БҮЙРЕК ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ СИНДРОМЫ
Бүйрек жетіспеушілігі
– бүйректің қызметінің бұзылуынан азотемияның дамуы.
Анық айтқанда – қышқылдық-сілтілік тепе-теңдіктің, су электролиттік тепе-теңдігінің
бұзылуынан анемияның, остеопатияның, артериялық гипертензияның, иммундық
жетіспеушіліктің дамуын айтады. Бүйректің қызметінің жетіспеушілігінен
метаболиттердің шығарылуы бұзылады.
Бүйрек жетіспеушілігі жедел және созылмалы болып, 2 үлкен топқа бөлінеді.
Жедел
бүйрек жетіспеушілігі синдромы,
бүйректің қызметінің кенеттен тоқтап қалған кезінде
дамиды да, олигоанурия пайда болады. Диурездің мөлшері 1 кг дене салмағына 10-15 мл-
ден азайып кетеді (тәулігіне 300-ден төмен). Қан сарысуында мочевина 16,7
ммоль/литрден арытады. Пайда болу себебіне байланысты преренальдық, ренальдық,
постренальдық болып бөлінеді.
Олигоануриялық кезеңде диурез тез азайып (тәулігіне 60—100 мл), салыстырмалы
тығыздығы төмендеп (1012) кетеді. Бұл кезең 8-10 күнге, кейде 28 күнге дейін созылады.
Ауруларда жалпы әлсіздік байқалады. Гиперазотемияның өсуінен ацидоз, су-электролиттік
бұзылыстан анорексия, құсу, жүрек айну пайда болады. Осы кезде су ішуді тыймаса, беті
ісініп, ұйқышылдық пайда болып, тері бозарады, кейде тері қышиды. Қан-тамырлардың
сынғыштығынан, қанталаулар пайда болады. Ас қорыту жолындағы кілегей қабат өзгеріп,
қан кетуі мүмкін, кейде іші кеуіп, ауырады.
Жүрек-тамыр жүйесінде тахикардия, экстрасистолия, қан қысымы қалыпты немесе
төмендеуі мүмкін. Кейде сирек жағдайда көтерілуі мүмкін. Бұл тұзды көп қабылдағанда
байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |