Еркін тамақтандырғанда баланы жиі, белгілеген күн тәртібісіз, түнгі үзіліссіз (түнде
пролактин күндізгіден артық түзіледі), ұзақтығын өзінің қалауы бойынша емізілуі керек.
Туылғаннан кейінгі алғашқы аптада 24 сағат бойы сәбиді 8-12 рет емізу керек. Жиі емізіп,
емшекті толық босату, сүттің тез және көп сәбидің қанағаттандыра
алатын мөлшерде
түзілуіне ықпал етеді.
Егер сәби емшектен әртүрлі себептермен сүтті аз емсе, онда тағы да артынан сүтті
сауып беру керек (дұрысы қасықпен берген). Емген сүттің мөлшері әртүрлі болады.
Алғашқы күндері нәресте 1-12 мл-дей сүт емсе, 3-4 күндері – 40-50 мл, ол аптаның
аяғында 70-80 мл-ге
жетеді.
10-шы күндерден бастап тиісті сүт барлық нәрестелік кезенде сондай мөлшерде
қалады. Мөлшері дене салмағының 1/5 бөлігін құрайды да, барлық нәрестелік
кезенде
сондай
мөлшерде қалады.
Достарыңызбен бөлісу: