Сәуле Досжан
175
– Əй, ол онда баяғы Акметовтың жалғыз ұлы шығар, за-
манында сол жоғалып кетіпті, үйінің астында тыққан алты-
ны көп деуші еді үлкендер. Сендер ештеңе байқамадыңдар
ма? Алтынын Қайрат екеуің бөлісіп алған шығарсыңдар, –
деп сөзінің аяғын əзілге айналдырып күлді қарт.
– Ата, үйге Бұлбұлдың мамасы пен апайы келіп еді, ертең
келіп тамақ ішіп кетсеңіздерші, – деді.
– А, құдағилар келді де, жақсы болды ғой, барып сырла-
сып қайтайық, – деп қуанып қалды. Бір кезде маңызды əң гі-
ме айтатындай қайтадан басын жақындатып,
– Марат, сен осы Мəріпбек шалды танушы ма едің? – деп
көзін сығырайтып сұрады.
– Естуім бар, бірақ көрген емеспін.
– Сен соны Қайраттан сұра, білсе сол біледі, ол оның əке-
сі мен қатар үйездің қызметін атқарған. Ертең соны тауып
ала келсін. Кемпірі өлген. Немере балаларының қолында деп
естігем. Сенің үйіңнің тариқын бір білсе, сол біледі, – деп
жол сілтегендей болды.
Ертесіне Мараттың үйіне Қайрат Мəріпбек ақсақалды
тауып алып келді. Шалқарбай замандасы мен құдағиын кө-
ріп қуанып қалды. Қарттар өткен-кеткенді еске алысып, ұзақ
əңгімелесті. Сонау фин соғысынан, одан керман со ғы сы нан
аман-есен келіп, ел басқарған ғасыр жасап отырған Мə ріп-
бек шалдың жадының мықтылығына жастар қайран қа лыс-
ты. Қайраттың əкесі Өсер мен Раушанның туған жылдарына
дейін шамалап, Шапанбай шалдың өзінен тарқатып бі раз
тарих айтып берді. Қайраттың əжесі Əсиқа мен өзінің əйе-
лі екеуі арғынның ішінде бəсенти деген руынан тарайтынын
еске алды. Қайраттың нағашыларының шыққан тегінен де
түк қалдырмады.
Үлкен Үйдің тарихынан да хабардар болып шықты, оны
айтуынша:
Үйді салдырған Акметов деген саудагер татар. Одан
қал ған Арслан деген жалғыз ұлының перзент көрмей жү-
176
Достарыңызбен бөлісу: |