Балалардың дербес іс-әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа іс-әрекеттер)
|
«Сақинаны кигізу» үстел-үсті ойыны
Мақсаты: сақиналарды тұғырға кигізу арқылы саусақ қимылын, көзбен бағдарлай алуын дамыту.
|
Сөйлеуді дамыту «Қуыршақ Әйгерім мен Динара балаларда қонақта»
Ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтардың аттарын атай білуге, оларды сипаттап айтуға үйрету, (ы-і) дыбысын қайталату, дұрыс айтылуын жаттықтыру.
|
Сурет салу
«Сылдырмақ»
Балалардың ойыншықтар жайлы түсініктерін кеңейту. Сылдырмақ жайында әңгімелету, тақпақтар айтқызу арқылы сөздік қорын байыту.
|
Сенсорика, құрастыру
«Құлыншақтың жолы»
Мақсаты: Балаларға құлыншақтың жолын жасау үшін, берілген 4 түстен: қызыл, көк түсті тауып алуға үйрету.
Үстел үсті ойыны «Текшелер»
Мақсаты: өз ойын текшелер арқылы бейнелей алуға үйрету
|