Қимылдық ойын: «Таяқшадан аттап өт», «Қуаласпақ»
Мақсаты: Жылдамдыққа , ептілікке баулу.
Еңбек: Гүл шоғы.
Мақсаты: Алаңдағы жапырақтарды жинап , олардан әдемі гүл шоғын жасау.
«Жануардың дауысын сал»
Мақсаты: дыбыстық жаттығулар арқылы, әріптерді дұрыс айтуға машықтандыру.
|
№ 22
Көгершінді бақылау.
Мақсаты: Балаларға көгершінің немен қоректенетіні, қайда мекендейтіні , тұмсығы дене пішіні түсі, қалай дыбыстайтынын үйретіп , оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көркем әдебиет Жылы жаққа ұшпайтын
Біздің жақта қыстайтын
Құстар жүрсе жуықта,
Жем шашуды ұмытпа!
Мақсаты: Балаларға тақпақ жаттата отырып , есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ойын: «Шымшық доп».
Мақсаты: Допты қатты тебуге, оны ұстап алуға үйрету.Ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу.
|
Серуеннен оралу
|
Балалардың реттілікпен шешінуі.
|
Бір біріне шешінуге көмектесу.
|
Киімдерін жинау. Сөрелерін ретке келтіру.
|
Киімді ұқыпты шешіп,бүктеп қою керектігін үйрету.
|
|
Түскі ас
|
Гигеналық шараларды орындау (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)
Ас алдында айтылатын тақпақ:
Ас дегенде отырып,
Тәрбиешіні тыңдаймыз.
Тамақ ішіп болған соң,
Орнымызды жинаймыз.
|
Кезекшілердің жұмысы
(асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою)
«Кезекші»
Біз кезекші боламыз
Айтқан тілді аламыз,
Ыдыстарды қойған соң,
Тамақ ішіп аламыз.
|
Гигиеналық шаралар (қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу.
«Қол жуу»
Қатар-қатар тұрамыз,
Қолымызды жуамыз.
Қолымызды жуған соң,
Тамақ ішіп аламыз.
|
Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану,сөйлеспеу, алғыс айту)
|
Достарыңызбен бөлісу: |