.
Əліппе-дəптер.
ұқсайтынын сұрайды. Ə əрпінің баспа түрін көрсетеді. Балалар салыстырады.
Ауада Ə əрпін жазып көрсетеді.
Сəбидің арбасын Ə əрпіне ұқсатып салады жəне боятады
5-тапсырма. Педагог балаларға сылдырмақ ойыншығын көрсетеді. Баланың ең алғашқы ойыншығы, онымен жаңа туған нəрестені сылдырлаған дыбысы арқылы тыныштандыруға болатынын түсіндіреді.
Балалар сылдырмақ туралы білгендерін айтады. Педагог балаларға сылдырмақ жасау тəсілін көрсетеді. Балалар сəбиге арнап жіңішке дауысты дыбыстардан əдемі сылдырмақ құрастырады.
Балалар жазу жолына Ə əрпінің баспа түрін жазады.
IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия. 28-30 мин.
Педагог қорытынды жасайды.
Балаларды мадақтап, қай тапсырманы орындау қызықты болғанын сұрайды.
Қай тапсырманы орындау қызықты болды? (Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылыбағалайды.
Əліппе-дəптер
№ 33 ҰОҚ
ТАҚЫРЫБЫ: Жұмбақ айта білеміз. Ж дыбысы мен əрпі
Мектеп/МҰ:
Саны:
Педагогтің аты-жөні:
СЫНЫП-ТОП:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары
Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.
Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.
0.1.2.2 Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтару.
0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы
жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.
Күтілетін
нəтиже
Барлық тəрбиеленушілер:
Сұрақтарға толық жауап береді.
Ж дыбысы – дауыссыз дыбыс, ж дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.
Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ж дыбысының орнын ажыратады.
Қолды үзбей сызуға жаттықтырады.
Көпшілік тəрбиеленушілер:
Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратып, дыбыстық талдау жасай алады.
Ж дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ж
дыбысының орнын ажыратады.
Сұраққа жауап бере отырып, шағын əңгіме құрайды. Жазу жолына ж əрпінің элементтерін жазады.
Кейбір тəрбиеленушілер:
- Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.
Ж дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.
Тілдік мақсат
Тəрбиеленушілер :
суреттегі заттардың аттарын атай алады,таниды;
қол жаттығуына арналған тапсырмаларды орындайалады;
Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Кемпірқосақ.
ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:
Пікір алмасу сұрақтары.
Суреттерге қарап жұмбақ жауабын шешеді. Кемпірқосақтың түсі нешеу?
Сызбада кемпірқосақтың қай түсі белгіленген? Өзің қандай жұмбақ білесің?
Дыбыстарды ажыратады.
Өткен ҰОҚ алған
Сөйлем түлерін қолданады. Қолды үзбей жазады. Сөйлем
Оқу іс-əрекетіне балалардың назарын тарту үшін педагог жағымды атмосфера туғызады.
Тəрбиеленушілер өлеңді қимылмен, жақсы көңіл күймен 2-3 рет қайталайды.
Өсті ақыл, ойларың, Өсті, міне, бойларың. Иіліп сəлем береміз, Əдепті боп өсеміз.
0–2 мин.
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин.
Жақсы сөздер айтамыз, Үлкендерді сыйлаймыз.
(Ұ) Педагог «Əліппе пойызы» деген бейнетаспадан Ж дыбысы жайлы бөлігін көрсетеді.
Фильм əріптер мен дыбыстартуралы.
Дұрыс. Біз енді ұйымдастырылған оқу қызметінде Ж дыбысымен танысамыз.
Бейнетаспа.
ҰОҚ-ның ортасы
III.
Тақырып бойынша жұмыс
6 – 27мин.
(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс 1-тапсырма
Тыңда.
Педагог балаларға қысқаша жұмбақ туралы мəтінді оқып, оның қызықты болатыны туралы айтып береді.
Жұмбақ – адамның алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылысты тұспалдап сипаттайтын шағын тақпақ. Жұмбақ шешу өте қиында, қызықты.
Балаларға жұмбақ шешу үшін, ойлану керектігін, жұмбақтың əр сөзінен ұқсастық жауапты табу керегінтүсіндіреді.
2-тапсырма. Суреттерге назар сала отырып, педагогтің оқыған жұмбақтарын балалар шешеді.
Жұмбақтардың шешулері: жұлдыз, көжек, жапырақ.
Жұмбақтың шешуі болған сөздерді дауыстап айтқызып, осы сөздерде кездесетін Ж дыбысын бірнеше рет қайталатады.
Ж – ұяң дауыссыз дыбыс. «Ж» созылып, əндетіліп айтылмайды, ауыз қуысында кедергіге ұшырайды. Көк түсті дөңгелекпен белгіленеді.
3-тапсырма. Суреттен Ж дыбысы бар сөздері іздеп табады. (Кемпірқосақ,жапырақ).
– Кемпірқосақтың түсі нешеу? (Балалар кемпірқосақтың түсінің санынайтады).
Түстерін атай отырып, Ж дыбысы естілетін түсті табады
(жасыл).
Ж дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтірту. Балалар əр баланың айтқан сөзін буынға бөледі, дыбыстық талдау жасайды. Мысалы: жаң-ғақ. Ж дыбысы – ұяң дауыссыз дыбыс. Көк белгімен белгіленеді.
Сонымен қатар Ж əрпінің бейнесіне қарап, балалар өз ойларын айтады.
5-тапсырма
Сурет бойынша əңгіме құрастырады. Педагог əңгімелеп беріп, сұрақ қояды.
Жапырақтары жайылған шөптер мен гүлдер өсіп тұрады. Көбелек ұшып келеді. Шөптердің арасынан жылан жылжып барады. Балалар суреттегі көбелекті бояуға кіріседі.
Жазу жолдарына Ж əрпінің баспа түрін жазады. Алдымен ауада жазып көрсетеді.
Қызыл, көк дөңгелекшелер.
Баспа түрі жазылған плакат.
IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия. 28-30 мин.
Педагог қорытынды жасайды.
Балаларды мадақтап, қай тапсырманы орындау қызықты болғанын сұрайды.
Қай тапсырманы орындау қызықты болды?
(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылыбағалайды.
Əліппе-дəптер
№ 34 ҰОҚ
ТАҚЫРЫБЫ: Қонақ күту салтымыз. П дыбысы мен əрпі
Мектеп/МҰ:
Саны:
Педагогтің аты-жөні:
СЫНЫП-ТОП:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары
Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішіненбөлу жəне сөзсіз жекеайту.
Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты,дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрысдыбыстау.
0.2.2.1 Суретті кітаптардан ақпаратты табу (сурет арқылы)
0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру жəне оқу
0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.
Күтілетіннəтиже
Барлықтəрбиеленушілер:
Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. Сөздегі дауысты, дауыссыз, дыбыстарды ажыратады.
П дыбысы – қатаң дауыссыз дыбыс. П дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.
Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі п дыбысының орнын ажыратады.
Жазу жолына П əрпінің баспа түрін жазады.
Көпшіліктəрбиеленушілер:
Сұраққа жауап бере отырып, суретті мазмұндайды.
Берілген суретке қарап, сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады.
Сөздегі дыбыс санын, ондағы п дыбысының орнын ажыратады. П
дыбысына сөз ойлайды.
Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы, сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолданады.