Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет157/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
173
Екі  жігіт  іріп-шіріп,  матасы  мен  жүні  қолға  ілінбейтін 
көр пе ше лер ді жинап қапқа салып берді.
– Сен бəрін жазып шықтың ба көргеніңнің?
– Иə, жолдас майор, – деді кішкентайы.
–  Сендердің  аты-жөндерің  кім,  жаздырыңдар, – деді  екі 
жігітке.
– Шапанбаев Қайрат, Шалқарбаев Марат.
– Ағайындысыңдар ма?
– Жоқ, көршілерміз. 
– Осы үйде тұрасыңдар ма? – деп бастық енді жөн сұрады.
– Осы үйде тұрамыз. 
– Бəрің ана протоколға қол қойыңдар, көрдік деп, – деді 
бастық.
Бəрі қол қойып болғаннан кейін қаптағы дəлел заттарды 
есіктің алдында тұрған мəшинелеріне салып алды. 
– Енді өзіміз хабар береміз, алдымен бізге ха бар ла ған да-
ры ңыз ға рақмет, – деп бастық екі жігіттің қолын алды.
Содан  бері  Үлкен  үйдің  тұрғындары  милициядан  хабар 
кү тіп жүр екен.Тіпті Қарқаралының халқы құлақтанып қал-
ған ба, өткенде жұмыста біреулер Қайраттан шындығын сұ-
рап та қалды. Милиция кеткелі бері екі үйден ешкім отын қо-
ра ға аттап баспады. Қайрат балаларына оны ашпаңдар, деп 
кілтін Шолпанға тықтырып қойған.
– Милициядан хабар келмей, отынды онда кіргізбейік, өз-
де рі келіп сандықты алып кететін шығар, содан кейін барып 
пайдаланармыз, – деп келісті екі отағасы.
– Жеті нанды қашан саламыз, – деген Шолпанға:
–  Алдымен  анық-қанығын  біліп  алайық,  елді  шулатпай. 
Осы уақытқа дейін де құрансыз жатты ғой, енді бірер ай шы-
дар, – деп тоқтатты күйеуі.
Үлкен  үйде  отырған  екі  отбасы  мүшелері  ендігі  хабар-
ды  аудандық  милициядан  күтіп  отырғанда  Бұлбұл  шешесі 
мен апайын ертіп келіп қалды. Мараттан бар жайды естіген 
əйелдер өздерінің көрген-білгендерін айтып, Шолпанды ша-
қы рып алып құпияларымен бөлісіп түн ауа ұйқыға жатты. 


174


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет