Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет158/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
Ертесіне Марат «өткенде танысып қалған мойорға барып 
келейін, не хабар бар екен», – деп аудандық ішкі істер бө лі-
мі не кетті. 
–  Зерттеу  қорытындысы  келді.  Киімдерінің  үлгісіне  қа-
ра ған да  осы  ғасырдың  басында  өмір  сүрген  ер  кісі,  жасы 
қырықтар  шамасында,  сол  айбалтамен  өлтірілген.  Қа ра құ-
сы нан  тиген  соққыдан  бас  сүйегін  сынған  деп  анықталды. 
Қа зір біз сендердің үйлерің жайлы аудандық мұрағатқа сұ-
рау  салдық.  Содан  жауап  келгеннен  кейін  осындағы  жасы 
үл кен екі-үш қарияның басын қосып бала кездерінде естіген, 
көр ген-білгендерін  сұрамақпыз, – деп  жағдайды  түсіндірді 
бастық. 
– Сүйекті не істейсіздер?
–  Əзірге  біздің  қоймада  тұр.  Бəрі  анықталғаннан  кейін 
сендерге береміз, өздерің жерлеңдер, – деп тап бір туыс қа-
ны ның сүйегін тауып бергендей маңғазданып отыр. 
– Ал, жақсы. Хабарды тағы сіздерден күтеміз, – деп Ма-
рат үйіне қайтты.
Қайтып келе жатып атасының үйіне соқты. Есік алдын-
да атасы мен əжесі күншуақтап отыр екен. Қақпадан кір ген 
жігітке күн салып қарады, атасы қарлығыңқы дауыспен 
– Маратпысың? – деді.
– Иə, ата. Қалайсыздар? – деп екі қолын беріп аман дас-
ты, да əжесінің бетінен сүйді. Жасында сөзге жоқ Науат бұл 
күнде тіпті үндемей қалған. Арқасын сəкіге сүйеп шал қа йып 
отыр. 
– Қайдан жүрсің? – деді атасы.
– Мілисадан келем, өткендегі жағдайды білейін деп...
– Е, не болды аяғы, – деп атасы құлағының тұсына қо лын 
қойып, жақындап отырды.
Марат дауысын көтеріңкіреп бағанағы естігендерін баян-
дап берді. Науаттың сөзбен ісі жоқ, мүлгіп отыр. Осы отыры-
сында не тірі екені, не өлі екені белгісіз. Жасы жетпіске енді 
келсе де қалжырап қалған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет